Ашық сабақ. Шаңғы тебу

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: " Шаңғы тебу .ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың "Қыс" тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, зат есімнің жалғауларын ажырата біледі.

Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: елін, жерін, табиғатты сүюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, деңгейлік тапсырмалар, ойын "Шаңғымен сырғанау", өлең, жұмбақтар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау, суретпен жұмыс, сергіту -"Шаңғымен сырғанау" ойыны, мәнерлеп олең оқу, жұмбақтар шешу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі.

- Сыныпта кім кезекші?

- Топта кім жоқ (Кезекші сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді)

- Қазір қай сабақ? (қазақ тілі)

- Қазақ тілі нешінші сабақ? (үшінші)

- Қазір қай ай? (ақпан)

- Ақпан қыстың нешінші айы? (үшінші)

- Бүгін ақпанның нешесі? (бірі)

- Аптаның қай күні? (сейсенбі)

II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй жұмысын тексереміз.

Дұрыс жауаптарға "қар бүршіктері" беріледі. Сабақ соңына дейін кім

көп "қар бүршіктерін" жинаса, сол өте жақсы деген баға алады.

III. Үй жұмысын тексеру. 2-тапсырма 85 бет.

IҮ. Жаңа сабақ.

- Зат есімнің неше жалғауы бар? (төрт)

- Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)

- Қазір "АЗИЯДА" ойыны өтіп жатыр. Сендер теледидардан

кандай ойындарды тамашаладыңдар? (хоккей ойыны, шаңғымен,

конькимен сырғанау)

- Қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?

2. Сөздік жұмысы

а) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады.

ә) жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады.

түрлері - виды

сырғанау - кататься

пайдалы - полезно

шынығу - закаляться

аязды - морозно

Ү. Суретпен жұмыс.

Кім? Не? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді ата.

ҮI. Сергіту. "Шаңғымен сырғанау" ойыны.

ҮП. Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді мұғалім оқиды,

2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударыңдар.

Қысқы ойындар

Қысқы ойындардың түрлері көп. Олар: хоккей, шаңғы тебу,

шана және конькимен сырғанау.

Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес, күн сәл аязды. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр. Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр.

2. Сөйлемдерді аударыңдар:

Зима. Декабрь, январь, февраль - зимние месяцы. Зимой

дни становяться короткими, ночи длинными. Дни стоят

холодные, морозные. Реки и озёра замерзают. Дети катаются

на лыжах и санках, скользят на коньках.

1Х. Қорытындылау

1. Жұмбақтардың жауабын табыңдар.

Таудан түссем, тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (шана)

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.(шаҢғы)

2. Оқушылар қыс туралы мәнерлеп өлеңдер оқиды

Х1. Үйге тапсырма

"Қысқы ойындар" тақырыбына диолог құру.

.

© 2010-2022