ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

2012-2013 оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткен 9-сыпыптар мен 11-сыныптардың жазған эссесін тереңінен талдау барысы көп жайттарды анықтап берді. Кей оқушылардың  шығарма мен эссені ажырата алмайтыны – негізгі мәселелелердің бірі. Соның ішінде «Ендігі жерде қандай қателіктерді жібермеуіміз керек?» деген сұрақтың туындауы да орынды. 2014 жылдың қаңтар айында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі Қ.Бешімбаева өткізген «Эссе – білім алушының тілдік, ме...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ



ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ



А.Е.Тоқбаева - Тараз қаласы ФМБ НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Тоқбаева Айнұр Елеубайқызы - 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. Білімі жоғары. Ең алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы №147 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады. 2004-2008 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясында ТжКБИ институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2008 - 2013 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы ерекше дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатында мұғалім болды. Бірнеше ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторлары құрамында.

2012-2013 оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткен 9-сыпыптар мен 11-сыныптардың жазған эссесін тереңінен талдау барысы көп жайттарды анықтап берді. Кей оқушылардың шығарма мен эссені ажырата алмайтыны - негізгі мәселелелердің бірі. Соның ішінде «Ендігі жерде қандай қателіктерді жібермеуіміз керек?» деген сұрақтың туындауы да орынды. 2014 жылдың қаңтар айында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі Қ.Бешімбаева өткізген «Эссе - білім алушының тілдік, метатанымдық білігін бағалау жұмысы» эссені жазу мен оны бағалау процесі қалай іске асуы керектігіне көзімізді жеткізді.

Семинар барысы төмендегідей сұрақтардың шешімін табуға көмектесті:

  • Пайымдау эссесі қалай жазылады?

  • Пайымдау эссесін объективті түрде қалай бағалаймыз?

  • Эссе жазуға баулудың жолдары қандай?

  • Эссе жазғанда қандай нұсқау бере аламыз?

Осыған дейін мұғалім қандай жұмыстарды атқаруы керек:

  • Сабақ мақсатын дұрыс қою;

  • Оқушының эссе жазуда өзіндік пікірінің қалыптасуы үшін түрлі әдістерді үйлесімді қолдану;

  • Оқушының жетістік мониторингін жасауға оқушының өзін де қатыстыру;

  • Әр оқушының эссе жазудағы даму траекториясын анықтау.

Әрине, эссе бірден жазыла салмайды. Эссені жазғызардан бұрын бірнеше жаттығу жұмыстарын орындадық. Ол жаттығу жұмыстары проблемалық ашық сұрақтарды құрастыру, пікір жазу, кейіпкерге хат жазу түрлерінде көрініс тапты. Осындай жазба жұмыстарын бағалау тәсілдерін мен қалай жүзеге асырдым?

Мен алдымен оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша ашық сұрақ бола алатындай проблемалық сұрақтар құрастыруға тапсырма бердім. Берілген тақырып бойынша 5 проблемалық сұрақ құрастырған соң, бұл жұмыстар сыныптағы басқа оқушыларға алмастырылып таратылып берілді. Ендігі тапсырма: оқушы алдына келген жұмысқа пікір жазуы керек әрі сұрақ авторының жұмысына өзіндік бағасын беруі керек. Бұндай жұмыс түрі оқушыны сыни тұрғыдан ойлантумен қатар, өзіндік көқарас, пікір айта білу, ситуацияға өзіндік баға беру дағдыларын қалыптастырады.

Сұрақ қоя білу де - өнер. Джеймс Тарбер: «Мен барлық жауапты білгенше, бірнеше сұрақты қоя білген артық деп есептеймін» - деген екен. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушы орынды сұрақтарды қоя алады. Оқушыларды бірін-бірі бағалауға үйрету олардың сыни тұрғыдан ойлауын арттыра алады

Сыныптастарын бағалау - оқушыны ынталандырудың деңгейін көтереді. Әрі бұл жұмыс сыныптастары бағалайтын оқушының жұмысын жақсартудың амалдарын және одан әрі дамытуды анықтап береді.

Осылайша оқушылар бір-біріне кері байланыс бере алады, бір-біріне қолдау көрсетеді, талқылауға, түсіндіруге, бір-бірінің жұмысына сын жазуға мүмкіндік алады.

Бұл кезде мұғалім оқушыларға тиісті нұсқаулықтарды береді:

  • Табыс критеийлеріне жеткен бе?

  • Ерекше мысалдар келтірілген бе?

  • Жұмыстың жалпы сапасын бағалау.

Бағалауды мұғалім ұйымдастырғанда, ол үрдіске оқушылар да қатысуы керек. Аталған жұмыстарды жазуды бастағанда оқушылар өзі үшін үш табыс критерийін жасайды. Осы бойынша оқушылар жұмысының қорытындысы жасалады. Оқушы өзін-өзі бағалайды, жұмыстың төменгі жағына смайликтер қойылады. Әлі де жақсарту үшін жұлдызша белгісі қойылады. Сөйтіп өзінінің жеткен жетістігін бағалауға мүмкіндік алады.

Бұл жұмыстың нәтижелігін эссе жазуда оқушылардың қолданған сөз орамдарынан, эсседегі ой қисынынан аңғаруға болады.

Оқыту мақсатына сәйкес оқушы өзінің табыс критерийлерін белгілей алады. Оқушылар табыс критерийлері арқылы өзін бағалайды.

Мысалы: сабақтың мақсаты - мәтіннің тақырыбы мен идеясын түсінуі; оқиғаны сипаттай алуы болса, оқушы үшін табыс критерийлері: 1. Мәтіннің тақырыбы мен идеясы туралы білемін; 2. Мәтін бойынша ашық сұрақтарды құрастыра аламын. Бұл - қарапайым үлгі.

Абай отыз сегізінші қара сөзінде: «Ғылым-білімді, әуелі, бала өзі іздеп таппайды, басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деген ұлағатты пікір айтқан екен. Осылайша, эссе жазуға дайындық барысын біртіндеп ұйымдастыруға болады деген ойдамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Загашев И. О., Заир-Бек С. И., Муштавинская И. В. Учим детей мыслить критически. Издание 2-е. - СПб: «Альянс «Дельта» совм. с издательством «Речь», 2003.

  2. Цукерман, Г.А. Оценка без отметки / Г.А. Цукерман. - Москва-Рига : Педагогический центр «Эксперимент», 1999.





© 2010-2022