Урок на тему Қазақстан Республикасы 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Қазақстан Республикасы»
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғауды қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жерінің табиғаты мен байлығы туралы түсініктерін кеңейту. Тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғай білуге, дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушының еліне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімі арқылы патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды намысты, ұлтжанды болуға тәрбиелеу. Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, табиғатты сүюге және қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: Дамытушылық сабақ.

Әдісі: сұрақ - жауап, сөйлесу, түсіндіру, аударма, баяндау, ізденіс, ойқозғау

Пәнаралық байланыс: география.
Сабақтың барысы:

- амандасу;

- оқушыларды түгендеу;

Сабақтың барысы:

- амандасу;

- оқушыларды түгендеу;

Үй жұмысын тексеру: Біздің Отанымыз. Тәуелдік жалғау. Ойқозғау:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

- Бұл өлең не туралы?

- Отан туралы..

- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.

бірінші оқушы: Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

екінші оқушы: Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

үшінші оқушы: Отан осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтай сүйе біл!

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз - Қазақстан.
- Қазақстан біздің Отанымыз. Ол - біздің үлкен Отанымыз. Біздің туған жеріміз Ақтау қаласы, ол біздің кіші Отанымыз. Отан деген сөзді басқа қандай сөздермен алмастыруға болады екен?

- Туған жер, туған өлке, атамекен, туған ауыл, туған қала.
- Дұрыс, бұл сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар.

- Отанымыз Қазақстан туралы кім не біледі?«Біздің Отанымыз» мәтін мазмұнын, Отан туралы әңгімелеу.

- иа, Отан, туған жер ұғымы, - кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Енді осы Отан, туған ел туралы білімімізді кеңейту мақсатында мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.

6-тапсырма 75-бет

1. Ұлт - қазақ

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі - Елтаңба

3. Көктем мерекесі - Наурыз

4. Қазақтың ұлы ақыны - Абай

5. Космодром - Байқоңыр

6. Қазақстанның астанасы - Астана

7. Қазақстан Республикасының рәмізі - Ту

8. Қазақстандағы теңіз - Каспий

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі - Әнұран

- Балалар, қандай тірек сөз шықты? ( «Қазақстан» деген тірек сөз шығады) Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Қазақстан Республикасы». Енді бүгінгі тақырыбымызға байланысты жаңа сөздермен танысайық.

Жаңа сөздер:

Сөздікпен жұмыс (Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлем немесе сөз тіркесін құрастыру)

көмір - уголь ерекше - особенный

мұнай - нефть мақта - хлопок

темір - железо мақтан етемін - горжусь

мыс - медь биіктеген сайын - чем выше

кендері - ископаемые мөлдір - прозрачный

Мысалы: Ақ мақта, мөлдір су, ерекше оқушы,

Еліміздің табиғаты ерекше.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. 1 - тапсырма. «Жері байдың - елі бай»

1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Мәтінді орысшаға аудару.
3. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.


Мысалы:

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан қандай респбулика?
4. Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.

Мысалы: Отанымыз - І жақ, көпше, табиғаты - ІІІ жақ, жекеше, қалаларында - ІІІ жақ, көпше
5. Мәтіннің мазмұнын баяндау.

6. "Отан" тақырыбына мақалдар айту "Сен мақал - мәтелдер білесің бе?" Мысалы:
Отанды сүю отбасынан басталады.

Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Әркімнің өз жері - жұмақ.

Туған жердің ауасы да шипа.
Туған жерге туың тік.

7. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтандар.

Дұрыс Бұрыс
1. Біздің Отанымыз - Қазақстан. +
2. Жері байдың - елі бай. +
3. Алматыда ақ мақта өседі. -
4. Қызылордада күріш өседі. +
5. Республикамыз үлкен емес. -
6. Оңтүстікте алма өсіріледі. -

- Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Дұрыс айтасыңдар, бабалар, әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. Кәнекей, әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.

Сергіту сәті:

Кәне, кәне тұрайық,

Дөңгеленіп алайық,

Киіз үй біз құрайық.

Сол қолымды көтердім,

Оң қолымды көтердім,

Уықты мен тіредім.

Шаңырақты көтердім,

Киіз үйді тұрғыздық,

Жұмысты біз тындырдық.


Сөйлесу: «Қазақстанның таулары» диалогін оқып шығып, жалғастыру

- Сен тұратын жерде тау, өзен, көл, теңіз бар ма? Қалай аталады?

- Ал, туған жеріміздің табиғаты қандай?

«Кубик лақтыру» ойынын ойнау.
Бір оқушы есімдіктер жазылған кубикті келесі оқушыға лақтырады. Кубикті қағып алған оқушы сол есімдікті берілген сөзбен тәуелдік жалғауын жалғап айтады. Мысалы: Менің жерім, сенің Отаның, сіздің досыңыз, оның ауылы.

Сабақты бекіту

- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

- Қазақстан жері қандай екен? (Қазақстан жері - бай)

- Қазақстан жерінде тағы қандай байлықтар бар? Білесіңдер ме?

- иа, Қазақстан жерінің байлығы тек мұнымен ғана шектеліп қана қоймайды. Қазақстан жерінде кен байлықтары көп. (Слайд Қазақстан Республикасының картасы, оқушылар шығып қалаларды, ондағы байлықтарды атап көрсетеді.)

- Балалар, біздің туған жерімізде қандай кен байлықтары бар? Кім көрсетіп, айтып береді?

- Біздің туған жеріміз Маңғыстауда мұнай, газ шығады.

- Ал, туған жеріміздің табиғаты қандай?

- Туған өлкеміздің табиғаты әр алуан, ерекше
Қорытынды: Балаларды мадақтау.

- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз. «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқып беріп, «Қазақстан» сөзіне ассоциация жазады.
Бағалау: Оқушы білімін бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және жаңа сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Жері байдың - елі бай» мазмұнын әңгімелеу. 4-тапсырма. Қазақстанның табиғаты туралы шағын әңгіме жазу. Сөздік жаттау.







Сабақтың тақырыбы:

«Қазақстан Республикасы»

Тәуелдік жалғау

(5-сынып)


Мұғалімі: Узбекова Ж. С

№ 4гимназиясы







© 2010-2022