Сөздердің байланысу түрлері. Қабысу

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімдік жоспар

Сыныбы: 7 «А»

Пәні : Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Әлшері Айнұр Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері. Қабысу. Сабақтың мақсаты: Қабысудың орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысатын сөз тіркесі болатынын меңгереді.Қабыса байланысқан сөздердің арасына сөз енбейтіндігін және олардың орын тәртібін бұзуға да, өзгертіп алмастыруға болмайтынын ұғынады. Сабақтың нәтижесі: Қабыса байланысқан сөз тіркесін сөйлем ішінен таба біледі. Басыңқы, бағыныңқы сыңарын талдай алады.Басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болатынына қарай есімді, етістікті қабысу болатынын салыстыра түсінеді. Балалар бір-бірімен жұптасып жұмыс істей отырып өздерін реттей алады.Жұпта қажетті іс-қимылға шешім қабылдап, өз пікірлерін білдіре алады. Сабақтың түйінді идеялары: Оқушылардың сабақты өз бетінше меңгеруі, жұпта бірлесе жұмыс жасауы, бірін-бірі үйретуге машықтану, сыни ойлануға дағдылану Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Өз жұбынды тап», «Миға шабуыл», «Кафель» әдісі, «Білімнің шыңы» ойыны, Рефлексия «Жұлдызың жарқырасын. Не ұнады? Ұсынысым?» Бағалау: Өзара бағалау. Жиынтық бағалау. Қолданылатын ресурстар: Қазақ тілі 7-сынып оқулығы, көркем әдебиеттер, дидактикалық материалдар, маркер, стикер, плакат

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

8 мин

Ұйымдастыру. «Мен ғажайыппын» жағымды ахуал қалыптастыру

«Өз жұбыңды тап» әдісі бойынша жұбын табады, ережесін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру

255-жаттығу «Әлемде талай қызық бар» тақырыбында әңгіме жазу

Оқушылар өздерінің ғажайып мінезіне тіркес құрайды, Қима қаздар таңдату арқылы жұпқа бөлінеді.

«Әлемде талай қызық бар» тақырыбында жазған әңгімені жұптан біреуі оқиды.

Таныс

тыры

лым

5 мин

Оқу тапсырмалары:

Суретке есімді, етістікті тіркес құрау

1.Сөздердің байланысу тәсілдерін атаңдар?

2.Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін атап,мысалдар келтіру

Жұпта талдап, бір оқушы жауап береді

Негізгі бөлім

25 мин

Сөздердің байланысу түрлері туралы теориялық білімдерін «Кафель» әдісі арқылы түсіндіреді

1-жұп: Қабысу

2-жұп: Байланысу тәсілдері

3-жұп: Қабысудың өзіндік белгілері

4- жұп: Орын тәртібі арқылы байланысады

5- жұп: Пысықталатын мүшелермен қабыса байланысады

6- жұп: Күрделі сөйлем мүшелерінің компоненттерімен

7- жұп: Сөз таптарымен

8- жұп: Сөз таптарымен

9- жұп: Қабыса байланысқан есімді тіркес, етістікті тіркес

Дәптермен жұмыс

256-жаттығу

Берілген сөйлемдердегі қабыса байланысқан тіркестерді теріп жазыңдар

257-жаттығу

Қабыса байланысқан тіркестерді көшіріп жазыңдар

Lesson Study-ді жоспарлау. Кейс-стади жүргізу үшін оқу үлгірім деңгейі әр түрлі анықталған 3 оқушыға арнайы тапсырма беру.

Оқушылар берілген тапсырмаларды жұпта талдап, бір оқушы қорғайды, тыңдайды. Әр жұп басқа жұптың жұмысын бағалау критерийі бойынша бағалайды. Бағалау көрсеткіші түсіндіріліп, бағаланады. Сіздерге түсіндірген көшбасшылардан не білгендеріңізді стикерге жазып бағалайды.

А-үлгірімі жақсы-Гүлсанаға. Түскі астан кейін Кенжеғара Қарағанды-Айбұрат жолымен балаларды серуенге алып шықты. (синтаксистік талдау), В-үлгірімі орташа-Сабинаға Шаяхметтің өре қамшысы аттарға тимейді, анда-санда жоғарыда ысқырынып, сарт етіп қалады. (қабысуды табу) (С-үлгірімі нашар - Әлімханға: әдемі..., кірпіш..., оқыған..., тарс-тұрс..., жазылған...(бас. сыңарын тауып, талдау)

Дұрыс жауап қол шапалағы арқылы бағаланады.

Қоры

тынды

5 мин

«Білімнің шыңы» ойыны

Жуан, жіңішке сұрақтар беріледі.

Рефлексия «Жұлдызың жарқырасын» Не ұнады? Ұсынысым?

Қабысуға мысал келтіреді.

Жуан, жіңішке сұрақтар жауап береді.

Бүгінгі сабаққа рефлексия жазады

Үйге

260-жаттығу

«Ел ордасы - жас Астана» тақырыбында шағын шығарма жазу .

Ережелерді қайталау

Күнделікке жазып алады.



© 2010-2022