«Зерде» білім сайысы туралы

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып, білім-білік                                    дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін, пәнге                                    деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.   Тәрбиелік мәні:        Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, ойын дүрыс және нақты жеткізе                                     білуге тәрбиелеу.   Көрнекілігі:              Топтардың аты, интерактивті тақта, қажетті заттар және т.б.   Сабақтың бары...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Зерде» білім сайысы


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып, білім-білік

дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін, пәнге

деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, ойын дүрыс және нақты жеткізе

білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Топтардың аты, интерактивті тақта, қажетті заттар және т.б.

Сабақтың барысы: 1. Дайындау, ұйымдастыру.

2. Негізгі бөлім.

3. Қорытынды.

Жүргізуші: «Күш - білімде» тақырыбымен өтіп жатқан бастауыш сыныптар онкүндігінің аясында өткелі отырған 1 «А»-сыныбының «Зерде» білім

сайысына қош келіпсіздер!

І. Топ мүшелерімен таныстыру.

1. «Жас қыран» тобы.

Ұраны: «Жас қыран» алға!

Биікке самға.

Достығымыз барда,

Жүреміз тек алда!

2. «Жас қанат» тобы.

Ұраны: Тобымыз біздің «Жас қанат»,

Қалмаймыз тіпті жасқанып.

Білімді әр кез ұштаймыз,

Қанатаын қаққан құстаймыз!

Топ басшыларын шақырып ойынды кім бастайтынын «Су-ли-фа» ойынымен анықтау

І-кезең. «Білгенге маржан» (бұл айналымда 6 кітапша беріледі, сол кітапшаларды таңдаймыз, әр сұрақта төрт жауап бар). Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1-сұрақ. Қазақстан Республикасының рәмізі қайсысы?

1. қазақ

2. елтаңба

3. шаңырақ

4. оқулық

2-сұрақ. Төрт-түлік малды ата.

1. қасқыр

2. тауық

3. сиыр

4. мысық

3-сұрақ. Бас әріппен жазылатын сөзді тап.

1. асық

2. парта

3. кітап

4. айжан

4-сұрақ. Оқушылар сөзінде неше әріп бар?

1. 4 әріп

2. 5 әріп

3. 8 әріп

4. 6 әріп

5-сұрақ. «Балалар кітапты күтіп ұстаңдар!»деген сөйлемде неше сөз бар?

1. 3

2. 2

3. 4

4. 5

6-сұрақ. «Бала - адамның бауыр еті» деген мақалда неше дауыссыз дыбыс бар?

1. 6

2. 10

3. 8

4. 9 Ұпай санын анықтау, тақтаға ілу.

ІІ-кезең. «Әліппе кезеңі»

Шарты: Бір әріп беріледі, сол әріптен басталатын сөздерді тауып жазу керек.. Жер-

су аттары, адам аттарын жазбаймыз, есептелмейді. Екі топтағы бірдей

сөздер де есепке алынбайды. Қай топ көп сөз жазса, сол топ 5 ұпайға ие

болады.

«Т» әріпін таңдау.

Ұпай санын анықтау, тақтаға ілу.

ІІІ-кезең. «Құрастырма сурет».

Шарты: Тақтада бір суреттің бөлігі көрсетіледі, сол заттың атын атау керек. Егер

бірден тапса 4 ұпай бріледі, ал бір көмек сөз алсаңдар 3 ұпай беріледі. 2

көмек сөз алынса 2 ұпай беріледі.

Сұрағы: Бұл «Қанатты жануарлар» тобына жатады?

1 көмек сөз: Үй жануарына жатады.

2 көмек сөз: Оны жеуге де болады..

Жауабы: Әтеш

Ұпай санын анықтау, тақтаға ілу.

ІҮ-кезең. «Математика»

Шарты: Қай топ көп есеп шығарса, сол топқа 5 ұпай беріледі.

Ұпай санын анықтау, тақтаға ілу.


Ү-кезең. «Сөзжұмбақ»

Шарты: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, бұл жұмбақтың жауабы мына

сиқырлы кітапта. Қай топ дұрыс жауап берсе, сол топқа 5 ұпай беріледі.

Жұмбақ жасыру

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау.

Ұпай санын анықтау, қорытынды жасау.

Қарсылас топтарына айтарыңыз бар шығар - деп топ басшылары бір-біріне тілек айтады.

«Зерде» білім сайысы осымен аяқталды.









© 2010-2022