Урок по казахскому языку Сөз шынды табар для 9 класса

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9б

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз шынды табар

Мақсаты:

а) Білімділік: Сөз туралы, cөз тіркесі туралы теориялық білімді меңгерту, түрлерін ажырата білуді үйрету,

білімдерін тиянақтау, бекіту..

ә) Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдістер арқылы шығар

машылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

б) Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін бағалай білуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмамен жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер , сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу

ә) үй тапсырмасын тексеру: 4-тапсырма

ІІ. Жаңа сабақ

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Мазмұнын түсіну

Ауызша тіл - дыбысталып айтылатын тіл және бұл жерде ой білдірудің құралдары мен фонетикалық жүйесі қолданылады; ауызша тіл сөйлеу үрдісінде пайда болады; ауызша тілге сөзді суырып салып, табан астында айту шеберлігі мен тілдік ерекшеліктері тән.

Мәселен, лексиканы таңдаудағы еріктілік; қарапайым сөйлемдерді қолдану; әртекті сұраулы, лепті, жай сөйлем түрлерін пайдалану; қайталаулар; ойды қысқа түрде, толық мәнде жеткізуге болатындығы. Сөйлеуші өз сөзін табан астында құрап, ойын жүйелеп жеткізуі тиіс. Ол бір мезетте сөздің мағынасымен де, формасымен де жұмыс істейді.

Ауызша тіл тыңдаушылардың болғанын қалайды. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі естіп қана қоймайды, бірін-бірі көріп отырады, сондықтан да ауызша тіл айтылған ойдың қалай қабылдануына тікелей тәуелді болады. Ауызша сөйлеу тілінің құрылымы сауатты түзілген болуы керек. Айтылған ойдың мағынасы қарапайым, әрі қысқа беріліп, көрермендердің тез, әрі оңай қабылдауларына мүмкіндік жасалуы тиіс.

ІІІ. Жаңа сабақтан түсінігін байқау

1-тапсырма. Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді теріп жазып,жасалу жолын түсіндіру

Ауызша тіл- зат есім+үстеу тудыратын жұрнақ, зат есім

Қолдану- зат есім+етістік туд.жұр+өздік етіс+тұйық етіс

Пайдалану- зат есім+етістік туд.жұр +тұйық етіс

болатындығы-етістік+есімше+зат есім+тәу.жал.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырма орындаңдар

ІІІ деңгей

1. Аударма

Маңыздылығы-важность

Таным құралы-познавательный предмет

Алшақтату- отдалять

Жылтыр-блестящий

Қабырға-стена

Мүмкіндіктер-возможности

Құқылы-вправе

ІІ деңгей

1. Мәтіннен бірнеше сөз тіркестерін теріп,өз сөйлемдеріңді құраңдар

І деңгей

«Сіздің өміріңіздегі радио , телевидениенің орны» деген тақырыпқа әңгіме дайындаңдар

3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу

ІV. Сабақты қорытындылау

V. Үйге тапсырма беру: 5-тапсырма

VI. Бағалау



© 2010-2022