Пожелания от первоклассников к выпускникам

Жас түлектер, биік тұлға байсалды,  Құшақ жая мектеп сені қарсы алды.  Қуанышпен жарқын тілек білдіріп, Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.   Жас түлек апа -ағалар Ел сенер еліміздің  мамандары, Құтты болсын алғашқы қадамдары. Құтты болсын, болашақ баспалдағы, Құтты болсын басталған оқу жылы!   Сыңғырлайды, сыңғырлайды Мектеп жақта қоңырау. Болып жатыр, бүгін бізде Түлектерге «Соңғы қоңырау» Ұмытпаңыз бұл бір айды, Гүлге толған омырау.   Біз сенеміз сіздерге Апалар мен ағалар Әрі қарай , оқып- т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас түлектер, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая мектеп сені қарсы алды.

Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

Жас түлек апа -ағалар

Ел сенер еліміздің мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, болашақ баспалдағы,

Құтты болсын басталған оқу жылы!

Сыңғырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау.

Болып жатыр, бүгін бізде

Түлектерге «Соңғы қоңырау»

Ұмытпаңыз бұл бір айды,

Гүлге толған омырау.

Біз сенеміз сіздерге

Апалар мен ағалар

Әрі қарай , оқып- тоқып

Аулымызды көркейтуге,

Маман болып оралар.

Оқыған әпке, ағамыз,

Қадірлі мектеп - бұл мектеп .

Оқып білім алармыз

Сендердей біз де болармыз,

Оқып білім алармыз

1 жүргізуші:

Жайнаса бал-бұл бүлдіршін

Бір сынып тағы өрлеген

Түлектер тұйық, кім білсін.

Сезім бе қимас кернеген

Мерейлі топтан алқалы

Сыр тартып бір көрейік

Сөз кезегін, ал қане,

Балдырғанға берейік.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

1-оқушы: Мектепке былтыр күз келген

Оқушымыз құлықты.

Аяқтадық біздер де,

Бірінші міне сыныпты.

2-оқушы: Жаза аламыз, хат танып,

Оқуға да машықпыз,

Тақпақ та талай жаттадық.

Көп білуге асықпыз.

3-оқушы: Өнеге- үлгі саналар,

Қамқор боп, бізді мәпелер,

Жолдарың болсын, ағалар!

Жолдарың болсын, апалар!

4-оқушы: Өмірдің жолы сән өмір,

Алдыңда толған таңдау бар.

Білімге қосып өнерің

Биікке асқар самғаңдар.

5-оқушы: Жігерлеріңмен арынды,

Арманды балғын гүлдетіп.

Толымды табыстарыңды,

Жүрейік біздер үлгі етіп.

6-оқушы: Қыран боп көкке самғаңдар.

Атағың кетсін көп- көпке.

Намысты ту ғып ұстаңдар

Кір келтірмей мектепке

7-оқушы: Ашылып өмір бағы алдан,

Қиялдың құсын ерттеп ап

Бұл күнге, арман саналған,

Жетерміз бізде ертең-ақ.

8-оқушы: Шалынып періштелерге

Ақ бата, ізгі тілектер.

Жол тартқан үлкен өмірге,

Сәт сапар болсын, түлектер!

9-оқушы: Сабақта да алдамын,

Кілең «бестік» алғаным,

Сендердей үлкен жігіт боп,

Ер жету-бар арманым.

10-оқушы: Армандаңдар,

Сол арманда зор мән бар,

Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар.

Асқақ арман-үлкен өмір бастауы,

Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

11- оқушы: Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдық пен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.


Үлгілі болып сіздердей

Үлкейеміз біздер де.

Біз де ойшыл, өнерлі

Боламыз істің шебері.

Көп екен «төрт»,бесіңіз»

Өмірде өстіп өсіңіз.

Талай сыннан өттіңіз

Кәмелетке жеттіңіз

Қыран болып ұшыңыз,

ВУЗ-ға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын



© 2010-2022