Урок по казахскому языку Үстеу (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку Үстеу (6 класс)Урок по казахскому языку Үстеу (6 класс)Урок по казахскому языку Үстеу (6 класс)Байғанин ауданы

Жарқамыс селосы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеуі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік-Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін кеңейту,үстеу туралы бұрын білетіндері мен жаңа білімді ұштастыру,сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып,оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйету;

ә)дамытушылық-ойлау қабілетін дамыту,сөз мәдениетін жетілдіру;

б) тәрбиелік-өз тілін,ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелеу;

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест,сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Көрнекіліктері: сызба плакат,тест сұрақтары,слайд,оқушы білімін есепке алу картасы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу

  • Кезекші мәлімдемесі

  • Оқушыларды топтарға бөлу

  • Топ жетекшілерін сайлау

  • Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру

  1. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту

Үш топтан алты балаға оқытып,үстеулерді тапқызу

«Миға шабуыл»

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Үстеу дегеніміз не? Мысал келтір

3.Үстеудің құрамдық түрлері қандай? мысал келтір

3. Жаңа сабақ

Негізгі үстеу

Мыс: жылдам,тез

Үстеу

Туынды үстеу

Мыс: шикілей,айтпайынша

Күрделі үстеулер

Мыс: таңертең,енді-енді

«Үстеудің мағыналық түрлері» сызбасына оқушылардың назарын аудару

Қимылдың,іс-әрекеттің әр түрлі белгісі болғандықтан үстеудің 7 мағыналық түрі бар; Мыс,кеше, биыл, зорға, байқаусызда т.б.

Жазда ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді,халықтық жырларды жазумен айналысады

Мана мектепке барып,Кә рима апайға сәлемдесіп қайттым,

Жазда, мана сөздеріне сұрақ қоя отырып,іс-әрекеттің мезгілін білдіріп тұрғанын байқаймыз.

Мезгіл үстеуі қимылдың,іс-әрекеттің мезгілін,мерзімін білдіреді де,қашан,қашаннан деген сұраққа жауап береді. Мыс: бүгін,кеше,түнде,биыл

  1. Бекіту

275,276 жаттығуларды топ бойынша тақтаға шығарып талдату,мағынасына қарай мезгіл үстеуді табу

  1. «Ойтолғаныс» Парашютистерді қондыру

Қай топ жұмбақты тез шешіп,құрамынан мезгіл үстеуді тапса сол топ жерге бірінші қонады

  1. Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады Жұлдыз

  1. Жазда жасыл торқа киеді,

Күзде сары тон киеді,

Қыста,суық аязда жалаңаш тұруды сүйеді Ағаш

  1. Таңертең төрт аяқты,түсте екі аяқты,кеште үш аяқты Адамның жасы

«Ойлап, тауып, орнына қойыңдар»

Төмендегі мақалдарда қалдырылып кеткен үстеулерді орнына қойыңдар да мақалды толық айтыңдар. Үстеулердің орнына сұраулары берілген.

Еріншекке (қашанғыдан? Қашанғы?) оңай?

(Қай уақытта) тұрған жігіттің Ырысы артық?

(Қай уақытта?) тұрған әйелдің Бір ісі артық

(Қашан?) тұр, (қашан? ) жат іңірден,

(Қашанғы?) нәсіп тәңірден

  1. «Ой қорыту»

Тест сұрақтарын тарату,

Стикерлерге мен бүгін сабақта ..... деп өз ойларын қалдыру

  1. Үй тапсырмасын беру 277- жаттығу

  2. Оқушылардың білімін бағалау парақшасы арқылы бағалау



© 2010-2022