Қазақ тілі Тәуелсіздік толғауы

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы : Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік

толғауы»

Сабақтың мақсаты : «Тәуелсіздік толғауы» туындаған Уақыт пен Кеңістіктің қазіргі сипатын білгізе отырып, оқушылардың «Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу және Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ойқорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу. Сөз иесі - Елбасының шешендік толғамын пайымдап, шешеннің Тұлғалық бейнесін тану. Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : «Тәуелсіздік толғауында» қамтылған нысандардың жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін жалпылау ойлау әдісі; халқымыздың ұлы көшінде жасаған тарихи іс-әрекеттерінің маңыздылығын тануға көмектесетін тарихи таным әдісі; жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін жинақтау әдісі, ойқорыту әдісі т.б.

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Б) Сабақты өткізу әдісі:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол «Тәуелсіздік толғауындағы» маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау - қазіргі таңда Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын саналы дамытуды және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау «Толғау» мәтінінің мазмұнын есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың бұрынғы қалыптасқан бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация дағдыларына сүйенеді.

Сыни тұрғыдан ойлау барысында оқушылар «Тәуелсіздік Толғауын» оқиды, ол туралы айтылған деректермен ақпарат көздерінен танысады,түрлі ақпарат көздерінен алынған дәлелдер арасындағы байланысты табады, әртүрлі пікірлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасайды, жинақталған ақпараттардың өзектілігін, маңыздылығын анықтайды. Дәлелдерді негіз етіп алынған болжамдарды, ұстанымдарды айқындайды.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайқты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады.

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құралды. Ол біздің өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орынымен, ұланғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.

Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат - халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған санқырлы мәдениеті бар екендігіне де тоқталып өтті.

- Оның ғылымға, инновациялар мен прогресске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мәдениеті бар. Ал Мәңгілі Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көкбайрағын нық ұстаймыз. Оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл - біздің мәңгілік ұстанымымыз! - деді Елбасы.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?

  2. Неше баптан тұрады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» ойтолғау жазу.


© 2010-2022