Тәрбие сағаты 7 класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Отбасы қоғамның алтын діңгегі

Мақсаты: оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үленді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі.

Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.

Өзін және сыныптарын бағалайды.

Түйінді түсінік: Отбасы, адамзат, қоғам.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс : ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Кіріспе: Оқушылармен амандасу, түгендеу

-Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

- Біз неге шеңберге тұрып сабақты бастадық?

Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы- бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жақсылық тілейміз.

Топқа бөлу: Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал -мәтелдер арқылы топқа бөлу.

-балалар біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?

Мақал-мәтел қиындылары:

«Әке асқар тау, ана-бұлақ, бала жағасындағы құрақ»

«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі»

«Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.

  • Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесіздер? Отбасы қандай болуы керек?

Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу

-Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.

Сыйластық, жарастық орнаған орта: шағын мемлекет; ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.

Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата-әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.

«Батыр ана » қалай түсінесіңдер?

Көп баланы дүниеге әкелген ананы-Батыр ана деп атаймыз.

Көп бала өсірген аналарға «күміс алқа», «алтын алқа» беріледі.

Ауыл бойынша Алтын алқа, күміс алқа алған аналар туралы мәліметті мониторнг арқылы көрсету.

Ойланып дәптерге түсіріп, анықтама береді, жауап береді.

Топтардағы әр оқушының пікірін тыңдау.

Интербелсенді тақтаға келіп жазады

-ойланады

-естеріне түсіреді

-мысалдар келтіреді

Негізгі бөлім 1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер жасайды.

2-топ : «Әке -алтын діңгек»

3-топ: «Отбасы бақытты -ел бақыты»

Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт, бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.

Топтар бір-бірін 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы бағалайды.

«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы слайд не бейне таспа арқылы әңгімелейді) «Перзент парызы» осыдан кейін оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

1-топ: Менің бақытты жанұям тақырыбында эссе жазады.

2-топ:Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп

3-топ: 5 жолды өлең

Оқушылар жұмыстарын бас бармақ арқылы бағалайды.

«Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында коллаж дайындау.

Оқушылар берілген суреттерді құрастыру арқылы коллаж дайындап қорғайды.

Топтар жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Қорытынды «Жақсы тілек-менен» әр оқушы алмаға тілек жазып, тақтадағы тілек ағашына қондырады

Кері байланыс парағын толтыру

Кері байланыс парағы:

Бүгін мен сабақта білдім (нені)?

Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)

Оқушыларға жаднама таратып беру



© 2010-2022