Тесты по казахскому языку Фонетика, Лексика (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін көрсетіңіз:

А) 9 Ә) 7 Б) 4 В) 5 Г) 8.

2. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз:

А) Ад+ам Ә) Жо+ лау+шы Б) Қа+ йық В) Жа+ рай+ сың Г) Құ+ мырс+қа.

3. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар санын көрсетіңіз:

А) 10 Ә) 9 Б) 25 В) 15 Г) 30

4. Жіңішке, жуан дыбыстары араласып келген сөздерді табыңыз:

А) Қараша Ә) Қазір Б) Жұмысшы В) Есенгелді Г) Дүйсенбі.

5. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз:

А) у, н, ң, л Ә) б, г, ғ, д Б) л, ч, ж, й В) қ, к, т, с Г) п, ф, ғ, г

6. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз:

А) Ойбай Ә) Алтай Б) Шағала В) Қарағай Г) Өзге

7. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөздерді белгілеңіз:

А) Сабақ Ә) Ел Б) Жаздыгүні В) Күндіз Г) Бүгін

8. Ұяң дыбыстарды көрсетіңіз:

А) ч, ш Ә) й, л Б) қ, к В) б, в Г) р, у.

9. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз:

А) Марал, қант; Ә) Арқа, көңілге; Б) Бұғы, ұлт; В) Өрт, ас;Г) Жоқ, от.

10. Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөзді көрсетіңіз:

А) Келешек Ә) Аласа Б) Емхана В) Білімпаз Г) Декан.

11. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз:

А) Б, В, Г Ә) Ф, Х, Ч Б) Б, Л, Қ В) Ж, Р, С Г) Р, У, Н.

12. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз:

А) Ар-ман Ә) Ба-ла-мен Б) Қа-ла-ға В) Өрт Г) Дәп-тер.

13. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз:

Жаңбырсыз жер- жетім, жақсысыз ел- жетім.

А) Жаңбырсыз Ә) Ел Б) Жер В) Жетім Г) Жақсысыз.

14. Синонимді табыңыз:

А) Отан- отаншыл Ә) Әке- шеше Б) Өлім- өмір В) Сыйлау- құрметтеу Г) Ақ- қара

15. «Пайда» сөзінің антонимін табыңыз:

А) Байлық Ә) Кедейлік Б) Зиян В) Қамқорлық Г) Құн

16. «Ұлан- байтақ» сөзінің синонимін табыңыз:

А) Ұзақ, алыс, шалғайӘ) Кең, ұлан- ғайырБ) Басқа, шалғай, шалқар

В) Шетсіз, қиыр- шығыс, алысГ) Жақын, тар, ұзын

17. Антонимі бар мақал- мәтелді табыңыз:

А) Еңбек етсең, емерсіңӘ) Батыр туса- ел ырысыБ) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбейВ) Көз- қорқақ, қол- батырГ) Мектеп- кеме, білім- теңіз

18. Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз... - ормансыз бұлбұл»

А) адам Ә) ер Б) ел В) жер Г) аспан

19. Тура мағынасындағы сөзді көрсетіңіз:

А) Қоян жүрек Ә) Темір тәртіп Б) Қызыл жіп В) Алтын қол Г) Күміс дауыс

20. Антонимдерді белгілеңіз:

А) Ұқсас- тәрізді Ә) Ұнату- жақсы көру Б) Сүю-жек көру В) Оқиға- жағдай

Г) Сұлу- әдемі.


1. «Мол» сөзінің синонимін көрсетіңіз:

А) Қалың Ә) Жиі Б) Аласа В) Көп Г) Аз

2. Антонимнің анықтамасын табыңыз:

А) Жазылуы ұқсас, мағыналары әр түрлі сөздер

Ә) Аяқталған ойды білдіретін сөз

Б) Мағыналары қарама- қарсы сөздер

В) Заттың қимылын білдіретін сөздер

Г) Жазылуы әр түрлі, мағыналары ұқсас сөздер.

3. Жалқы есім қатарын анықтаңыз:

А) қала, көше Ә) әңгіме, мысал Б) Сәуле, Қазыбек би В) экономика, саясат Г) мектеп, көше

4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды табыңыз:

«Отан ... от кешкендер»

А) Ғана Ә) Секілді Б) Үшін В) Туралы Г) Бұрын

5. Туынды етістікті белгілеңіз:

А) ойла Ә) отыр Б) тұр В) жүр Г) бар

6. Тәуелденген сын есімді табыңыз:

А) Айтарың бар ма? Ә) Жақсың бар ма? Б) Ешкімің жоқ. В) Біреуің кел. Г) Сенің балаң.

7. Жалпылау есімдіктерді табыңыз:

А) Бәрі, бүкіл, барлық Ә) Өзім, ештеңе, олар Б) Кеше, бүгін, түсте В) Мен, әрқашан, ол Г) Ешкім, ешнәрсе, ештеңе

8. Жалпы зат есімді көрсетіңіз:

А) Қала Ә) Құсмұрын Б) Айнакөл В) Ұлытау Г) Көкшетау

9. «Қарай, сайын» сөздерді қай сөз табына жататынын табыңыз:

А) Одағай Ә) Етістік Б) Зат есім В) Шылау Г) Сын есім

10. Бұйрық рай етістігін анықтаңыз:

А) Барамын Ә) Келіңіз Б) Келер В) Айтқым келеді Г) Оқыса

11. Есімдіктерді табыңыз:

А) Адам, ойын Ә) Істе, көр Б) Бала, мектеп В) Кім, Біз Г) Жазғы, көктемгі.

12. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз:

А) Айтып отыр Ә) Айтуға болады Б) Айтқан В) Айтқым келеді Г) Айтса.

13. Сын есімді сөз тіркесін атаңыз:

А) Ұзақ жол Ә) Гүрс- гүрс естілу Б) Сөз сөйлеу В) Тез ойлану Г) Ойын ойнады.

14. Есептік сан есімді көрсетіңіз:

А) Он үшінші Ә) Бесеу Б) Жүз В) Екі жарым Г) Бес- бестен

15. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз:

А) Ауылдық Ә)Ауыспалы Б) Тәжірибесіз В) Әдемілеу Г) Күзгі

16. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз:

А) Кішкене төбешік Ә) Адамның мінезі Б) Биіктеу төбе В) Таулы жер Г) Ұзын ағаш

17. Болжалдықсан есімді табыңыз:

А) Бес- бестен Ә) Сағат бесте Б) Бесінші орын В) Беске таман Г) Бес адам

18. Жайылма сойлемді көрсетіңіз:

А) Оқу басталатын уақыт та жетті Ә) Күн шықты Б) Мұғалім көңілді В) Мектеп тап-таза Г) Таң атты

19. Жай сөйлемнің қай түріне жататынын көрсетіңіз:

Балалар кітапханаға кірді.

А) Жақты Ә) Жақсыз Б) Атаулы В) Толымсыз Г) Жалаң

20. Толымды сөйлемді табыңыз:

А) Абай Тоғжанмен қимай қоштасты Ә) - Қайда барасың? Б) Ертең театырға барасыз ба? В) Ертең келеді Г) Өзеннен аулаймыз


© 2010-2022