Көкөністер мен жемістер 3-сынып

"Көкөністер мен жемістер" 3-сынып3- сыныпСабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністерСабақтың мақсаты: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу, сөздік қорын байыту. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту.Сабақтың түрі: нәтиже сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын технологиясы, таңғажайып сәт, сұрақ- жауап, венн- диаграммасы, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. Көрнекі құралдары: « Жемістер, көкөністер» суреттері, алма ағашы, компьютер Сабақтың барысы: I. Ұ...
Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

Сабақтың мақсаты:

Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу, сөздік қорын байыту. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын технологиясы, таңғажайып сәт, сұрақ- жауап, венн- диаграммасы, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Көрнекі құралдары: « Жемістер, көкөністер» суреттері, алма ағашы, компьютер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тақырыпты көрнекілік арқылы түсіндіру
Алма, қызанақ
Алмұрт, пияз
Өрік, қияр
Шие,сәбіз
Алхоры, орамжапырақ
Анар, картоп
жүзім.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1. Балалар, бүгін біз сендермен өткен тақырыпты қайталай отырып, есімізде сақтаймыз. Ендеше, мына сызба бойынша өткен тақырыптарға байланысты сөздерді бір әріптен кейін келесі әріпті оқи отырып табыңдар. (Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы)

Ж
Р К
С Е
Е Ө
І М
Т К
Н І
С Ө

1) Тілді жаттықтыру
- қанекей, балалар тілдерімізді жаттықтырайық. Мен бастайын, сендер коштап, аяқтаңдар.
Огурцы - қияр,
А граната - ...

Мороз - аяз,
А лук - ...

Жираф - керік,
А абрикос - ...

Один - жалғыз,
А арбуз - ...

Сад - бақ,
А тыква - ...

Зеркало - айна,
А яблоко - ...

Усы - мұрт,
А груша - ...

Кобыла - бие,
А вишня - ...

Земля - топырақ,
А капуста - ...

Фрукт - жеміс,
А овощ - ...
3. Сергіту сәті
Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратқан
Қанша қалды алмұрттан.

Венн- диаграммасы.
- Жемістер мен көкөністердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын білдіретін Венн- диаграммасын құрайық.
- «Кім тез?» санауды қайталайды. Тақтада алмалар мен алмұрттың суреттерінде сандар жазылып тұрады. Балалар сол сандарды рет- ретімен атап, дауыстап санайды.
VI. Сабақты бекіту.
1. Көрнекілік бойынша жемістермен мен көкөністерді атау.
2. Кеспе қағаздары арқылы аталған түстерді дұрыс көрсете білу.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма беру. Жемістер мен көкөністерді білу. Түстерді ажырата білу. Сергітуді жаттап алу.


© 2010-2022