• Преподавателю
  • Другое
  • Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Сынып есімнің сөйлемдегі қызметі (7 класс)11.10.2015 жыл 7-сынып, қазақ тілі

А. Б.Джумадилова

Сабақтың тақырыбы:

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сілтеме:

7- сынып . Қазақ тілі

Мақсаты:

Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, синтаксистік талдауларға үйрету.

Критерийлері:

Сын есімнен өткендерді еске түсіреді;

Қандай қызмет атқаратынын түсінеді;

Құрамына қарай талдау жасайды;

Синтаксистік талдаулар арқылы жаттығады;

Алған білім нәтижесін көрсетеді;

Сын есімді білудің маңыздылығын саралайды.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А3, А4, маркерлер, кестелер, тест жұмысы, стикерлер...

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, «Өзіңді-өзің бағала», «Оймоншақ», «Жарнама», «Білім-бәйге», Рефлексия «Ойтолғау»

Сабақ бойынша оқушы мен мұғалім іс -әрекеті

Уақыт мөлшері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

2 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

«Сый табақтан тарту алу»

Екі топқа бөлу, бақылаушыны белгілеу.

Бір- бірден алып, ашып қарайды да ондағы заттың түсіне қарай топталады.

1. Білу

3 мин.



5 минут

І. «Өзіңді- өзің бағала».Сұрақтар беріледі.

1. Сын есім дегеніміз не?

2. Сұрағы:

3. Мағыналық түрі:

4. Сын есімнің жасалуы:

5. Сын есімнің шырайлары:

6. Шырайларының жасалуы:

Психологиялық дайындық. «Оймоншақ».

Шарты: Берілген тақырыпқа мәтін құрау. Сын есім сөздер болуы, тақырыптың ашылуы, көркемдігі бағаланады.Сын есім сөздердің астын сызу.

.Сұрақтар парақшасы әрқайсына жеке таратылады. Дұрыс жауабы слайдтан көрсетіледі.Өздері ұпай санын жазады да бақылаушыға береді.

Тақтада берілген «Оймоншақ» сызбасына стикерге жазылған сөйлемдерді тізбектеп орналастырып,мәтінді оқиды.

2. Түсіну

(10 минут)

ІІ.Топтық жұмыс. «Жарнама».

Слайдпен толықтырып түсінік беріледі

1Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:Желсіз түнде жарық ай.

2.Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің.

3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып,қимыл, іс -әрекеттің сынын білдіріп, қалай деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады.Мысалы: Димаш жазуын таза жазады.

4. Егер сын есімге көптік, тәуелдік , септік жалғаулары жалғанса, затесім орнында жүріп бастауыш, толықтауыш болады.

Мысалы:Баланың жақсысы -қызық, жаманы- күйік.

5.Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп толықтауыш блады. Мысалы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

. Екі топ «Сын есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын оқып, оны сызба немесе өздері таңдаған бір кескінге салып түіндіреді.

3. Қолдану

5 минут


ІІІ. «Сөз тану» 80-жаттығу. Туынды сын есімдердің құрамына , жасалу жолына талдау жасап, сөз таптарына топтау.

Берілген сөздер: ғылыми, ауыспалы, жылжымалы, бозғылтым, өскелең, күрмеу, аласалау, төзімсіз, тұлғалы, сөзшең, ұзынша, өнерпаз, көкшіл, кеңірек, келтелеу, сезгіш, киімшең, білімді, ұзынырақ, көреген

Зат есім

Етістік

Сын есім













Оқушылар әрқайсы екі сөзден алып, тақтадағы кестеге орналастырып, түбір мен қосымшаны ажыратады.

4. Талдау

10 -12 мин

ІҮ. «Білім-бәйге» 79- жаттығу, 82- жаттығуларын сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.

1.Сыпайы сырын сақтар, Әдепті арын сақтар.

2.Жаманның тілі ащы, Көк мияның гүлі ащы.

3.Үлкенді сен сыйласаң, Кіші сені сыйлайды.

4.Жаманға еткен жақсылығың жатқа кеткен малмен тең.

5.Ашулыдан алты табан қашық тұр.

6. Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың,

Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.

7.Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді.

Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді.

8.Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа;

Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа.

9.Жаманға жүзіңді салма, малды екен деп,

Жақсыдан күдер үзбе, жарлы екен деп.

10 Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.

Сөйлемдерді кезекпен алып, сөйлем мүшелеріне талдап, маркермен сызады.

5.Жинақтау

5 мин.

Тест

1. Сын есімне болып тұрған толықтауышты табыңыз

А)Өнерлі жетер мұратқа.

В) Жаманға сөз айтпа.

С) Елу - беске бөлінеді.

2.Қатыстық сын есімді табыңыз.

Ауыл үстіндешаңқай түсте, бұлтсыз аспанға шаншылып шырқалған әсем ән естілді.

А) әсем В) шырқалған С) бұлтсыз

3.Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.

А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш

4.Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемді анықтаңыз.

А) Әлсіз адам сүріншек.

В) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

С) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

5. Салыстырмалы шырайды табыңыз.

А) Қоңырқай өңді қыз

В) Кішіпейіл адам

С) Жағымды жаңалық

Слайд арқылы тест сұрақтары беріледі, жауабын әрқайсысы өзі белгілеген соң бірін-бірі тексереді.

6. Бағалау

(5 мин.)

ІҮ.Рефлексия. «Ой толғау»

Сын есімді білу не үшін керек?

Сын есімнің сөйлемдегі қызметіне талдаудан не үйрендік?

Бақылаушы бағалау қорытындысын шығарады.

Үйге тапсырма: Пысықтауға арналған сұрақ-тапсырмалар.

Екі топ жарыса ой толғау жазады да оқып тыңдалады.

Бақылаушы қорытындыны жариялайды.



Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі 7-сынып

Сабақтың мақсаты : а) білімділік - сан есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, сан есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық - сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік - тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау,ертегі құрастыру, «оқи отырып ойлан» сұрақ-жауап, жаттығу, синтаксистік талдау.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Сан есім туралы ертегі құрастыру:(ортаға дөңгеленіп тұрып) Баяғыда бір кісінің алты баласы болыпты.Олардың есімдері: ....

ә)Үй тапсырмасын сұрау.

1.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім қалай түрленеді?

4.Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Оқи отырып, ойлан.

1 Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен,әдетте сөйлемде анықтауыш болады.

Мына ережелерді оқи отырып, мысал келтір.

2. Сан есім жіктеліп келіп немес көмекші етістіктермен тіркесіп келіп,баяндауыш болады.Мысалы:Мен он үштемін.

3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады.

4.Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

  1. Сан есім барыс,табыс,жатыс, шығыс,көмектес септіктердің бірінде келіп,толықтауыш қызметін атқарады.

Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы.

Сан есімнің сөйлемдегі қызметіБастауыш баяндауыш

Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш

Білімді бекіту :Сан есімнің қызметін тап. Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды

Ер бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.дүниеде үш нәрсе қайта оралмайды: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн.Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 95-жаттығу.













© 2010-2022