Конспект Наурыз мейрамы

Әз Наурыз» мерекесі    Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және құрметтей білуге тәрбиелеу. 1 Ұйымдастыру бөлімі. Тәрбиеші: -Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар. Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз  құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн»  деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мындаған жылдардан бері  тойлап  келе жатқан жыл  басы  мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты  болсын! Ұлыстын  ұл...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әз Наурыз» мерекесі

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және құрметтей білуге тәрбиелеу.

1 Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбиеші: -Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар. Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мындаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстын ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз кабыл болсын!

Олай болса, тойымызды «Қамажай» биімен ашайық.

Би «Қамажай».

Әмина: Қарды ерітіп жылғасы, Гүлім: Ойнаймыз шаттана

Наурыз келді -жыл басы, Ішеміз күнде айран

Шуақ төкті жарық күн балаға да қартқа да,

Мейрамында халықтың. Отрақ қой бұл мейрам.

Алима: Күн менен түн тенелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді.

Наурыз айы - шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы деп саналады.

Айза: Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы- жырымен

Көңіл гүлдей жайнасын.

Степа: Құтты болсын Наурыз!

Туа берсін жаңа жыр!

>> Альмира: Жас балаша қуанып

Жадырайды күніміз

Қош келіпсің наурыз.

Тәрбиеші: Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, тал егіп, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.

Осының бірі - «Тұсау кесер» тойы. / Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан баланы әкеліп тұрғызады./

Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын! /Осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына жіп байлайды./

Ішекпен байлағаным - малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,

Көк шөппен байлағаным- жершіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,

Ала жіппен байлағаным- адал болсын дегенім.

/Тұсау кеседі, баланы бір -екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді./

Тәй,тәй,тәй,тәй!

Қаз,қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассам мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

Жүгіре қойшы, қүлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

/Тойға шашу шашылады!/

Мөлдір: Наурыз 2 көктемде

Құстар келіп жеткенде,

Қуанып біз қаламыз,

Ән мен қарсы аламыз.

Нұржан: Ата бабам тойлаған,

Наурызым , армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан далам қарлы шың!

Әмина: Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Інжу: Бидай, күріш , тары бар

Ащы құрты тағы бар

Ішілетін жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Тәрбиеші: Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарды күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, көже ішіп, таңды көзбен атырған. Олай болса балалар бізде ойын ойнап көрейік.

«Асык жинау» , «Адасқан төлдер» ойындарын ойнатады .

Наурыз жыры - Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған. Ондай болса біздің бүлдіршіндеріміз сіздерге бір ән орындап берсін. Қабыл алыңыздар.

Жанель: Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Ұлыс күні қазан болса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, рұқсат болса, бата сұрап тойымызды аяқтайық!

Ұл баланы шығарып бата сұрайды.

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарханың мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!



© 2010-2022