Сыныптан тыс іс-шара Мықты болсаң, озып көр

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс іс-шара Мықты болсаң, озып көрСыныптан тыс іс-шара Мықты болсаң, озып көрНевский орта мектебі







Мықты болсаң,

озып көр

(Сыныптан тыс іс-шара)






Өткізген: Қазақ тілі мен

қазақ әдебиеті мұғалімі:

Кайталова А.Д.









2016жыл



«Мықты болсаң, озып көр»
Мақсаты:

Жас ұрпақты Тәуелсіз Қазақстанымыздың ұйымшыл, еңбекқор азаматы болуға тәрбиелеу, логикалық ойлауы мен шапшаңдылық қасиеттерін дамыту. Оқушылардың әр пән бойынша білімін саралау.
Қатысушылар: 5-6сынып оқушылары
Мұғалім:
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, « Мықты болсаң, озып көр»сайысына,
Білгірлері 5 «а»мен 6 «а» сыныбы шығады.
5-сынып: Біздің топ: «Болашақ
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
6-сынып:
Біздің топ: «Жас ұлан»
Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.
1. Тақырып ашу
2. Өлең -сөздің патшасы
3.Мақал - мәтел жарысы
4. Логикалық тапсырма
5. Жұмбақтар шешу
Сайысқа 5 а мен 6 а сыныптар арасынан 6 оқушы қатысады. Олай болса ең алдымен екі топтың білімдері мен тапқырлықтарын сынағалы отырған әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1.Орыс тілі мұғалімі: Дюсембаева Ұ.К.

2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Хибекей Пернегүл

3. Қазақ тілі мұғалімі: Сыздыкова А.С.

Сайысымызды бастайық. Екі топқа сәттілік тілейміз.

Мұғалім:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы, - деп Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, сайысымыздың бірінші кезеңі

I бөлім. «Тақырып ашу».
Екі топтан екі оқушы шығып конверт алу керек. Конверттің ішіндегі тақырыпқа өздерінің ой - пікірлерін ашып айту. Уақыт 5 минут.
1 тақырып. Қазақ тілі - қазақ елінің мақтанышы.
2 тақырып. Көп тіл білу өмір талабы тақырыбы туралы ой пікіріңіз. (Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)

ІІ бөлім. Өлең сөздің патшасы
Әр топтан бір оқушы еркін тақырыпта мәнерлеп өлең оқиды.
Мұғалім:
Ана тіліне, қазақтың ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі тарихтан белгілі. Ақ пен қараның, шындық пен жалғанның, достық пен қастықтың ара - жігін ұстаған зерделі ақыл иелері, асыл сөздің шебері: Бұқар жырау, Аяз би, Жиренше шешендеріміз, Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз «Тура биде тума жоқ» деп әділдігін айтқан, туған тілге деген тілектері бір емес пе еді?! Осы даналық сөздер, аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, ұрпақтан - ұрпаққа жетті. Бүгінгі жас ұрпақ, сендердің міндеттерің осы қасиетті сөздердің мән - мағынасын ұғыну, түсіну.

ІІІ бөлім «Мақал -мәтел жарысы»
Бұл бөлімімізде оқушыларға сөздер беріледі, сол сөздер туралы мақал - мәтелдер айтады. Әр топта 25 мақал айтылуы тиіс.
Сөздер: тіл, ел, отан, өнер - білім.

ІY. Логикалық сұрақтар.
1. Стол беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5)
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да 6 - ға тең? (1, 2, 3)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4. Бір саннан 5 - ті азайтқанда 10 саны қалды. Ол қандай сан? (15)
5. Жанұяда 7 ер баланың бір - бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (8).
6. Есен бір күн жаяулап,
Ауылдан шықты қалаға
Қарсы келген жолықты
Дәл он екі балаға.
Әр баланың алдында
Екі - екіден лақтар бар
Әр лақтың аузында
Төрт күнбағыс дәні бар.
Қалаға осы балалар,
Қанша дән, қанша жануар
Апарар екен? - деп ойлап,
Есен басын қатырды,
Таба алмады ақыры.
Кане ойлап көрейік,
Есенге көмек берейік.
(96 дән, 24 жануар)
7. Әсел шұлық тоқып отыр,
Ләйла сабақ оқып отыр,
Сара сырмақ сырып отыр,
Нұрлан өрмек құрып отыр.
Бекен отын тасып жатыр,
Дария қазан асып жатыр,
Қуаршағын жуындырып,
Ләззат отыр киіндіріп.
Алданбайды Мұрат бірақ,
Апасынан кәмпит сұрап,
Жоқ десе де қоймай жатыр,
Бірер талға тоймай жатыр.
Қанша бала ойнап отыр?
Қанша бала тоймай жатыр? (8 бала)

8.ҚР-астанасы қай қала?

9.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?

10.Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?

11.Қазақтың атақты күрес шебері.

12.1маусым қандай мереке?

13.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?

14.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма

15. 2012жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы

16.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?

17.Абайдың шын аты кім?

18.ҚР-ның рәміздерін ата

19.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?

20.Қазір қай жыл?

21.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?

22.Қазақтың үш биін ата.

23.ҚР-ның Тәуелсіздік күні.

24.Қазақстанның атақты суретшісі кім?«

25.6 шілде қандай мереке?

26.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?
V. Жұмбақтар шешу
1. Суға қайнап, сорпасы шықпас. (жұмыртқа)
2. Жас кезінде қара орман
Жыл озған сайын ағарған. (шаш)
3. Күні бойы сен оны,
Екі аяқтап басасың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. (аяқ киім)
4. Егіздер кезікпейді бір - бірімен,
Арасы екі - ақ елі бір - бірінен. (ай мен түн).
5. Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. ( жұлдыз)
6. айдаһар аузын ашса арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. (найзағай)
7. Орақ құйрық, тарақ бас,
Жас ұйқыны жаратпас. (әтеш)
8. Құрлықта жүре білмейді
Суда жүзе біледі.
Сауыт қылып үстіне
Күмісті тізе жүреді. (балық)
Мұғалім:

Әділ-қазы алқасы өз шешімдерін шығарғанша көрермендерге мақалды бастаймын сіздер аяқтайсыңдар.

1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).

2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).

4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).

5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).

6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).

Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, деп бүгінгі «Мықты болсаң, озып көр» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Тәуелсіз еліміздің білімді де, білікті ұрпақтары боп жүре бергейсіздер.















© 2010-2022