Открытый урок по казахскому языку на тему қылқалам шебері (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по казахскому языку на тему қылқалам шебері (9 класс)Сыныбы: 9 «А»

Мерзімі: 15.12.2015 Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: «Қылқалам шебері» Е.М.Сидоркин

Мақсаты: Оқушылар қылқалам шебері Е.М.Сидоркин туралы мәліметпен танысады, суретшінің қазақ бейнелеу өнерін дамытуға сіңірген еңбегі туралы әңгімелеу. Оқушылар жаңа тақырып бойынша білімдерін бекітеді сызбаға салады, қолданады. Оқушыларды бірлесе отырып білім алуға дағдыландыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Құрал жабдықтар: АКТ, оқулық, постер, маркер, слайд, үлестірме парақшалар, бағалау парақшалары, суреттер

Әдіс - тәсілдері: диалогтік оқыту, «иә,жоқ» әдісі, «ойлан,бірік,бөліс» әдісі, «ыстық орындық» әдісі, «алма ағашы» әдісі

. Күтілетін нәтиже:
- Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

- Өздігінен тақырыпты меңгереді.
- Қызығушылықтары артады.

Табыс критерийі

-тақырып бойынша жұмыс істей алады;

-сыныптастарын тыңдай алады;

Сабақ кезеңдері

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (2 мин)
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, Открытый урок по казахскому языку на тему қылқалам шебері (9 класс) мына суреттегідей жасаңыз
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет.

2.Топқа бөлу. Оқушылар суретті карточкалар арқылы 2 топқа бөлінеді

3. Үй тапсырмасын тексеру 6 мин

Үй тапсырмасын сұрайды. «Иә,жоқ» әдісі

Бағалау парақшасын тарату шартын түсіндіру

1.Портрет дегеніміз адамның адамға қызығушылығы ма?

2.Египеттіктер адам жаны портретке ауыспайды деді ме?

3.Сәндік портрет адам сұлулығын көрсетеді ме?

4.Сурет өнеріндегі портрет пен сөз өнеріндегі портреттің айырмашылығы бар ма?

5.-ғы, -қы қалау райдың жұрнағы ма?

6.Натюрмоттың Голландияда пайда болғаны рас па?

7.Пейзаж- табиғатқа қарап , айнытпай сурет салу ма?

8.Іші, сырты, жаны, қасы, маңы деген сөздер көмекші есімге жата ма?

9.Қазақ бейнелеу өнері графика саласын қамтиды ма?

10.Салғым келеді ІІ жақта тұр ма?

Бағалау парақшасына топ басшысы баға қояды.

Қызығушылықты ояту

1 мин

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Интербелсенді тақтада Е.Сидоркин туралы бейнекөрініс. 5 минут

Топтық жұмыс. Оқушыларға постер құрастыруға тапсырма беру. Мына суреттер қоса беріледі.

Открытый урок по казахскому языку на тему қылқалам шебері (9 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему қылқалам шебері (9 класс)

Е.Сидоркин ненің шебері, шығармашылығының тақырыбы,суретші қай романға иллюстрациялар жасаған, марапаттары туралы ой бөліседі. Оқушылар мәтінді постерге салады. Қорғайды.

Топтық жұмыс. Оқушылар 108 беттегі мәтінмен танысады. Әр топ 4 сұрақ құрастырып жазады.

Жеке жұмыс.

Рай түрі

Өтті

Қосты

Алған

Жасаған

Ашық рай


Бұйрық рай


Қалау рай


Шартты рай


Мына етістіктерін 4 райға қойып жазып, осы сөздерге сөйлем құрайды.

Бағалау парақшасын толтыру.

Қорытынды

Ой толғаныс Сабақтың басты сәтін еске түсіру 5 мин

«Ыстық орындық» әдісімен сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма

1 мин

Үй тапсырмасын түсіндіреді

Е.Сидоркин туралы қосымша мәлімет қарастыру.4 етістікті рай сызбасына салу.

Рефлексия «Алма ағашы» әдісі

Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ.






© 2010-2022