Өзімді ұстаздар қауымына таныстыру

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т а н ы с т ы р у

Мен ұстазбын, баламенен гүл еккен,

Оразалы Перузамын, қуанышты жүрекпен.

Алдыңызға келіп тұрмын сайысқа,

Сүйінқара атам менің күрескер.

Сиыр жылдың мергенінде туған екем,

Асқар таудай әкемнің аты - Әсен.

Сүйінқара, Бүркіталы, Маман, Ықылас,

Оразалы, Жаман, Әсен - жеті әкем.

Қызымын Адайдың Жары деген,

Келінімін Қырықмылтықтың Есей деген,

Парызым - бала оқытып, тәрбиелеу,

Елімнің болашағына өсем деген.

Сайыста бақ сынадым он жыл бұрын,

2005 - те иелендім жүлделі орын.

Үйреніп озаттардан, БАҚ - тан, сайдтан,

Келіп тұрмын болар деп тағы жолым.

Ізденуден тәжірибе жинақталар

Білімің көп оқысаң тиянақталар.

Тәрбиені біліммен ұштастырса,

Еңбегі ұстаздардың сонда ақталар.

Қағаздарға сөз жазатын өнерім бар,

Әріптерді құлпыртып, төгерім бар.

Дастарханды жайнатып, дәмді етіп,

Күрішті бар мәзірмен бөгерім бар.

Халықтық тәлімді мен қош көремін

Сабағыма оны үнемі көп теремін.

Қазақтың дәстүр - салтын үйретуден,

Жалықпай ата жолына мен еремін.

Досым көп, көпшілікті ұнатамын.

Өзім де қызы емеспін құр атаның,

Бес ұл - қызым тәрбиемнен нәр алады,

Оларға өмір заңын құратамын.

© 2010-2022