Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарлау жазбасы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жунусова Алмагуль Тлеккабыловна 3-деңгейлі В1 есебі

2-қазақ тобы мұғалім портфолиосы

Атырау қаласы 10.11.2015.

Орта мерзімді жоспар

Тақырыбы.

Оқытудың

негізгі

мақсатары

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Бағалау,соның ішінде оқыту үшін бағалау

Барлығын қосқанда

Негізгі дереккөздер

1

2

3

4

5

6

7

1

Ислам дәуіріндегі әдебиет

Ислам дәуірі не екенін түсінеді.

Ислам дәуіріндегі әдебиет өкілдері жайлы біледі.

Шаттық шеңбері

«Ойлан,Жұптас,Бөліс»

«Кубизм» әдісі

«Борттық журнал»

Б.о:оқушылар ислам дәуіріндегі әдебиет туралы айтып әдебиет өкілдері мен шығармашылығын біледі.

Б.б.:Ислам дәуір әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиетін салыстыра алады

К.о:Ислам дәуір әдебиеті туралы қызықты деректер айта алады.

«Бағдаршам»

арқылы бағалау

Кері байланыс

( қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет [33]

Бағыты:

Оқушыдан-мұғалімге

ТЖДО:

Ислам дәуіріндегі әдебиет өкілдеріне кімдер жататының

табу.

Жас ерекшеліктеріне байланысты

«Жуан» және «жіңішке»

сұрақтар дайындау

Қосымша кітаптар:

Алма Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті»

8-сынып қазақ әдебиеті

2

Әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер», «Бауырым, қанша сүйгенмен» өлеңдері

Шығармаларының тақырыбын түсіне отырып, мазмұнын мен идеясын айта алады.

Шаттық шеңбері

Блум таксономиясы

( оқушыларға

болжам жасауға, өз ойын құруға,қорғауға,

сынақтан өткізу уақыт беру. [32])

Б.о.:Әл Фараби өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айта алады.

Б.о. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашып, талдай алады.

К.о:Әл Фараби туралы қосымша деректер айта алады.Ойларын жүйелі жеткізеді.

-мадақтау,

-марапаттау

Өзара бағалау

Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет.

[54]

ТЖДО: «Екі жақты күнделік»

арқылы өлең жолдарын түсіндіреді.(оқушы өз білімін басқа адамға сөзбен жеткізеді [38]

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Әл Фарабидің кім екенін ассоциациялау

Қосымша кітаптар:«Шың» кітабы қазақ әдебиеті

Алма Қыраубайқызы

«Ежелгі дәуір әдебиеті»

3

«Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «Тіршілікте құрыштай

бол төзімді» өлеңдері

Ақын өлеңдеріне талдай жасай отырып,өз ойларын білдіреді.

«Қалың және жұқа»

(оқушылардың сұрақтары да маңызды [39])

«Инсерт»,

(Оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмектесе алады [39])

«Екі жақты түсіндірме күнделігі»

(Мұғалімдер үстірт оқуға емес,терең білім алуға ынталандырады.)[33]

Семантикалық карта

Б.о.:Ақын өлеңдеріне талдай жасай отырып,өз ойларын білдіреді.

Б.б.:Ақын өлеңдерінің тақырыбына қарай ажыратады

К.о.: Ақын өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасайды.

Өзін-өзі бағалау

Мадақтау

Марапаттау,

Білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын білу қажет[54]

ТЖДО:

Әл Фарабидің даналық сөздерінің терең мағынасын аштыру.

(оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анқтау ретінде [13]

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқутыға тест орындату

(жүйелі ойлауға үйрету [29]

Қосымша кітаптар:

«Шың» кітабы қазақ әдебиеті

Алма Қыраубайқызы

«Ежелгі дәуір әдебиеті»

4

Ахмет Йүгінеки. «Ақиқат сыйы» дастаны

Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы»атты дастанын мазмұнын біледі,

талдау жасай алады.

Топтастыру,

Мақсаты:оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі.

Венн диаграммасы

(Тиісті ақпаратты жинақтап сұрыптайды.[50])

Өлең құрылысына талдау

(Оқушылар терең білім алуға ынталандырылады.[33])

«Плюс-Минус-Қызық"

Б.о. Ахмет Йүгнекидің шығармашылығын біледі.

Б.о.: Дастанының идеясы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасай алады.

К.о: Ахмет шығармалары мен Айбай шығармаларының үндестігін таба алады,мақал-мәтелмен қорытындылай алады.

Марапаттау

Қол шапалақтау

Бағалауға арналған критерийлер

ТЖДО: хат жазады

(шығармашылық таланттарын анықтау[29])

Жас ерекшелік-терге сәйкес оқытуда дастанды мәнерлеп оқиды

оқу үдері үшін оқуды жақсы көру[29])

«Шың» кітабы қазақ әдебиеті

Алма Қыраубайқызы

«Ежелгі дәуір әдебиеті»

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарлау жазбасы


Орта мерзімді жоспарды жасау үшін неден бастаймын?- деген сұраққа жауап іздедім. Жеті модуль бір сабаққа ықпалдаса ма деген ой да келді .Жеті модулді бір сабаққа қалай ықпалдастырамын деген ойымды жүзеге асыру үшін қолыма 8-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығын алдым. Төрт сабақты ретімен таңдап, соған сай жоспар жасақтадым. Алдымен мақсатын жоспарлап алып, мақсатқа жету үшін мына сұрақтарды басшылыққа алдым:

-Оқушы нені сабақ барысында біледі?

-Неге қызығады?

- Менің жоспарлаған тапсырмаларым оқушыларға қаншалықты әсер етеді?-деген сұрақты өзіме қойып, төрт апта ішінде өтуге тиіс «Ислам дәуір әдебиеті», Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» өлеңдері, «Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері, Ахмет Йүгінеки «Ақиқат сыйы» дастаны сияқты тәжірибе сабақтарымда тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне сәйкес алып, жеті модулді ықпалдастырып, әр модуль бойынша оқушылардың деңгейін ойластырып тапсырма дайындадым.

Алғашқы сабағымда «Ойлан,Жұптас,Бөліс» әдісін алып оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана отырып, топ мүшелерімен диалогке түсе білетіндігіне дәлелдегім келсе «Кубизм» әдісі арқылы сұраққа жауап алу мақсатында жұмыстануды көздесем, «Борттық журнал»» әдістері арқылы мәтінмен қалай жұмыс жасайтының дәлелдегім келді. Екінші сабағымда «Блум таксономиясын» қолданып оқушылардың өздігінен білім алуларын жоспарласам, үшінші сабағымда «Қалың және жұқа» сұрақтар дайындатып білімге деген құштарлықтарын оятуды көздеп, «Инсерт» әдісі арқылы оқушыларға маңызды мәселелерге назар аудартуды көздедім. Семантикалық карта» оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады деген идеяны басшылыққа алдым. Төртінші сабақтарымда «Венн диаграммасы», «Плюс-Минус-Қызық" сияқты әдістер арқылы тапсырмаларды күрделендіруді көздедім. Себебі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятып, қабілеттерін дамытуым қажет болды. Алғашқы сабағымда «Бағдаршам» бағалауды көздеп отырсам , келесі сабақтарымда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, бағалау критерийлерін алып бағалатуды көздедім. Енді оқушыларымның пәнге деген қызығушылықтарын көремін деп ойлап отырмын.

1.Пайдаланған әдебиет: Мұғалімдереге арналған нұсқаулық Үшінші (базалық)деңгей Төртінші басылым 2015 жыл

2


© 2010-2022