Урок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тілі

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліСолтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Константиновка орта мектебі»КММ

Жаркинбаева Жадыра Кенжеболатовна

Қазақ тілі

10-11сынып

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» танымдық сайыс

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру;
ә) Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауға баулу.

б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу,тіл мерейін көтеру
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Ал, қанекей балалар

Бері қарай қарайық

Алаңдамай басқаға

Сайысқа назар салайық

Дұрыс тапсырма шешімін

Мұқиятпен табайық

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар. Мектебімізде 22 қыркүйек Тіл мерекесі апталығы ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесі құтты болсын!
Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі - біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сондықтан
Ана тілім, дана тілім - Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
«Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Екі топта ортаға шығып, топтың аты мен ұранымен таныстырып, сәлемдеседі.

Екі топта ортаға шығып, хормен:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

І-топ: "Сұңқар": ІІ-топ: "Тұлпар":

Топтың аты "Сұңқар" бұл, "Тұлпар" атты тобымыз,

Келдік біздер жарысқа. Көп нәрседен хабармыз.

Қазақ тілдің сырларын, "Сұңқар" атты топпенен

Баяндаймыз сайыста. Сайысуга даярмыз.


Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Сайыстың кезеңдері:

1 тур«Бәйге»

2 тур"Полиглот" Мақал - мәтелдерді жалғастыру

3 тур «Ғажайып жетілік»

4 тур "Үндемес ойыны"

5 тур "Адасқан әріптер" ойыны

6 тур «Жорға»

7 тур "Постер құру"

1 тур«Бәйге» Сұрақтар:

1. қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдер тобына)

2. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

4. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

5. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім? (А.Құнанбаев)

6. Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады? (Антоним)

7. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл? ( Ағылшын тілі)

2 тур"Полиглот" Мақал - мәтелдерді жалғастыру

( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)

2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)

3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)

4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)

5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)

7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )

8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)

Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріңізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

3 тур «Ғажайып жетілік»

Бұл жетілікте қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиетінен, қазақстан тарихынан сұрақтар беріледі.

1.Қазақ тілі

Қазақ тілінде қанша септік бар? (7)

2. Қазақ әдебиеті

Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

3. Орыс тілі

В человеке одно, а у вороны вдвое, в лисе не встретится. А в огороде трое (буква О)

4. Орыс әдебиеті

Назовите автора и произведение, откуда взяты эти строки:

Москва!

Как много в этом звуке

Для сердца русского слилось!

Как много в нем отозвалось…. (А.С.Пушкин «Евгений Онегин»)

6. Ағылшын әдебиеті

«Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісінің авторы кім?)Льюис Кэролл)

7. Чарльз ханзадасы қандай титулға ие болған? (Уэльс ханзадасы. Шотландия ханзадасы. Англия ханзадасы)

Әділ қазылар 3 турдың бағасын бергенше музыкалық сәлем жолдаймыз.

4 тур «Үндемес» ойыны

(Бұл ойынның шарты: әр топтан екі оқушы шығады. Біреуі суретті екіншісіне көрсетеді, бірақ ол өзі сол суретке қарамайды. Екіншісі іс - қимыл арқылы суреттерді көрсетеді. Суретті көрсетіп тұрған оқушы қандай сурет екенін айтуы қажет. Әр дұрыс тапқан жауапқа "5" - тік баға қойылады)

Урок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тіліУрок презентация по казахскому языкуМәңгілік елімнің-мәңгілік тілі


5 тур"Адасқан әріптер" ойыны

(Қатты соққан боранның әсерінен, әріптер орындарын ауыстырып алыпты. Сол себептенде бұл әріптер көмек сұрайды. Әріптерді дұрыс орнымен қойсақ, қазақша сөздер шығады. Олай болса көмектесеміз бе?)

"Сұңқар" тобына:

Е,р,е,е,к,м

Н,т,е,ф,к,о,и.а

Р,і,ө,м

М,і,і,б,і,л,д

А,т,а,с,н,а

Қ,ң,а,а,р,т

"Тұлпар" тобына:

Т,ө,к,е,м,к

Т,с,а,с,н,и,к,с,и

І,м,і,б,л

Й,р,м,а,е,м

Л,а,с,б,а,с,ы

Л,о,д,с,а,ж

6 тур «Жорға» Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан топ бастайды . Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек.Кезек-кезек бір-біріне сұрақтарды қою.

(14 сұрақ)

Сұрақтар:

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)

3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)

4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)

6. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

7. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)

8. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез - на отрез)

9. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)

10. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)

11. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)

12. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды.

7 тур Постер құру


ІV. Сабақты қорыту.

Сайыс қатысушылармен бірге Қ. Мырзалиевтің «Ана тілің - арың бұл» атты өлеңін жатқа айтумен аяқталады.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау


© 2010-2022