• Преподавателю
  • Другое
  • Дарынды балалар және олармен жұмыс жасаудағы педагогикалық еңбектің ерекшеліктері

Дарынды балалар және олармен жұмыс жасаудағы педагогикалық еңбектің ерекшеліктері

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мундуинова Асем Ерболатовна

Павлодар облысы,

«Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Дарынды балалар және олармен жұмыс жасаудағы педагогикалық еңбектің ерекшеліктері


Қоғамда, табиғат құбылыстарында ең қызықты да жұмбақтай болып келетін - балалық дарын. Балалық дарынды және оны қалыптастырып, дамытатын да ең алдымен отбасы - ата-ана, қоғамдық орта, сол баланың дарынын анықтап, тәрбиелей білетін тікелей ұстаз, мектеп дер едік. Бала - шәкірт дарынына деген назар, ықылас бүгінгі адам баласы пайдаланатын техникалық құрал жабдықтардың тым жетіле бастаған ғасырында аса биік. Қала берді, бүгінгі қоғамда дарыны асқақ, өнер-білім иесіне деген талғам, сұраныс та ерекше. Шәкіртті сабақта түсініп оқуға бірден-бір қызықтыратын - ұстаз ғана. Оның ерекше бір әсермен, тебірене де, жігерлене де, шабыттана да, күңірене де айтқан бір ауыз сөзі. Оқушы дарынын тану - тақырыпты меңгертуден басталады. Пәнге деген қызығушылықтың арқасында көркем шығарма оқуға деген сүйіспеншілік артады. Ұстаздың тіл өнері еш техникалық көрнекілікке ұқсамайтын, таптырмайтын құралдардың бірі. Сөз түсініксіздігі сөздік құрамының нашарлығы, мәдениетінің төмендігін білдіреді. Міне, сондықтан да балалардың сөзіне, дауыс ырғағына, ым-ишарат белгісіне үздіксіз көңіл бөліп отыру қажет.

Дарынды балаларды анықтауда әр оқушының бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Әрбір оқушы бірізді мұғалімнің назарында болуы, бірізді зерттеуді және барлық мүмкіндікті пайдаланып, педагогикалық, психологиялық диагностика жүргізуді көздейді.

Шығармашыл, жеке-дара тұлғаның өз орны өз ортасында оқшауланып та тұрады. Қоршаған ортаның ашылмаған сырларына деген бала көзқарасы да оның бойына белсенділік пен өмірге деген қызығушылық, құштарлық секілді асыл қасиеттерді дарытады.

Қызығушылық - адам бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі. Өмір сүрудің өзі қызығушылықпен біте қайнасқан. Қызығушылықтың да шарықтау шегі бар. Ол - шынайы махаббат. Өмір сүруге құштарлық. Өнер-білім үйренуге деген талпыныстар, туған жер табиғатын аялау, мәпелеу - бәрі де қызығушылықтан туындаса керек.

«Қызығушылық» - кең мағынадағы ұғым. Ол адамның саналы әрекеті. Адам айналасындағы сан алуан заттарға ерекше көңіл бөліп, қызығып отырады. Қызығушылықтың үлкен бір орын алатын психикалық әрекетінің бірі - тілек. Адам не тілесе де, барлығы мұқтаждықтан туындайды. Ол үшін қызығатын нәрселер адамға тек жағымды эмоциялық сезімдер туғызуы керек. Адам алдына мақсат қойып, өзінің ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылданып отырады. Мәселен, оқушы оқуға қызығу үшін оқулықтың мазмұнын түсінуі қажет. Дарынды оқытудың әдістері жөнінде мәселелерді қарастырғанда Ж.Локк ең бірінші орынға баланың ойлауын тәрбиелеуді қояды. Бұл жөнінде өзінің «Ақылды тәрбиелеу туралы» және «Оқу туралы» атты еңбектерінде бірнеше нақты кеңестер ұсынды. Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету Локктың оқыту әдісінің негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға қарсы келеді. Құр жаттап оқу есті де, ақылды да дамыта алмайды. Сондықтан мақсатты түрде, балаларды өздігінше ойлау жұмыстарына үйрету қажеттілігін дәлелдейді. Ал, Ж.Ж.Руссоның оқу әдістемесінің негізгі өсиеттерінде «бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпау қажет, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту керектігін» басшылыққа алғым келеді.

Қызығушылық түсінік болмаған жерде болмайды. Қызығушылық оқу-тәрбие жұмысында өте қажетті шарттар болып табылады. Оның (баланың) жақсы оқуына, оқығанын жақсылап түсініп алуына, балаларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойынан адамгершілік қасиеттерді еңгізуде ықпалы зор. Егер баланың алдына тұтқан мүддесі, қызығуы болмаса, оқу пәніне, тәрбие жұмысына ешбір қызықпаса, онда оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмайды. Қызығушылық нақтылы қоғамдық жағдайлармен де байланысты. Қызығушылық ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда болып отырады. Баланың қызығушылықтары оның жас ерекшеліктеріне де байланысты.

Баланы еліміздің байлығымен, туған жерімізбен, қоғамдық өзгерістерімен әрдайым таныстырып, қызықтыру қажет. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген қасиетті ұғым баланың отансүйгіштігін оятатындай болуы тиіс. Қызығушылықтың дамуында балалар өздерінің күшіне сеніп, атқаратын жұмысына ынталы кірісуі керек. Ол жұмыстың нәтижесін, табысын көрсе, онда көңіл күйі, рухы да көтеріңкі болады. Адамның іс-әрекетінің барлығы белгілі бір мақсатқа, мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Белгілі бір мақсаттарға жету кейде арман да болады. Арманға жету - адам бақыты. «Арман», «бақыт» дегендердің бәрі де өмірде қызығушылықпен астасып жатса керек. Оқуда болсын, еңбекте болсын адам алдына мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруды көздейді. Ең басты мақсат пен мүдде адам тұрмысында жетекші орын алып, адамды алға қарай жетелеп, жігерлендіріп отырады. Қалыпты жағдайда адамның барлық әрекет қылығы саналы болады. Сананлы әрекеттің маңызды сипаттарының бірі - шығармашылық.

Шығармашылық та - адамның өмірге деген қызығушылығының, махаббатының көрінісі. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. Біздің күнделікті тіршілік әдетімізде шығармашылық әрекеті болмаса, онда ешбір жаңа ой, пікір қалыптаспай, нәтижелі табыстарға жетпеген болар едік. Шығармашылық бар жерде, қиял да, арман да бар! Қиял - шығармашылықтың негізгі бір психикалық құрамы болып табылады. Шабыт - адамның бір іске деген қызығушылығының пісіп-жетілген, ептеп қана ағаш бұтағынан алынатын жемісі.

Қоршаған ортаға сын көзбен қарау - бала талғамы мен шығармашылығын, дарынын шыңдайды. Ұстаз, білім-тәрбие беретін мектеп, сан салалы ғылым-білім, өнер негіздерін үйретсе, қоршаған орта - қоғамы да бала бойына жағымды қасиеттерді дарытуға қабілетті.

Дарын көп жағдайда адам баласына туа бітеді. Туа біткен дарынды тәрбиелеу өз алдына бір қиындықтарға да тап болып отырады. Математикалық есептерді шығаруға қабілеті бар шәкірттің ұстазы да математика ғылымына тым жетік болғаны жақсы. Ән мен музыкаға қабілеті бар баланың ұстазының да музыка өнерін ерекше сүюі әрі бірер музыкалық аспапта сауатты ойнай білуі, әнші-күйші болуы да шарт секілді. Кейбір оқушылар математикаға қабілеті болмағанымен, бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Тілсіз қылқаламды, суретті сөйлете білетін де шебер талант иесі. Тым ерте білінген бала қабілетін, талантын тәрбиелеп жетілдіру - осы заманғы білім беру жүйесінің басты проблемаларының бірі болып қала бермек.

Қазіргі балалар ойын компьютер билеген заманда көркем шығарма оқып, оны жатқа айту қабілетін шыңдау оңай емес. «Дарынды балаларға үлкендер тарапынан көмек-қолдаудың қажеттілігі де шамалы, үлкендер бала бойына біткен дарынды білместіктен өшіріп алмас па екен?» деген жаңсақ пікір айтып, қауіптенетіндер де бар.

Қазір баланың жан-жақты дамуына еліміз егемендік алған соң да, одан бұрынғы Кеңестік заманда да мол мүмкіндіктер жасалған. Сондықтан ананың ақ сүтімен бітіп, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде бала бойына қалыптаса бастаған дарын Ұлы Абай айтпақшы «өнері мен білімі екі жақтап» адамды жақсы өмір кешуге жетелейді.

Бала бойындағы дарын ақылдылық секілді асыл қасиеттің де нәтижесі болар. «Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: бірінші, тәжірибе жолы - бұл ащы жол; екінші, біреуге ұқсау жолы - бұл ең жеңіл жол; үшінші, ойлау жолы - бұл ең таза жол» деген екен ежелгі қытай даналары.

Дарынды балалардың ойлау қабілеті өзге құрбы-құрдастарынан ерекше жоғары болып келеді. Бұлар ең алдымен арманшыл жандар. Себебі, арман адамды алға, тек жақсылықтарға ғана бастайды емес пе?! Қандай да талантты, талғамы биік, асқақ ойлы дарындарды оқыту арқылы ғана өсіруге, биіктерге көтеруге болады. Жылт еткен болмашы дарынды тәрбиелемесе, маздап жанған жалынның өшкеніндей, тез сөнеді.

Егер шәкірт бойындағы талантты Эдиссонша бір пайыз ғана қабілет десек, ал қалған тоқсан тоғыз пайызы адамның үнемі еңбектенуінің нәтижесінде қалыптасады екен. Қандай да бір өнер мен білім-ғылым түрлеріне қабілет-дарыны танылған жасқа ең алдымен өз еркінше пайдаланатын уақыт қажет.

Дағдылану - еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам өзінің істейтін еңбегіне орай тиісті дағдыларды меңгермесе, ол істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды. Сонымен қатар жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбегінің өнімін, жемісін көбейте алмайды. Әсіресе, дағдыланудың педагогикалық үдерісте алатын орны ерекше. Дарын иесіне уақыт - алтыннан да қымбат дүние іспетті көрінеді. Баланың өрге құлаш сермеуі үшін пайдаланатын уақытына шектеу қоймаған дұрыс. Бойында дарыны бар баланы тыстан қыспақтап, оған мән айту жағынан да ұстаздың сақ болғаны дұрыс. Мұндай өнер-білім қуған шәкіртті тек мәпелеп, көлденеңнен жасалатын жағымсыз кедергілерден қорғаштау аса маңызды. Баланың сүйікті ісіне деген шабыты, құлшынысы мұндайда бәсеңсіп, секемшіл көңіл жабырқап, дел-сал күн кешеді. Әсіресе, ақындық өнерге бейім шәкірт көңілі осындай болса керек. Ақын жүректі жастың әркез жайдары да жарқын болуы ұстазына да ерекше маңызды. Адам баласына қажетті бар өнердің ең асылы - сөз өнері. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деп Ұлы Абай айтпақшы, әсіресе өлең жазуға бейім шәкірттермен жұмыс жасау - тіл мен әдебиет пәндерінен сабақ беретін ұстаздарға ерекше жауапкершілік жүктейді.

Қабілетті дамытудағы ең басты фактор - еңбек дедік. Адам неғұрлым өз еңбегінің нәтижесін қызығыш келсе, соғұрлым оның қабілеті дамиды. Қабілет те, қызығушылық та іс-әрекет үстінде қалыптасады, дамиды. Ерекше бір қызығушылықпен орындалатын сан мағыналы кәсіптік еңбек, бейімділік секілді асыл қасиетке апарады. Бейімділік адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілінің аууы және оның жүзеге асырудағы икемділігі. Әркез қызығушылықпен атқарылатын істер мен әрекеттер дарындылық, талант, данышпандылық сияқты асыл қасиеттерді адам бойына дарытады. «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың» деген аталы сөз адамды еңбекті сүюге, талантты қастерлеуге, өнерге деген қызығушылыққа тәрбиелесе керек-ті. Көсем болу, шешен болу - әркімнің маңдайына біте бермейтін қасиеттер. Маңдайдан ащы тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие бола алмайды. Қабілет адамның жан қуатымен тығыз байланысты. Ол наным мен сенім, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, еңбексүйгіштік, өзіне-өзі қатты талап қоя білу т.б

Талант (дарын) - ескі гректер мен римдіктерде табиғи сый мен қабілет деген мағынада айтылса керек.

  • Білім мен дарын талпынғанға қонады. «Ит маржанды не қылсын» деп данышпан Абай айтқандай, маржанды қажетсінген адам, оны іздеп, тереңге бойлай білген адам ғана табады. Ал, тереңге бойлау үшін де талап, еңбек керек емес пе?!

Дарынды балалардың әсіресе тіл өнеріне бейімділерінің сөз байлығы мол, тілі орамды келеді. Мұндай балалар алуан түрлі сөздіктер мен энциклопедияларды оқып, өз жандарынан жаңа сөз, сөз тіркестерін ойлап тауып жатады. Талант иесі ойлау қабілетін, ми жұмысының белсенділігін арттыру үшін неше сықылды ойындармен бір мезгіл шұғылдануды артық көрмейді. (Кроссворд шешу, достарымен шахмат ойнау секілді). Кейбір дарынды балалар, әсіресе, математикадан күрделі теорема мен есептер шығаруға бейімділер - сөйлер сөзге тым сараң келеді, көбінде тыныштықты ұнатады. Бұл секілді дарын иесінің өз еркімен жұмыс жасауына еш кедергі келтірмей, бұлар отырған бөлмені жарық әрі сәнді етіп жинастырған жөн. Радио, теледидар, т.б. музыкалық жабдықтарды шулатпай қажет. Кейбір дарынды балалар бір іске ерекше назар аудара отырып, ол іс қаншама қиын іс болса да (математикалық есептер, күрделі әдеби шығармаларды талдау), сол бір атқарылар іске деген қызығушылығы артып, уақытпен де санаспай орындап шығады. Дарын иесі тіпті атқарып шыққан ісінің қаншалықты нәтижелі, қоғамына қаншама пайдалы болғанын да ескермей қалады. Мұндайда дарын иесінің сыншысы да, еңбегіне баға беретіндер де пікірлес достары, өнер-білімді терең ұғынар жұртшылық болса керек.

Мен қызмет жасап отырған мектеп - аз комплектілі ауыл мектебі. Мұндай мектептен дарынды балаларды анықтау оңай, мұндайда бала психологиясын жете білетін ұстазға онша қиындық туғызбайды. Өзім ұстаздық еткен 5 жылда дарынды балалармен жеке-дара жасаған жұмыстарымды қызметімнің ең маңыздысы деп білемін. Шәкірттерімнің облыс пен республика деңгейінде осыншама өнер көрсетіп, марапатқа ие болуы да мені қатты толғандырған. Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс атқаруға деген құлшынысымды да еселегенін қалай жасырайын.

Ұлы композитор Штраустың 60 жылдығына өзі туған Австриядағы кішкене қаладағы газетке: - Штраус өзінің 60 жасқа толған тойына стадионға музыкалық қабілеті бар жерлестеріне «Көгілдір Дунайға» дирижерлік жасайды, сол тойға келіңіздер, - деген хабарландыруға 60 мың адам скрипкасымен келіп, бүкіл стадион оркестрге айналып, мерейтой иесі дирижерлік еткен екен.

Ал, біздің классикалық музыка шеберіміз Еркеғали Рахмадиевке осында қошемет жасай аламыз ба?!

Штараусты осыншама ұлықтау - дарынды және өнерді ұлықтау болса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Кемел Мырзагелді. Абзалдық әліппесі. Астана: Аударма, 2003. - 136 бет.

  2. Қ.Бержанов «Педагогика тарихы». Алматы: Мектеп баспасы, 1984 ж.

  3. «Одаренный ребенок» / под ред. О.М.Дъяченко - М; 1997 г.

  4. «Психология одаренности детей и подростков» /под ред. Ю.Д.Бабаева, Н.С.Лейтеса, Т.М.Марюгина - М; 2000 г.



© 2010-2022