Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Әртүрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу

Сейсенбаева Жадыра Шарифхановна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Дарындылық - бұл табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Адамды қоршаған орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің дамуына септігін тигізіп, алға жетелейді немесе оны мүлде өшіреді деп ойлаймын. Дарындылық ол жан- жақты. Ағылшын ғалымы Ж.Рензулли осы мәселені зерттей отырып: «Дарындылық - бала бойындағы интеллектуалдық қабілеттің, шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы»,- деп түйін жасайды. Дарындылықты анықтау - өте күрделі үрдіс. Бүгінгі таңда зерттеуші ғалымдар дарындылықты үш бағытқа бөліп отыр, ол: интеллектуалды дарындылық, шығармашылық дарындылық және лидерлік дарындылық. Ал дарындылықты анықтау үшін, ең алдымен, оқушылардың қабілеттілігін анықтап алу керек. Бұл бағытта интеллектуалды қабілеті жоғары, арнайы іріктеуден өткен, дарынды балалар үшін ашылған бірден-бір білім мекемесі - Назарбаев Зияткерлік мектебі. Елбасы атындағы осынау теңдесі жоқ білім мекемесіндегі ұстаздың міндеті - әрбір оқушы бойындағы дарындылықты дамыта білу, шын дарынды екеніне сендіру.

Мен 7-сыныпта сабақ өткізу барысында Н. есімді оқушыға баса назар аудара бастадым. Өз сыныптастарынан ол өте баяулығымен ерекшеленеді. Бірақ жұмысты қорытындылауда бұл оқушымның өз құрбыларынан әлдеқайда жоғары деңгейдегі жауаптарына тәнті болдым. Әрине, оқушымның осы ерекшелігін мен ескергенмен, сыныптастары оны қабылдай қоймайтынын байқадым. Сыныпта сонымен қатар өте жылдам, қиялы ұшқыр Ә. есімді оқушымен жұмыс істеуге бүкіл сынып оқушыларының даяр екенін де көрдім. Ал, Д. есімді оқушы орташа жұмыс істесе де кез келген тапсырманы шығармашылықпен, тіпті, артистікпен өткізетіндігінің куәсі болдым.

Бірақ Н.есімді оқушымен жұмыс жүргізуде мен қиындыққа кездесе бастадым. Әсіресе топтық жұмыстарда ол қандай керемет нәтижелі жұмыс жасаса да сыныптың басқа оқушылары оны қабылдамады. Өйткені жұмысты орындауда берілетін уақыт өлшемінің шектеулігі оның баяу жұмысының нәтижесін көрсете алмайды. Осы қиындықпен бірнеше рет бетпе-бет келгеннен кейін мен мектеп психологымен кеңестім. Нені өзгертуім керек? Қай бағытта жұмыс істеуім қажет? деген сұрағыма жауап іздей бастадым. Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

Психолог Ж.Абдрахманова ең алдымен осы сыныпта дарынды және талантты балаларды анықтау бойынша Гарднердің жан-жақты интеллектісін анықтау теориясы бойынша тест жұмысын жүргізді.

Тест жұмысы бойынша олардың дарындылықтарын анықтағаннан кейін, мен «Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылары» ретінде көрсетуге тиісті». Эйр Д. (2001) деген нұсқаулықты басшылыққа ала отырып олардың ата-аналарына сауалнама жүргіздім. Олардың бастауыштағы, балабақшадағы ерекшеліктері туралы сұрағыма Н.-ның конструктормен жұмыс істеуді ұнататынын, Ә. бала кезінен көп сұрақтарға жауап іздеп бас қатыратындығын және Д. 4 жасынан бастап оқи бастағанын анықтадым. Ал жеті аталары бойынша Ә-нің атасы спорт саласынан жетістікке жеткендігін анықтадым да, ал Н.-ның және Д.-ның ата тегі жайлы толық ақпарат алмағандықтан анықтай алмадым.

Кембридж (үшінші) негізгі деңгей Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтағы дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет деген пікірге сүйене отырып ата-аналармен, сынып кураторымен, басқа пән мұғалімдерімен пікірлесіп, бұл оқушыларды жан-жақты бақылауға алдым. Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

Дарынды оқушымен жұмыс істеуді дамыту мақсатында өзіме төмендегідей талап қойдым:

  1. Дарынды оқушыларды анықтау, оларға арнайы бағдарламалар құру, нәтижені нақты бағалай білуге үйрену үрдісін үздіксіз жүргізу;

  2. Кең көлемде көрнекі құралдар пайдаланып сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылардың өзіндік жұмысына, шығармашылық жұмыстарға көп көңіл мен уақыт бөлу;

  4. Зерттеуге, бақылауға, бағалауға бағытталған проблемалық жағдаяттар туғызу;

  5. Дарынды оқушының ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік ету;

  6. Дарынды оқушыларды олимпиадалар мен сайыстарға дайындалуда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасау, т.б.

Мен 7-сынып ішінен салыстыру мақсатында дарындылық деңгейіне қарай «белсенді», «байсалды» және «баяу» деп осы үш оқушыны таңдап алдым. Сабақ жүргізу барысында барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар берілгенімен, дарындылық қабілеттеріне қарай оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен немесе алған ақпаратты кең көлемде талдауына ықпал жасап, мүмкіншілік беріп отыруға тырыстым. Бұл оқушылардың деңгейлері тапсырма деңгейіне қарай оның орындалу уақыты бойынша да ерекше байқалды.

Дарындылық қабілеті, әсіресе, топпен жұмыс істеу барысында, шығармашылық, зерттеу жұмыстарында бір-бірін толықтырып, өзара бір-біріне жақсы әсер етуде көрінеді деп ойлаймын. Бірақ, Н. есімді оқушымның әлі де топтық жұмыста оқшауланып қалатынын байқадым. Оған жеке тапсырмалар орындата отырып, осы баланың бойында топтық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра алмадым деген ұсыныспен мектеп психологымен қайта кездестім. Мектеп психологының түстер бойынша оқушының пәнге деген қызығушылығын анықтау тестінің нәтижесінде Ә. мен Д.-ға қазақ тілі сабағы өте қызықты болса, Н.-ға менің сабағым көңілсіз екенін анықтадым.

Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

Психолог оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты анықтау барысында суреттер арқылы жұмыс жүргізіп, мұғалім мен оқушы арасында суық қарым-қатынас жоқ деген тұжырым жасады.

Менің енді өз әдістемеме өзгеріс енгізу қажеттігі анық көрінді. Осы мақсатта мен эксперт мұғалімдердің ұйымдастыруымен өткізіліп отыратын коучингке қатысып, осы мәселені ортаға салдым.

Кембридж (үшінші) негізгі деңгей Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтағы: « өзінің білім алуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар достарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді. Бұл «ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын көздейді.» деген пікірді ұстана отырып осы оқушыларға әртүрлі тапсырмалар орындата бастадым. Бірақ алғашқы Н.-мен жұмыс жүргізудегі топпен жұмыс істеудің басқа жолдарын қарастыруым қажет болды. Бұл менің әдістемемді қопарып, төңкеріс жасап, өзгертуді қажет етті. Нені өзгертсем болады? Қандай жұмыс түрі бұл оқушымның топпен жұмыс сітеуіне әсер етеді?

Осы сұрақтар өңірегінде бүкіл ғаламтор, әдістемелік әдебиеттерді саралап, онда көрсетілген жаңа деген жұмыс түрлерін түгел қолдана бастадым. Көптеген практикалық, белсенді жұмыстар нәтижесінде қол жеткіздім. Сыныпта топпен жұмыс жүргізуде бірде мен жоғарыдағы үш оқушыны бір топқа жинақтап, тапсырма бердім. Бұрынға баяу оқушымды танымай қалдым. Н. -ның тез қимылдап, өз ойын қысқаша жеткізе алатындығын бірінші рет көрдім. Бұрынғы топтық жұмыстардан кейінгі рефлексияда топтық жұмыс ұнамайды, көп шулайды деп жауап беретін Н. осы жолы жүргізілген рефлексияда маған жұмыс өте ұнады деп жауап берді. Дарынды оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

Мектеп психологымен, әріптестеріммен жүргізілген жұмыстарға дианостика жасай отырып, осыған дейін топқа бөлуде жіберген кемшіліктерімді анықтадым. Дарынды, бұл тақырыпты еркін меңгере алады деген ұстаныммен мен үнемі Н.-ны баяу қимылдайтын, белсенділігі төмен оқушылармен топтастыруға ұмтылады екенмін. Ал Н. өзі деңгейлес, өзі сияқты адамды іздейді, сондықтан ол осыған дейінгі жұмыстарда тыс қалып отырса, өзіне қызықты оқушылармен бірлесе жұмыс істеуді қалайды екен.

Дарынды оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін оларға сабақ барысында әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жекелей және топпен немесе басқа да әдіс- тәсілдермен орындауға мүмкіндік беріп, жақсы нәтижелерге жетулеріне оң ықпал ету керек. Кембридж (үшінші) негізгі деңгей Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта: «Эйр Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Әйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейді» деп көрсетілген. Білім берудің маңызды мақсаты адамның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілетін дамыту, сол арқылы толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру болып табылады. Ендеше, дарынды оқушыларды анықтап, оларға дұрыс бағыт-бағдар, білім беру - менің міндетім және мақсатым. Ол үшін мектеп психологымен жұмысты жалғастырып, әдістемеме өзгеріс енгізуім және оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жұмыс істеуді, деңгейлік тапсырмалар жүргізу бойынша үздіксіз ізденемін.













© 2010-2022