Екі дос ашық сабақ жоспары ( 6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Енсебаева Г.Т.

Сабақ тақырыбы: « Екі дос»

Сабақтың мақсаты: тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой-өрістерін кеңейту.

  3. Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқушыларды достасуға, құрдастарын қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы .

Сабақтың әдісі: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен «Сен маған, мен саған ойынын» өткізу, өзін-өзі тексеру, бірін-бірі тексеру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, мәтіндер.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Cәлеметсіздер ме, балалар?

-Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.

Қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де "Сіз",

Кішіге де "Сіз".

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Сабағымызды бастамай тұрып, сабақ ережесін еске түсірейік!

- Үй жұмысын тексеру( Ыстық орындық тәсілі арқылы тексеру).

«Екі дос » видеоролигі арқылы жаңа сабақ тақырыбына шығу.

  • Балалар, видеороликте кімдер бейнеленген?

  • Олар не істеп отыр?

  • Олар бір - біріне кім болып келеді?

  • Неліктен солай ойлайсыңдар?

- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс, «Екі дос» және «нақ осы шақ, келер шақ».

Қазір, балалар сабақты бастамай тұрып, бүгінгі «Екі дос» сабағы туралы қандай деңгейде ақпарат білетіндіктеріңді біліп алайық. Ол үшін « Бәйтерек» ағашына өзіміздің біліміміздің деңгейін көрсетейік.

II. Сабақтың барасы:

1 кезең. «Ғажайып сөздер» мақал - мәтелдермен танысу, аудармасын түсіну.

2 кезең. Сөздікпен жұмыс. Алдымен сөздікті өзім мәнерлеп оқып шығамын, ал балалар мұқият тыңдап, хормен қайталайды.

132б сөздік

- Жаңа сөздерді бекіту мақсатымен жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

3 кезең. Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтінмен жұмыс істеу үшін алдымен не істеуіміз керек? Дұрыс, алдымен мәтінді іштей оқимыз.

Екі дос

4 кезең. -Енді, балалар, «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы мәтінмен жұмыс жасаймыз. 132 бет, 4 - тапсырма.

Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді іштей оқып шығып бір\ бір сұрақ параққа жазады. Әр топтың сұрақтары сандықшыларға жиналып, ауыстырылады. Ол сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап береді.

- Осы жұмыс арқылы нені білдік? Неге үйрендік?

5 кезең. Сергіту сәті.

132 бет, 5- тапсырма Берілген мәтінге қарап, шағын шығарма жазыңдар.(дәптермен жұмыс).


  • Осы жұмыс арқылы нені білдік? Неге үйрендік?

6 кезең. Интербелсенді тақтадағы керекті сөздерді пайдаланып сөйлемдерді жалғастырыңдар. Флипчарт 4

1.

.

- Осы жұмыс арқылы нені үйрендік?

- Осы жұмысты не үшін, не мақсатпен орындадық?

7 кезең. Рефлексия. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. «Дос» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

8 кезең. ВЕНН диаграммасын құру

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың мақсатына жеттік пе?

9 кезең. Үй жұмысы:

3 деңгей : 131 бет Сөздік

2 деңгей:130 бет. Мақал - мәтелдерді жаттау

1 деңгей: 132 бет. Диалог айту

10 кезең. Бағалау. Оқушылар өздерінің бағалау парағы арқылы бағаланады.

Енді, балалар сабақтың аяғында, бүгінгі «Екі дос» сабағы туралы қандай деңгейде ақпарат білетіндіктеріңді біліп алайық. Ол үшін « Бәйтерек» ағашына өзіміздің біліміміздің деңгейін көрсетеміз.

11 кезең. Тілек айту.

Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.

Бақыт менде, бақыт сенде, бақыт барлық жерде.

Махаббат менде, махаббат сенде, махаббат барлық жерде.

Мир в тебе, мир во мне, мир везде.

Счастье в тебе, счастье во мне, счастье везде.

Любовь в тебе, любовь во мне, любовь везде.


© 2010-2022