Ж. Жабаев. Алғадай туралы әрбір ой

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:Ж.Жабаев. «Алғадай туралы әрбір ой».

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру.Өлеңін оқи отырып, ақынның қазақ әдебиетінен алар орны жайлы тоқталу.

2.Дамытушылық: өлеңнің құрлысын талдай білу,шығармашылық ізденіске баулу.

2. Тәрбиелік:өлеңді оқи отырып, ата-ананың мен балаға деген ыстық сезімін аңғарту.Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:таным сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:ақынның портреті,

Сабақтың әдісі:СТО
Сабақтың техникалық құралдыры:интерактивті тақта. слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, кезекешілікті анықтау.Бүгінгі өтілетін сабақты хабардар ету.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңін сұрау, мазмұнын талдау.

Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту.

«Жалғастыр»

Жамбыл-....

1846 жылы .........

Туған жері -Хан тауы....

Айкүміс, Құлмамбетпен ......

Жамбылдың пірі, ұстазы .....

Өтеген батыр, Сұраншы батыр атты ........ бар.

Халықтың рухын көтерген атақты «.......... өренім» өлеңі бар.

1945 жылы........... өтті.

Жаңа сабақ.

Бүгін сабақта Ж.Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой».атты өлеңінмен танысамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

Балалар, өткен сабақта Жамбыл атамыздың «Аттандыру» өлеңін өткен болатынбыз.Енді бүгін «Алғадай туралы әрбір ой»атты өлеңін өтетін боламыз.

Екінші Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары ақынды айналып өтпеді. Жамбыл атамыз ұлы Алғадайды соғысқа аттандырды Ұлы Алғадайы соғыс

тан аман -есен оралмады.1943 жылы ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Қартайған шағында ақынның жүрегіне жазылмас жара салды. Осы қаза жанына қатты батты.

Қарт ақынның қабырғасы қайысып, уақытын әркез сағынышпен өткізді. (слайд)

Ой толғау.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп кезекпен оқиды.

Алдыңғы сабақта өткен «Аттандыру» өлеңінің «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің арасында қандай байланыс бар? (Жауап алынады).Оқушыларды екі топқа бөліп

өлең құрлысына талдау жасату. II шумақтан бөліп алады. (өлең ұйқасына, шумағына, бунағына, тармағына талдау).

Түртіп алу стратегиясы.

Сөздікпен жұмыс.
Мүрде - өлген адамның денесі, өлік.
Көзел - көпті көрген, сұңғыла
Саулақ - елден ерен
Жабы - қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі
Кәріп - соқыр, мүгедек.
Сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап.

1.Ж.Жабаев туралы не білесіңдер?

2.Өлеңнің тақырыбы не?

3.Өлеңді ақын қандай оқиға кезінде жазған?

4.Ж.Жабаевтың тағы қандай шығармаларымен таныссыңдар?

5.Жоқтау , қоштасу жайында тағы кімдердің шығармаларын білесіңдер?

Үйге тапсырма:

«Жүз жасаған бәйтерек» атты эссе жазып келу.





© 2010-2022