5-сынып қазақ әдебиеті Ә. Тәжібаев Сырдария өлеңі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің I санатты мұғалімі

Корганбаева Ардак Куанишовна


Қысқа мерзімді жоспар. Сыныбы: 7 «а»-сынып Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Ә. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Мақсаты:

Автордың өмірі мен шығармашылығы мәлімет бере отырып, «Сырдария» өлеңінің мазмұны мен идеясын сыни тұрғыдан талдауға үйрету.

Міндеттері:

1.Ақынның өмірі мен өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу; өлеңге сатылай кешенді талдау жасау;2.Есте сақтау, сөздік қорларын дамыту. 3.Өзінің туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыта түсу.

Күтілетін нәтиже:

Автордың өмірбаянын біледі. Өлеңді құрылысына қарай талдай білді. 2.Табиғат лирикасына арналған өлең екенін біледі. 3.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын өмірден мысал келтіре отырып аша алады.

Қолданылатын модуль:

Стратегиялар:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3.Оқыту үшін бағалау ж/е оқуды бағалау; 4. АКТ-ны қолдану; 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

«Мозайка», «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Миға шабуыл», «Жуан-жіңішке сұрақтар», «Тың деректер» әдісі

Негізгі дерек көздер, ресурстар

Оқулық. Әдебиет. 7-сынып. Р.Құтқожина. Қ.Бітібаева. Е.Арын.

АКТ мүмкіндіктері; Ғаламтор желісі, АКТ негіздері, қалам, интербелсенді тақта, дәптер


Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

(2 мин)

Психологиялық ахуал. Өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Мозайка арқылы топқа біріктіреді.

Суреттерді құрастыру арқылы топқа бірігеді.

Топ іске жұмылады, зейіні шоғырланады. Қызығушылықтары оянады.

Үй тапсырмасы

(5 мин)

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтармен қорытады. Есте сақтау қабілеттерін бақылайды.

Алған білімдерін бекітеді.

Өткен тақырыпты қорытады, келесі сабақпен байланыстырады.

Негізгі бөлім

(1 мин)

«Ой қозғау», «Миға шабуыл», Сұрақтар қою арқылы топтық, жұптық жұмысқа жұмылдырады.

Топпен, жұппен, жеке жауап береді.

Қызығушылығы артады.

  • Білу . (8 мин)

Көрсетілім қай ақын туралы? Автордың өлеңі туралы не білгілерің келеді? Мазмұнын ашуда қандай ой қосар едіңдер?

Үш топқа тапсырма орындату арқылы ізденісін байқайды. Маңызды ақпараттарды түртіп алу керек екені ескертіледі.

Ізденген тың деректер бойынша топтық жұмыс орындайды.

5-сынып қазақ әдебиеті Ә. Тәжібаев Сырдария өлеңі

Ә. Тәжібаев шығармашылығы жайында деректермен танысады. Топтасып жұмыс жасауға жұмылады.

Түсіну. (8мин)

Сөздікпен таныстырады.

Гейне- неміс ақыны, Рейн-Германиядағы өзен, Тарас - Украин ақыны, Днепр -Украинадағы өзен. Пушкин - орыс ақыны. Еділ - Ресейдегі өзен. АВС деңгейлі оқушылардың мәнерлеп оқу деңгейін анықтайды.

«Сырдария» өлеңімен танысады, Сырдария өңірі жайлы ақпарат көзін қарастырады. Сөздікпен танысады.

Өлеңді мәнерлеп оқуға машығады, Сырдария жөнінде түсініктері кеңейеді.

Талдау. (8мин)

«Жуан-жіңішке» сұрақтар арқылы өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.

Өлеңнің маңыздылығы туралы сыни тұрғыдан ойлайды, сұрақтарға жауап береді. Өлеңді сатылай талдайды.

Өлеңді талдау арқылы теориялық білімдері артады, іске жұмылады.

Сергіту сәті.

(2 мин)

З.Шүкіров, Ш. Қалдаяқов «Сыр сұлуы» әнін орындатады.

Сыр елі туралы жазылған әндермен танысады. Бірге орындайды.

Сырдария туралы таным-түсініктері кеңейеді.

Қолдану. (4 мин)

Топтарға тапсырма беріледі.

«Жейхун» тобы: «Сырдария - сыр елі» «Яқсарт» тобы: «Туған жерім тұғырым» тақырыбында өлең.

«Сырдария» тобы: Туған жер, сур туралы мақал-мәтел. Дарынды балаларды салыстырады, бақылайды.

Сырдария туралы қалыптасқан түсініктерін айтады. Шығармашылық жұмыспен айналысады.

Дарынды және талантты оқушылар анықталады. Шығармашылық ізденіс артады.

Рефлексия (3 мин)

Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлері мен алған білімдері жайлы өз ойларын жазуды ұсынады.

5-сынып қазақ әдебиеті Ә. Тәжібаев Сырдария өлеңі

Жаңа сабақ бойынша түсініктері қорытындыланады, бекітіледі.

Жинақтау. (3 мин)

Сабаққа қатысқан оқушыларды формативті, жиынтық бағалау.

Топтар бір-бірін бағалап, ұсыныстарын білдіреді.

Топтар бір-бірін бағалау арқылы білімдерін нақтылайды.

Үй тапсырмасы.

(1 мин)

Үй тапсырмасының орындалу ретін айтады. «Сырдария» өлеңін жаттау

Күнделіктеріне түртіп алады.



© 2010-2022