Разработка конкурса пословиц по казахскому языку на тему Отан оттан да ыстык

Пословицы на казахском языке на тему родная земля, родина. Задача учащихся 6 класса пройти з тура и набрать как можно больше балов. в первом туре- назвать как можно больше пословиц, во втором туре найти перевод пословиц на русском языке, в третьем туре по количеству балла сложность пословицы. найти не достающее слово 10 баллов, два слова 20 баллов, три слова 30 баллов.
Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақал-мәтел сайысының тақырыбы:

Отан оттан да ыстық.

Родина горячее огня.

Мақсаты:

Туған жер ,отан туралы мақал-мәтелдерді білу, мағынасын түсіну, сөздік қорларын молайту, ауыз әдебиетінің бір түрі екедігі жайында баяндау. Сөйлеу дағдыларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ұжымда , топтаса жұмыс істеуге баулу.

Әдісі:

Түсіндіру, баяндау,

Принципі:

Жүйелілік , саналылық

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе!

Мұқағали Мақатаевтің «Отан туралы» өлеңің балалар хормен айтады.

Мен оның түнін сүйем , күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...


Бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ. Қазақ әдебиеті апталығына арналған іс-шара.

Мақал-мәтел дегеніміз не?

Мақал-мәтелдер - халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі - қазақ халқы.

1-кезең

Біз данасы мол баламыз.

Кім көп мақал-мәтел біледі.

Туған жер, отан туралы.

1-мақал-мәтел - 1-ұпайға тең.

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Отанды сүю - отбасынан басталады.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Ер елінде,

Гүл жерінде

Ел болам десең, бесігіңді түзе.


Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

Отан - елдің анасы

Ел - ердің анасы.

Отансыз адам -

Ормансыз бұлбұл.

Құртақандай торғай да,

Өз ұясын қорғайды.

Ит тойған жеріне,

Е

туған еліне.

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.

Егілмеген жер жетім,

Елінен айрылған ер жетім.

Ел іші алтын бесік.

Жері байдың елі бай.

Өз елің - алтын бесігің.

Отан - оттан да ыстық

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

2-кезең

Екі тілді меңгергенбіз

Мақал-мәтелдердің орысша, қазақша баламаларын тауып, дұрыс орналастыру.



Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң.

Не велико заблуждение, коль назад нашёл дорогу к своим.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды.

Потерю супруга до могилы оплакивают, потерю Родины - до самой смерти.

Отан оттан да ыстық.

Родина горячее огня.

Ел іші - алтын бесік.

Родная земля - золотая колыбель.

Туған жердің ауасы да шипа.

На Родине и воздух - лекарство.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

В своём ауле и собака что-то значит.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Человек без Родины, что соловей без леса.

Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

Жигита доля - за Родину стоять.

Ер - елінде, гүл - жерінде.

Цветы лишь на своей поляне - цветы, человек лишь на Родине - человек.

Отанды сүю отбасынан басталады.

Любовь к Родине у семейного очага зарождается.

Туған жердің жуасы да тәтті.

И дикий лук на Родине сладок.

Әркімнің өз жері - жұмақ.

Каждому родная земля - рай.

Өз елінде көртышқан да батыр.

В своей норе и крот чувствует себя сильным.

Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.

Маленький воробей и тот своё гнездо оберегает.

Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

Собаке хорошо, где сытно, жигиту - на Родине.

Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.

Незасеянная пашня - сирота, жигит без родины - сирота.

Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.

Если не нашёл счастья дома, не обретёшь и на чужбине.

Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.

Гусь тоскует по озеру родному, человек - по Родине.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

На Родине и дни, и ночи прекрасны.

Әркімнің өз жері - жұмақ.

Родимый край для каждого - рай.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Собака хвост трубой поднимает, если в своём ауле гуляет.

Өз елінде көртышқан да батыр.

И крот себя сильным ощущает, если в своей норе пребывает.

Бақа көлунде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.

Лягушка на болоте царь, рыба - царь в воде, жигит - на родной земле.



3-кезең

Есімде мәңгі сақталған.

Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

Бір сөз жетпесе - 10-ұпай

10 -ұпай

Ел қадірін көрген біледі,
... қадірін жүрген біледі.

Отанды сүю - … басталады.


… жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.

Ит … жеріне,
Ер туған елінде.

Екі сөз жетпесе - 20-ұпай

\20 - ұпай

... үшін күрес,
Ерге … үлес.

… іші … бесік.

Отансыз …,

… бұлбұл.

Туған … жер болмас,

Туған … ел болмас.

Үш сөз жетпесе - 30-ұпай

30 - ұпай

Бақа ... патша,
Балық суында ...
… елінде патша.

Кісі елінде … болғанша,
Өз … ұлтан ….

… жердің … де ыстық, түні де ….

… - елдің анасы
… - ердің ….

Ұпайларды санап , жеңімпаз топты анықтау.

Рефлексия

Қолдарымыздан ұстап, бір-бірімізге рақмет айтамыз.

Қоштасу:

Сау болыңыздар



© 2010-2022