Конспект урока по самопонанию на тему: Бауырмалды және кеңпейілділік

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп №150 ЖББМ

Пән мұғалімі: Ибрагимова З

Тақырып: Бауырмалды және кеңпейілділік

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Көпшілдік,қамқоршы ,қайрымдылық, адалдық.

Мақсаты : Балаларға «Бауырмалды және кеңпейілділік»қасиеттерін түсіндіру арқылы бала бойындағы бауырмалдылық қасиеттерін дамыту, «Сүйіспеншілік» құндылығын түсіндіру,топпен жұмыс істеу, бірлікте тату тәтти дост болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Балаларды кешірімшіл, бауырмал болуға үйрету;

-Өзара қарым-қатынаста бір-біріне риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету іскерліктерін дамыту;

-Бір-біріне деген бауырмалдыққа, кеңпейілдікке тәрбиелеу;

Ресурстар

/құралдар, мәліметтер/

оқулық, дәптер, жұмыс дәптері, видео материал, түрлі-түсті маркерлер, плакаттар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.

Нурға бөлену

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Бір атаның балалары» М.Мағауинның шығарманы мазмұндап келуге берілген.

-Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

-Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

-Загфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

Ескерту

Оқушыларға 5Т ережелерін айтып өту.

Сабақ барысын талқылау: сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Дәйексөз

Ш.Құдайбердиев:

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық,

ақ-жүректен шығады


Дәйексөзді оқып, мән-мағынасын ашу, дәптерге жазу. Дәйексөзді төрт бес рет қайталату

Мұғалім сыйы: видио ролик /сұхбат/

*Жомарттық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

*Қандай адамды жомарт деп айтамыз? Неліктен?

*Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

*Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма?

Муғалім сыйы «Алма ағашы» ертегісі слайд көрініс.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1- тапсырма

Топтастыру стратегиясы: Топпен жұмыс:

Әңгіме құрастыру:

I-топ: «Бауырмалдық»

II-топ: «Кең пейілділік»

2- тапсырма

Топпен жұмыс жасап, постер қорғау

Қасиеттердің ішінен сөздерді табу:

Бауырмалдық

Кеңпейілділік

- Адалдық

-пейіл

6. Топпен ән айту.

Жігіттер квартеті «Жан досым»

Iздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,

Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

Сырымыз да бiтпесiн,

Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,

Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,

Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

Сырымыз да бiтпесiн,

Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін

7. Үй тапсырмасы.

«Кеңпейілдік» ертегісінің мазмұнын айту.

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Оқушылар, бір сәт тыныштық сақтап, ыңғайланып отырып алыңдар.

-Балалар, «Бауырмалды және кеңпейілділік» деп айтпақшы, көпшіл,қамқор болуға,қайрымды, адал болуды білейік! Олай болса әрқашан сүйіспеншілік жасай отырып,өз бойымыздағы адамгершілік қасиеттерімізді дамытайық...

(балалардың сабақтан алған әсерлерін, көңіл- күйін анықтау мақсатында қолдарындағы смайликтерін жапсырады.)







© 2010-2022