Қарттарым асыл қазынам танымдық кеш

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір- қасиеттерін сіңіруі,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып , өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке жаман мен жақсыны ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар,нақыл сөздер, шарлар
Барысы : Испан биі орындалады
Жүргізуші:
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қымбатты, ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар,кешіміздің қадірменді қонақтары ! Қариялар күнінен орай ұйымдастырылған «Қарттарым - асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер ! Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.Мерекені көңілді өткізіңіздер!
Мұқышов Бекет «Бабалар жыры»
Жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз кезегін Мектеп директоры Сатығалиев Қуаныш Айсаұлына береміз

Жүргізуші:
Біздің халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әже өнегесімен ата ақылымен беріледі.Өзіндік қасиеттерімізді қалыптастыру көзделген.
Ендеше, «Мен ата мен әженің жалғасымын» бөліміне құлақ түрейік .
Орындайтындар:

Атам менің әманда
Әдепті жан бо деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем


Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге,желекке
Отбасында болсын,ырыс береке
Құттықтаймыз, шын жүректен сіздерді
Өмір думан бақ әкелсін мереке
«Қара жорға» биін 1-4 класс оқушылары орындайды
«Ақсақал мен жігіттің сәлемдесуі» көрінісі көрсетіледі
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілді түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
«Асыл әжем» Құрманғалиев М
Жүргізуші:
Өнерге ұмтыл ,өнерлі бол замандас
Қамдан жатпа, заманыңмен хабарлас,
Ынта салсаң білім туын қолға алсам,
Теңдік тиер ешкім күйе жаға алмас
Жүргізуші:
Ата ардақты тұлға
«Әкеден ұл тусайшы
Ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды
Ата ұрпағының қайырымды ,мейірімді,ақылды ,іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін дамытады.Өнеге көрсетеді өсиет айтады.
Ізбасқанова Айдана:
Ақ сүт берген аналардың анасы-Әже.Әже әрқашанда балалық бал дәуреннің басы қасында болып, асыраушы ,аялаушы , тәрбиелеуші кісі .Өмір өрнектеріне тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады . «Жан жүрегім жарығым» деп әже немересін , шөбересін жүрегіне теңейді. Ата жолын қууға еңбекке адамгершілікке ,қайырымдылыққа , имандалыққа баулиды.

Жүргізуші:
Адамның сәні-өнері ,білімі, ақылы
Жердің сәні-жеміс,өнім, дақылы
Сөзің сәні-өнегелі, өткір , нақылы
Пікірдің сәні-ең пайдалы, мақұлы
Қожадиясов Азамат «Қариялар азайып бара жатыр»

Жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жәйлап қана ақылмен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат

Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Кәдіржан Нұрбаулыұлы Нұрғалиевке береміз

Жүргізуші:
Қарттық деген қасиетті ұғым бір
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр
Жүргізуші:
Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе ?!Сіздер сияқты қарияларымыз аман болсын ,өсіп келе жатқан ұрпаққа берер үлгі - өнегелеріңіз толастамасын,сіздердің дендеріңізсге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз.Бүгінгі сіздерге арналған мерекелік концертіміз тәмамдалды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



© 2010-2022