Тақырып: «Дұрыс әрекет-өмір негізі. »

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін -өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұндық сабақ жоспары

Мектеп: Жаңаталап орта мектебі

Күні:11.12.2015 жыл

Тақырып: «Дұрыс әрекет-өмір негізі.»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу, уақытты үнемдей білу, қоғамға риясыз қызмет ету, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік.

Мұғалім:Құлжанбекова.А.Н.

Сынып:9"ә"

Оқушылар саны:13

Сабақтыңмақсаты:

адамгершілік құндылықтардың мәнін ашу, балалар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, дұрыс әрекет жасауға баулу.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларғажалпыадамгершілік қасиеттер туралы түсінік беру;

2. Қоғамға риясыз қызмет ету арқылы қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

3. Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке, шынайылылық сезімдеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа, суреттер, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Сұрақ:

1.Осы тыныштық сәтінде қандай cезімде болдыңыздар?

2.Айналаңа, жақындарыңа, туыстарыңа, достарыңызға, өзіңізге жақсы тілек тілеудің әсері қандай болды?

Түйін.

Ендеше әрқашан бір- бірімізге жақсы тілектерімізді жалғастыра отырып, бір- бірімізге сүйіспеншілікпен қарап, әрқашан қарым- қатынасымызды дұрыс әрекеттер арқылы көрсете отырып, ішкі тыныштығымызды сақтайық. Ол бізді бақытқа жеткізеді.

2.Дұрыс әрекет құндылығына түсінік.

"Дұрыс әрекет- мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады".

Әл-Фараби.

Дұрыс әрекет-жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

Ойдағы сүйіспеншілік -ақиқат,

Істегі сүйіспеншілік-дұрыс әрекет.

Ақиқаттағы сүйіспеншіліктің барлығы-дұрыс әрекет.

Сұрақ:

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?

2.Дұрыс әрекет болу үшін, адам бойында қандай қасиеттер басым болу қажет?

Қорытынды:

Дұрыс әрекет - бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Сондықтан балалар бір-бірімізге ізгілік көрсетіп, қамқор болып, қолдау көрсету арқылы дұрыс әрекет жасай білейік.

3. Бейнебаян « Жақсылықты өзіңнен баста өзіңнен баста».

Бүгінгі сабағымыздағы дұрыс әрекет құндылығына байланысты «Жақсылық жасауды өзіңнен баста» бейнебаянын көрсетейін.

Сұрақ:

1. Бейне фильм не туралы?

2. Не себептен бала барлығына көмектесіп жүр деп ойлайсыздар?

3. Бейнефильмдегі баланың әрекетін қалай атауға болады?

4. Өз өмірлеріңізде мұндай жағдайлар кездесті ме?

Түйін:

Бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді дұрыс әрекеттер арқылы сіңіре алуымыз қажет. Сонымен қатар мәңгілік құндылықтарды уақытша құндылықтардан ажырата білсек, қарым-қатынасымызды ізгілікке бағыттасақ онда өзімізді де, өзгені де бақытты ете аламыз.

4.Топпен ән айту. Кәне, балалар барлығымыз қосылып «Достарым» әнің шырқайық

Г.Оразымбетова

Дөңгелек шексіз ғаламбар,
Өтсе де қанша замандар.
Достық қушагын ашады,
Біріне- бірі адамдар.

Достарым ай, күним,
Арайлап айдыным.
Сендерсін сарқылмас береке,
байлығым.

Жетсе де жылжып жыл басқа,
Достардын жөні бір басқа.
Сағынысып бір көргенде,
Құшағын жайып тұрмасқа.

Достарым біргеміз
біргемиз бөлинбес іргеміз
арманмен қиялмен қол создық күнге біз.

Түйін:

Бойында адамгершілік қасиеті бар адам қай уақытта болсын дұрыс әрекет арқылы жақсылық жасаудан аянбайды. Адамдардың бір-біріне жақсылық жасауынан достық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер туындайды.













© 2010-2022