Коучинг Дарынды балалрмен жұмыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Коучинг сaбaғы туpaлы жaзбaлap

11 сәуір 2014 жыл

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты,

Өскемен қаласы


Коучинг тaқыpыбы: «Дарынды, талантты оқушыларды оқытуда

интербелсенді әдіс -тәсілдерді тиімді қолдануға ықпал ету»


1-бөлiм: Тaқыpыпты негiздеу

Коучингтің мақсаты әріптестерге сабақ үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуге үйрету. «Талант», «қабілет», «дарындылық» ұғымдарын түйінді тақырып ретінде ала отырып, жоспарланған коучинг кезеңдерінде бірнеше әдіс-тәсілдерді әріптестерге ұсынып, бұл тәсілдердің нақты анықтамасын, атауын бере отырып, практикада қолданылуын бақыладық.

Коучингке бақылаушы ретінде ұстаздар ұжымы толық қатысты, олардың арасынан кездейсоқ теру әдісімен 12 әріптес коучингтің жоспарланған кезеңдеріне тікелей қатысуға қамтылды.

2-бөлiм: Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлaу

Коучингтің ұйымдастыру сәтінде қатысушы 12 әріптеске суреттер жасырылған парақтар таратылды, қатысушылар арасынан актерлық қабілеті бар 3 адам өз қолындағы суретті ыммен, мимикамен, дыбыссыз жеткізіп, өз тобын құрды. Суреттерде көбелек, кенгуру, жылан бейнеленген. Топқа бөлудің бұл түрінің мақсаты: қатысушылар арасынан актерлік қабілеттері бар қатысушыны анықтау.

Сабақтың «Қызығушылықты ояту» сатысына 3 топқа логикалық бағыттағы тапсырма берілді және белгіленген уақытта әр топтың ұшқыр ойлы қатысушылары анықталды.

«Мағынаны тани білу» сатысына 3 топқа тапсырмалар беріліп, ол тапсырмаларды орындаудың әдіс-тәсілдерді ұсынылды:


Тапсырма тақырыбы

Қолданылатын әдіс-тәсіл


І топ

Талантты және дарынды оқушы

Кластер

Кластер- идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланысты анықтауға арналған жазба кестелер.

ІІ топ

Лицейде талантты және дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастырудың жобасы.

Топтық зерттеу

Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс/жоба) - оқушылардың бірлесе отырып белгілі проблеманы графикалық түрде шешу әдісі.

ІІІ топ

Дарынды талантты балаларды дамуына ортаның әсері

Эссе

Эссе- оқушының сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі

Коучингтің бұл кезеңінде қатысушылар тапсырмаларды белсенділікпен және шығармашылықпен орындады.



Коучинг Дарынды балалрмен жұмысКоучинг Дарынды балалрмен жұмысКоучинг Дарынды балалрмен жұмыс

Суретте: кластер, топтық зерттеу жобасы және эссе

Келесі кезеңге өтпес бұрын сергіту сәті ұсынылды. (жалпыға белгілі бір шумақ өлеңді («Қызыл өрік») әр түрлі жанрда (рэп, опера, халық әні мақамында) орындау)

Қатысушыларға 2 бейнекөрініс ұсынылды, соңынан бүл көріністердегі балалардың таланты мен дарындылығы туралы ой-пікір алмасу жүргізілді. Бұл ретте диалогтық оқытудың әңгіме-дебат түрі көрініс тапты.

Коучинг Дарынды балалрмен жұмыс Коучинг Дарынды балалрмен жұмыс

«Ой толғаныс» кезеңіне қатысушыларға «Бес тармақ» құрастыру ұсынылды.

«Бес тармақ» (Синквейн) - ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Ой қорытындылау үшін барлығы 11 сөз қолдану керек.

1-тармақ 1 зат есім

2-тармақ 2 сын есім

3-тармақ 3 етістік

4-тармақ негізгі сөзді бағалайтын кез-келген сөз табынан тұратын 4 сөз.

5-тармақ негізгі сөздің синонимі болатын тағы да бір сөзден тұрады

Әр топ өздерінің құрастырған синквейндерін аудиторияға оқып берді.

Коучинг Дарынды балалрмен жұмыс Коучинг Дарынды балалрмен жұмыс Коучинг Дарынды балалрмен жұмыс

Суретте: коучингтегі топтық жұмыс сәттері

Коучингті қорытындылай келе қатысушыларға «Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары» (А. Әлімов) ресурсы таратылды. Кері байланыс ретінде БББ (Білемін. Білдім. Білгім келеді) тәсілі ұсынылып, топтардың кері байланыстағы пікірлері талқыға салынды.

3-бөлiм: Бaғдapлaмaның идеялapынa қaтысты мұғaлiмдеpдi оқытуды бaғaлaу

Коучингті жоспарлау, әзірлемесін құрылымдау барысында түрлі идеялар қарастырылды. «Дарындылық», «қабілет» және «талант» ұғымдарын түйінді тақырып ретінде алып, әріптестерге оқушыларды сыни ойлауға үйрететін интербелсенді әдіс-тәсілдер ұсынылды және әрбір әрекеттен соң кері байланыс жасалынуы басты назарда ұсталынды. Ұсынылған әдіс-тәсілдердің аталуы мен мағынасы ресурс ретінде таратылды.

Коучингте қолданылған әр әдіс-тәсілден кейін қатысушылар тарапынан және коучтың формативті бағалауы жүргізілді.

Коучингте қолданылған бейнекөріністер, топқа бөлу, сергіту сәті, сабақ кезеңдерінің барлығы коучинг мақсатымен тікелей байланысты болуы қарастырылды. Әрбір сабақты құрылымдап, өткізу мұғалімнен шығармашылық шеберлікті талап етеді, ал әріптестер пікірі өткізілген коучингтен құнды, қажетті мәліметтер алынғандығын айқындады.

өткізілетін күні: 11.04.2014

Тақырыбы

Дарынды, талантты оқушыларды оқытуда интербелсенді әдіс -тәсілдерді тиімді қолдануға ықпал ету

мақсаттары

Мұғалімдерге дарынды оқушыларды дамытуда интербелсенді әдіс -тәсілдерді қолдануға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кластер, синквейн, ой толғау, екі жұлдыз бір тілек

Көрнекіліктер, құрал жабдықтар

АКТ, ресурстар (Дарынды, талантты балаларды дамуына ортаның әсері, Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары. А. Әлімов)

Іс-әрекет

Іс-әрекет мазмұны

Ұйымдастыру

(5- мин)

Топқа бөлу

Кенгуру, көбелек, жылан сөздері жазылған парактар таратылады. Топ мүшелері бір-бірін іс-қимыл бойынша тауып, топтасады

Қызығушылықты ояту( 10 мин)

Логикалық есеп беру арқылы топтағы дарынды тұлғаны анықтау.

Тапсырманы дұрыс тапқан қатысушы «зерек, ұшқыр ойлы» деп танылады

«Мағынаны ажырату»

(20 мин)

Талантты және дарынды оқушы

Кластер- идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланысты анықтауға арналған жазба кестелер.

Лицейде талантты және дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастырудың жобасы.

Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс/жоба) - оқушылардың бірлесе отырып белгілі проблеманы графикалық түрде шешу әдісі.

Дарынды талантты балаларды дамуына ортаның әсері

Эссе- оқушының сабақта қарасытырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі

1-топ кластер жасайды

2-топ топтық зерттеу жүргізеді

3-топ эссе

Сергіту сәті

5мин

«Қызыл өрік» әнін 3 түрлі жанрда, айту (опера, рэп, халық әнінің әуенінде)

Ой толғаныс

10мин

Бейнекөрініс көрсету.

«Дарынды және талантты тұлға»

Бес тармақ (Синквейн)

Ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл

Ой қорытындылау үшін барлығы 11 сөз қолдану керек.

1-тармақ 1зат есім

2-тармақ 2 сын есім

3-тармақ 3 етістік

4-тармақ негізгі сөзді бағалайтын кез-келген сөз табынан тұратын 4 сөз.

5-тармақ негізгі сөздің синонимі болатын тағы да бір сөзден тұрады

5мин

Бейнекөрініс көрсету.

Дарынды тұлғалар жайлы қорытынды

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары. А. Әлімов

Кері байланыс

5мин

БББ-«Білемін», «Білдім», «Білгім келеді»





Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары

Қағидалар

Мақсаттар

Орта қалыптастыру

Білім алушыоқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;

Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқылы үйрету, үйрену

Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;

Үйренушілерді белсенді әрекетерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.

Өмірмен байланыстыру

Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу

Үйренушілерді дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер студент жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа студенттердің табуына ықпал жасау);

Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, дәлелдеме келтіру).



ТАПСЫРМА ТАҚЫРЫБЫ

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛ


І топ

Талантты және дарынды оқушы

Кластер

Кластер- идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланысты анықтауға арналған жазба кестелер.

ІІтоп

Лицейде талантты және дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастырудың жобасы.

Топтық зерттеу

Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс/жоба) - оқушылардың бірлесе отырып белгілі проблеманы графикалық түрде шешу әдісі.

ІІІ топ

Дарынды талантты балаларды дамуына ортаның әсері

Эссе

Эссе- оқушының сабақта қарасытырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі



БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ




© 2010-2022