• Преподавателю
  • Другое
  • Тематический план урока по казахскому языку на тему Сүйікті тағамым-қазақша ет (4 класс)

Тематический план урока по казахскому языку на тему Сүйікті тағамым-қазақша ет (4 класс)

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым - қазақша ет

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік - оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбымен жұмыстар жасату. Қолданылу аясын қарастыру.

ә) Дамытушылық -жеке, топтық жұмыстар орындату барысында оқушылардың тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтып, танымдарын кеңейту.

б) Тәрбиелік - тағам түрлерімен таныстыру. Астың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Қазақтың ұлттық тағамын насихаттау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаттықтыру

Сабақтың көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

М: Сәлеметсіздер ме?

О: Сәлеметсіз бе?

М: Оқушылар бүгін сыныпта кім жоқ? Барлығымыз түгелміз бе?

М: Бүгінгі сабаққа бәріміз дайынбыз ба? Оқу құралдарымызды дайындап, сабаққа зейінімізді аударайық.

ІІ. Тіл дамыту

  • Бүгін қандай күн?

  • Бүгін аптада қай күн?

  • Ауа райы қандай?

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

М: Үйге қандай тапсырма беріліп еді? Кім айтады?

О: (жауап береді.)

ІҮ. Жаңа сабақ

Оқушылар, тағамдардың көптеген түрлері бар екенін білеміз. Біз өткен сабақта олар туралы айттық. Бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық тағамы «қазақша ет» туралы айтамыз.

Жаңа сөздермен танысу

Қой еті - баранина

жылқы еті - конина

сиыр еті - говядина

сорпа - бульон

  1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару;

  2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

а) мұғалім мәнерлеп оқиды;

ә) оқушылар дауыстап қайталайды;

б) оқушылар тізбектеп оқиды;

3. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру.

Тапсырмалар орындату

1-тапсырма. Мәтінді тыңда, түсініп ал.

Тематический план урока по казахскому языку на тему Сүйікті тағамым-қазақша ет (4 класс)Тематический план урока по казахскому языку на тему Сүйікті тағамым-қазақша ет (4 класс)

Қазақша ет

Қазақша ет - қазақтың ұлттық тағамы. Қазақша етті қой етінен, жылқы етінен, сиыр етінен дайындайды. Маған қазақша ет ұнайды.

2-тапсырма. Сөйлеп үйрен.

    • Бұл не? - Бұл ет.


    • Қандай ет? - Қой еті.


    • Қой еті қандай? - Қой еті дәмді.


3-тапсырма. Үлгі бойынша айт.

Кім?

Нені?

Жақсы көреді

Айдар

Етті

Оля

Борщты

Баян

Мәнтіні

Асқар

Тұшпараны

4-тапсырма. Оқы, біліп ал.


  1. Пайдалы кеңес

    1. Тамақты асықпай іш.

    2. Етті жақсылап шайна.

    3. Кәмпитті көп жеме.


5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.

  1. Қазақша ет.

  2. Қазақша ет жедім.

  3. Мен қазақша ет жедім.

  4. Кеше мен қазақша ет жедім.

  1. Сорпа.

  2. Сорпа іштім.

  3. Мен сорпа іштім.

  4. Мен ыстық сорпа іштім.

Бекіту сұрақтары:

  1. Қандай тағамның түрлері бар?

  2. Ет тағамдары қандай тағамдар?

  3. Ет тағамдары пайдалы ма?

  4. Сенің сүйікті тағамың қандай?

  5. Қазақша ет туралы не білесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма. 46-бет, 6-тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа қатысымдары бойынша бағалаймын.

ІХ. Қорытынды. Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!



© 2010-2022