Ашық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жітіқара қаласының гимназиясы» ММ




Ашық сабақ

Қазақ әдебиеті

10-сынып



Ерлік пен елдіктің өшпес рухы.

Қызғыш құс



Мұғалім: Есбатырова Г.Ә.










Жітіқара

2011 жыл

Сабақтың тақырыбы: Ерлік пен елдіктің өшпес рухы. Қызғыш құс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақынның шығармашылығы жайында оқушылар білімін тереңдету, өлеңнің шығу тарихын, тілдік ерекшелігін, құндылығын, мазмұнын, идеясын түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың тарихи-танымдық деңгейін, салыстырмалы тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұлылар тұлғасын ардақтай білуге, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, топтық оқыту, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, жануартану.

Сабақтың көрнекілігі: М.Өтемісұлының, И. Тайманұлының, Жәңгір ханның портреттері, қызғыш пен лашын құстардың суреттері, Венн диаграммалары, Бес жолды өлең, флипчарттар, презентация «М.Өтемісұлы», презентация «Құстар».

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ.

Тәуелсіздікке 20 жыл! Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Бұл -

қаншама елім деп еңіреген қазақтың ұлдары армандаған тәуелсіздік. Сол ерлердің бірі - Махамбет Өтемісұлы.

Презентация. М. Өтемісұлы.

М. Өтемісұлы - қазақ тарихындағы ұлы тұлға. Бөкей ордасында 19-ғасырдың

1-жартысында болған шаруалар көтерілісі басшыларының бірі. Халықты бірлік пен теңдікке, азаттыққа үндеген қайсар батыр.

Исатай қазасынан кейін Махамбет жалғыздыққа бой алдырады. Қарулы жасақтың көбі тарап кетеді. Ақын өмірінің соңғы айларын Қараой деген жерді мекен еткен. Осы кездері ақынның «Қызғыш құс» өлеңі дүниеге келген.

«Қызғыш құс» өлеңінде ақын өз сөзін қызғыш құсқа арнау арқылы, хан мен сұлтандардың қарапайым халыққа озбырлығын, Исатайдан айырылған жалғыздығын айтып, табиғаттағы құбылыстарды өзінің тағдыр-талайымен салыстырады.

Ақын қызғыш құсқа мұңын шағады. Сенің қанатың қатты - биікке самғайсың, бірақ мойның бос - әлсізсің, - дейді. Мен де күшті болғанмен, басшымнан айырылып қалдым, -

дейді.

Презентация. Құстар.

Қызғыш - балықшылар тобына жататын, дене тұрқы 30 сантиметр, салмағы 200 граммдай ғана құс. Мойны мен жемсауы қара, жасылдау жылтыр, бауыры мен екі бүйірі ақ түсті, қанаты біршама жалпақ және доғалдау, тұмсығы түзу әрі қысқа болып келеді. Шүйдесінде қара қауырсын айдары бар. Негізінен сазды, ашық жерлерді мекендейді. Ұясын көбіне су маңындағы құрғақ, қалың шөп өскен жерге салады.

Лашын - тепкіні қатты, тегеурінді құс. Ол - сұңқарлар отрядына жататын жыртқыш құс. Дене тұрқы - 40-50 сантиметр, қанат құлашы - 80-120 сантиметр, салмағы - 500-1000 грамм. Көбінесе ормансыз таулы өңірді мекен етеді.

Жаңа сөздермен жұмыс.

Қызғыш - чибис

Лашын - сапсан

Айырылу - утрата

Жалғыздық - одиночество

Қору - защищать

Құсалық - страдание

Аспандап ұшу - высоко летать

Тепкін - притеснение, гонение

Екпін - мощь

Параллелизм - екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.

Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топқа 4 тапсырмадан беріледі.

1-тапсырма. Мәнерлеп оқу.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

3-тапсырма. Сатылай кешенді талдау (барлық топ бірге орындайды).

4-тапсырма:

1-топ. Флипчарт. Әдеби сынақхат.

2-топ. Махамбет образына сын тұрғысынан талдау жасау.

3-топ. Венн диаграммасы. Махамбет пен Жәңгірді салыстыру.

4-топ. Венн диаграммасы. Қызғыш пен лашынды салыстыру.

1-тапсырма. Мәнерлеп оқу.

Әр топ өлеңді бір шумақтан мәнерлеп оқиды.

2-тапсырма. «Қызғыш құс» өлеңінің мәтіні бойынша жұмыс жүргізіледі.

1-топ.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

  1. Ақын қандай құсқа қаратып айтып тұр? (Ақын қызғышқа қаратып айтып тұр.)

  2. Ақын қызғышқа не дейді? Кімнен айырылып қалдым дейді? (Ақын қызғышқа Исатайдан айырылып қалдым дейді.)

  3. Енді ақынның досы не болды? (Енді ақынның досы жалғыздық болды.)

2-топ.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

  1. Ақын қандай құсқа қаратып айтып тұр? (Ақын қызғышқа қаратып айтып тұр.)

  2. Ақын қызғышқы не дейді? Сен нені қорғадың дейді? (Сен көлді қорғадың , сен көліңнен айырылдың дейді.)

  3. Ақын өзі туралы не дейді? Неден айырылдым дейді? (Мен елімді қорғадым, мен елімнен айырылдым дейді. )

3-топ.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған -

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған -

Хан Жәңгірдің екпіні.

  1. Ақын қандай құсқа қаратып айтып тұр? (Ақын қызғышқа қаратып айтып тұр.)

  2. Қызғышты көлден айырған қандай құстың тепкіні екен? (Қызғышты көлден айырған лашын құстың тепкіні.)

  3. Ақынды елінен айырған кім? (Ақынды елінен айырған Жәңгір ханның екпіні.)

4-топ.

Айтып-айтпай не керек?

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні!

  1. Айтып-айтпай не керек, - дегенді қалай түсінесіңдер? (Көп айта беріп қайтемін, - дегені.)

  2. Ақынның күні немен өтті? (Ақынның күні құсалықпен өтті.)

  3. Ақынның бір-екі күні ме құсалықпен өткен? (Ақынның көп күні құсалықпен өтті.)

Сонымен осы өлеңде ақын өзінің қиын тағдырын баяндаған. Яғни ақын өміріндегі ең бір қиын-қыстау кезеңі суреттеледі.

3-тапсырма. Флипчарт. Сатылай кешенді талдау. Қызғыш құс.

  1. Авторы - М. Өтемісұлы

  2. Тақырыбы - туған жер туралы

  3. Жанр түрі - поэзия

  4. Идеясы - адамның туған ел, туған жермен тағдырластығы

  5. Шумақ - 4 шумақты

  6. Тармақ - 17 тармақты

  7. Бунақ - 2 бунақты

  8. Буын саны - 7-8 буынды

  9. Ұйқас түрі - қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)

  10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Параллелизм - Махамбет - қызғыш, Жәңгір хан - лашын.

  1. Сөздік жұмысы.

Қанатың қатты - биікке ұшасың, самғайсың

Мойның бос - әлсізсің

Тепкін - зорлық көрсету

Екпін - күш көрсету

Құсалық - өкініш

  1. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

Туған жерді сүюге, қорғауға тәрбиелейді.

4-тапсырма:

1-топ. Флипчарт. Әдеби сынақхат.

  1. Махамбеттің өршіл рухтағы (нелері?), қайнаған шымыр (нелері?) ел қорғаны - әр ұланның қойын дәптерінде жүрер құнды дүние болып саналуы тиіс.

  2. Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асылын - (нені?), (нені?) жырлады.

  3. Исатай мен Махамбетке халықтың (несі?), (несі?) шексіз.

  4. Махамбет халықтың хан-сұлтандар мен патша үкіметінің (несіне?), (несіне?) түскендігіне күйзелді.

Керекті сөздер: өлеңдері, сөздері; еркіндікті, теңдікті; ықыласы, сүйіспеншілігі, езгісіне, қыспағына.

2-топ. Флипчарт. Махамбет образына сын тұрғысынан талдау жасау.

Махамбет Өтемісұлы оптимист ақын ба, пессимист ақын ба?

М.Өтемісұлы - күрескер ақын. Махамбет, біріншіден - адам, екіншіден - ақын. Ақын жаны нәзік болады. Исатайдан айырылып қалуы Махамбетке қатты әсерін тигізді. Өлең қамығып, жабығудан туған. Бірақ басқа өлеңдерінде оптимистік көзқарас басым.



3-топ. Флипчарт. Венн диаграммасы. Махамбет пен Жәңгірді салыстыру.

Ашық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

Ашық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухыАшық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухы




4-топ. Флипчарт. Венн диаграммасы. Қызғыш пен лашынды салыстыру.

Ашық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

Ашық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухыАшық сабақ Ерлік пен елдіктің өшпес рухы




Сабақты қорыту. Флипчарт. Бес жолды өлең.

  1. Зат есім. Махамбет. Ақын. Батыр. Шешен.

  2. Сын есім. Белгілі. Қайратты. Беделді. Адал.

  3. Сан есім. 1803. 1836. 1846.

  4. Етістік. Жырлайды. Толғанады. Күреседі. Қорғайды.

  5. Сөйлем. Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы. (Зейнолла Қабдолов)

Үйге тапсырма.

«Қызғыш құс» өлеңін жаттау.

Ақынның өлеңдерін хрестоматиядан оқып келу.


© 2010-2022