Урок по самопознанию Өзімшілдік пен көпшілдік

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні ........... Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік

Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл

Абай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «көпшілдік», «өзімшілдік» ұымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік: көпшіл болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: үнтаспа, ақ қағаздар,оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын айтады, оқушылар қайталайды:

  • Күн, кімнің досысың?

  • Бәріңе ортақпын!

  • Сен кімнің жолысың?

  • Бәріңе ортақпын!

Кәдімгі көліңдей түсетін,

Кәдімгі суыңдай ішетін.

Ауадай бәріміз жұтатын,

Барлығы әулие тұтатын,

Бәріңе ортақпын!

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін аша түсіндіру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.

Мәтінді оқушы әңгімелеп береді..

«Қызғаныштың кесірі»

Ж.Байбұланова

Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.

  • Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?

  • Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? Қандай шешім қабылдадыңдар?

Дәйексөз

Балалардың жауптары мұғалімнің дәйексөзді түсіндірілуімен толықтырылады:

- Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз жүру де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді. Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» дегеннің мәнісі осы.

Жаңа ақпарат

Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды.Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.

Жаттығу-ойлану

Оқушылардың сабақтан ұққан түсініктерін байқау мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.

1. Бірінші сыныпта Гена деген бала оқыды.Ол өте талапты, үздік оқушы болды.Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, бала бірден қолын көтеріп, толық жауап беретін.Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді.Ол өзін өте ақылдымын,маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпады.

Оқу жылы аяқталды.Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді.Балалар қуанышты.Жорыққа алатын заттарды екеуара бөлісетін болды.Лезде екі-екіден бөліністі. Ал Генамен ешкімнің бірге болғысы келмеді.Гена жылап, мұғалімге келді:

  • Мен ешкімге тіл тигізгенім жоқ, мені неге жек көреді? - деді.

Мұғалім Генаға не деп жауап берді және қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар?

2. Бекен жолдастарымен бірге серуенге шықты.Үйлерінен дорбаға салып азық алды.Көл жағасында балық аулап, жидек терді, суға шомылды.Қарыңдары ашқан балалар тамақтанбақ болды.Балалардың бәрі әкелген азықтарын ортадағы дастарқанға жайып тастады.Бәрі көңілді отырды.Қараса, орталарыңда Бекен ғана жоқ.Ол ағаштың түбінде жалғыз өзі әкелген тамағын алдына алып, жеп отыр екен. Достары оның бұл қылығына таңқалып қалды.

- Бекенің достары оған не деп айтуы мүмкін деп ойлайсындар?

- Сендердің осындай жағдай кездескен кездері болды ма?

Балаларды жауаптары тыңдалады.

Тапсырма

Оқушылардың сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында тапсырма беріледі.

Өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар.

Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік,менмендік,тәкаппарлық, қауымшыл.

Дәптермен жұмыс

Айтылған ойлар дәптердегі тапсырманы орындау барысында бекітіле түседі.

Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да, оларды салыстыра отырып,өз қорытындысын шығарады. Тапсырманы орындап болған соң жария етеді.

Тапсырма

«Өзімшілдік пен көпшілдік туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айтыңдар» деген тапсырма арқылы оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсете білулеріне мүмкіндік беріледі.

Қорытындылау

- Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі, өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары, достары көп, өзімшіл жалғыз. Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен қашық болайық.

Жүректен жүрекке

Балалар шаттық шеңдерін құрып тұрады.Өлең оқиды..

«Сіз», «біз» деген жылы сөз

Ө.Тұрманжанов


© 2010-2022