Орыс тілі сабағындатақырыбы бойынша сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Орыс тілі сабағы.

Мақсаты:

-жұппен,топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;

-сөздік жұмыс,мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін

қалыптастыру;

-пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта,доп,дидактикалық материал,фломастер,бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер:жұппен жұмыс,сұрақ-жауап,видео көру,тестпен жұмыс,суретпен жұмыс,тірек сызбамен жұмыс,синквейн құрастыру.

Барысы.


Кезең.

Мұғалім мен оқушылардың әрекеті.

1.Психологиялық

дайындық.

«Жақсы тілек»

Балалар шеңберге тұрып,допты лақтырып,бір-біріне жақсы тілектер айтады.

2.Дыбыстық

жаттығу.

Балалар сурет арқылы сөздерді айтады және қазақ тілінің тән дыбыстарын сипаттайды (дәптер, оқулық, күнделік, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қоңырау суреттері)

Содан кейін бір оқушы сөздерді айтып,қалғандар хормен қайталайды.

3.Үй жұмысын

тексеру.

1 топ-тіл туралы өлеңдер айтады.

2 топ-қазақ тілі сабағы туралы диалог құрастырады

3 топ-тірек сызба бойынша қазақ тілі туралы әңгіме айтып береді.

4.Видео көру.

Мультфильм көріп,балалармен ойласу.

5.Сабақтың

тақырыбымен

танысу.

Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді.

1.Сендер мектепте қандай пәндерді үйренесіңдер?

2.Бүгін сендерде неше сабақ?

3.Олар қандай?

4.Сендер қандай пәндерді ұнатасыңдар?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Орыс тілі сабағы.

6.Сабақтың

мақсаттарын

қою.

Оқушылар өз бетінше тірек сөздер көмегімен мақсаттарды қояды.

танысамыз

Бүгінгі сабақта біз..............................құрастырамыз

қоямыз

жауап береміз

аударамыз

Керекті сөздер: жаңа сөздермен,диалог,мәтін,сұрақ,сұрақтарға.

7.Сөздік жұмыс.

Берілген мәтінді оқып белгілерді қоямыз.Мына таблицаны толтырамыз.

Білемін

Білмеймін

Белгісіз

Қазір таныс емес сөздерді сөздікке жазамыз және аударамыз.

О-С

О1-О2

Сөз тіркесін құрастыру.

8.Топпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс топпен орындаймыз.

1 топ-мәтінді оқып,аударады.

2 топ-диалог құрастырады.

3 топ-мәтін бойынша кластер жасайды.

9.Сергіту сәті өткі

зу.

Енді демалайық.Музыкалық сергіту сәті өткіземіз.

10.Грамматикалық

тақырыппен

жұмыс.

Қазір қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

1)Бұл сұраққа қандай сөз табы жауап береді?

2)Етістік дегеніміз не?

3)Етістіктің шақтары қандай болады?

Енді ауыспалы осы шақтың жасалуын қайталаймыз.

11.Бекіту.

Дәптерге жұмыс жасаймыз.

Керекті жұрнақ пен жалғауды қоямыз.

Біз үйрен...Сен ойла...Сіз ұнат...Олар....Ол жатта....Мен жаз...Сендер жауап бер...Сіздер шығ...

Ал енді бір-бірімен айырбастаймыз,тексереміз және бағаларды қоямыз.

12.Тестпен жұмыс

орындау.

Тестпен сұрақтарына жауап береміз.

1.Орыс тілі сабағында не істейді?

а)есеп шығарады ә)футбол ойнайды б)фонетикалық талдау г)ән айтады

2.Орыс тілі сабағы аптасына неше рет болады?

а)төрт ә)бес б)алты г)үш

3.Орыс тілі сабағы нешінші қабатта өтеді?

а)екінші ә)бірінші б)үшінші г)төртінші

4.Керекті жалғауды қойып жаз. Сендер ойнай.....

а)мыз ә)сыздар б)сыңдар г)ды

5.Сөйлемде етістікті тап. Ұстаз балаларға сұрақ қойды.

а)балаларға ә)ұстаз б)сұрақ г)қойды

Өзін-өзі бағалаймыз.

13.Қорытынды.

Балалар мұғалім сұрақтарына жауап береді.

1.Бүгін біз не туралы сөйлестік?

2.Қандай сөздермен таныстық?

3.Қандай жұмыс орындадық?

14.Рефлексия.

Сабақ сөзіне синквейн құрастырамыз.

1.Зат есім.

2.Екі сын есім.

3.Үш етістік.

4.Төрт сөзден тұратын сөйлем.

5.Синоним.

15.Бағалау.

16.Үйге тапсырма

беру.

Жаңа сөздерді жаттап алу,орыс тілі туралы шағын шығарма жазу.



© 2010-2022