Ашық сабақ жоспары Салыстырмалы шырай 7-сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 7-сынып

Сабақ тақырыбы:

Салыстырмалы шырай

Сілтеме

Нұсқаулық

Жалпы мақсаты

Оқушыларға салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын, жасалу жолын, өзіндік ерекшелігін, өнімді және өнімсіз жұрнақтарды меңгерту, күнделікті сөйлеу тілінде дұрыс қолдануға, сөздің мағынасын ұғынуға, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, жеке, жұппен, топпен еңбектенуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі

Салыстырмалы шырайды толық меңгереді. Өнімді, өнімсіз жұрнақтардың ерекшеліктерін біледі. Өз ой-пікірлерін анық, нақты жеткізеді. Жұппен, топпен ынтымақтасып жұмыс істей алады.

Негізгі мақсаты

Сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, АКТ-ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмысты ұйымдастыру.

Тапсырмалар

Сыныптағы көшбасшы үш оқушыны бақылаушы етіп тағайындау. Олардың қолдарына бағалау парағын ұсыну. 1 мин

Сыныпты топқа бөлу.

Стикерге «Қызғылт» «Қызылдау» «Қызылырақ» сөздерін жазу арқылы топқа бөлінеді. 1 мин

Сабақ тақырыбын айқындау.

Ол өте сүйкімді, оның көзі Шыңғыстың көзінен үлкенірек, бет әлпеті Мирасқа қарағанда қара торылау. Ол Ғалиядан салмақтырақ. Сыныптағы басқа оқушылар сияқты емес Рақымжан екеуі азырақ сөйлейді. Мінезі Айгүлден гөрі тұйықтау. Әдепті, сенімді екенін айта кету керек. Ол күлімсіресе әдемі боп кетеді. Сыныпта алдыңғы партада отырады. Үйінің ең кіші баласы.

Касенова Гүлназ

Біз жаңа Гүлназды табу үшін кімдердің есімдерін қоса атадық? Не мақсатпен, аталған оқушылардың қандай сипаттарын байқадыңдар? Ендеше бүгінгі сабақ тақырыбын кім біледі? 3 мин

Слайдпен салыстырмалы шырайдың жасалу жолына түсінік беру. 7 мин

Оқулықпен жұмыс.

54-жаттығу. Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасау.

«Қызғылт» тобы. Жақсы, аласа, қысқа, қатты, жұмсақ, қою, сұйық, жақын, арзан, қалың. «Қызылдау» тобы. Жұқа, өткір, арық, жеңіл, ескі, жаңа, ұсақ, ірі, таза, сақ.

«Қызылырақ» тобы. Аңқау, қу, жуан, жіңішке, жуас, сараң, жылы, суық, тар, кең, тегіс. 7 мин

Жұптық шығармашылық жұмыс.

Сүйкімді үш күшіктің суретіне қарап, шағын әңгіме жазу. 10 мин

Сергіту сәті. 2 мин

Тақтамен жұмыс.

57-жаттығу.

Мәтіннен салыстырмалы шырайды теріп жазу. «Қызғылт» тобына 1, 2-сөйлем.

«Қызылдау» тобына 3, 4-сөйлем.

«Қызылырақ» тобына 5, 6-7 сөйлем. 5 мин

Қорытынды. Әр топ бір-біріне екі сұрақтан қою.

Бағалау

Формативті критерийлері бар бағалау парағы

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Тапсырмаларды орындау барысында топтың барлық мүшесі атсалысу

Негізі дерек көзі

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық



























Бағалау парағы

Балл

Критерийлер

Оқушы аты-жөні

0

Тақырыпты түсінбеу, сабаққа мүлде қатыспау, топта белсенді жұмыс жүргізбеу.


1

Тақырыпты түсіну, бірақ басқалардың көмегіне жүгіну, тақтада қате жіберу, сұраққа қателесіп жауап беру, қоятын сұрағын дұрыс таңдай білмеу.


2

Топта белсенді жұмыс істеу, тақтада қатесіз жазу, жұппен жақсы жұмыс істеу, өз ойын еркін айта алмау, сөйлемдерді құрай алмау, қойған сұраққа дұрыс жауап беру, дұрыс сұрақ қою.


3

Топта белсенді жұмыс істеу, өз ойын еркін жеткізу, тақтада қатесіз жазу, құрған сөйлемдері нақты болу, басқаларға көмегін ұсыну, қойған сұраққа дұрыс жауап беру, дұрыс сұрақ қою.






© 2010-2022