Қазақ тілі Ашық сабақ Сан есім

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімҚазақ тілі Ашық сабақ Сан есімСабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып меңгерту.

Тәрбиелік:халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін бағалай білуге баулу,адамгершілік,ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Дамытушылық:ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, ізденімпаздық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау,жарыс сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,іздендіру, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, үлестірме қағаздар, кестелер, бағалау парағы, жоспар.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, орыс тілі, ағылшын.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сыныпты екі жұпқа бөлу.

1-жұп - Алғырлар

2-жұп- Тапқырлар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сан есімнің емлесі.

Жаттығу жұмысының орындалуын тексеру.

ІІІ. -Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді,ғылымды.

Тіліңсіз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

-Балалар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы- «сан есімнен өткенді қайталау»,яғни сан есім жайлы не білеміз? Сабақ ойын түрлерін пайдалана отырып, екі жұптың жарысымен өтеді.

Мына жоспардағы кезеңдер боынша:

  1. Сандар сөйлейді.

  2. «Білгенге маржан»

  3. Кім жылдам?

  4. «Ішіне-сыртына» әдісі.

  5. Полиглот

  6. Сәйкестікті тап.

  7. Ойла,ойлан,ойландыр.

  8. Кім көп біледі.

«Сандар сөйлейді» ойыны.

  • Балалар, біз тілімізді білумен қатар тарихымызды да қатар білуіміз керек.

Жасырын тұрған сандарды ашып қандай ұғымды білдіретінін айтыңдар.

1991 ж 16 желтоқсан 1995 ж 30 тамыз

1992 ж 4 маусым 1998 ж 6 шілде

1993 жыл 15 қараша 13 жас

1997 ж 11 шілде 1 маусым

«Білгенге маржан» ойыны.

Оқушылпр сан есімнің түрлері бойынша тірек сызбаны құраcтыра отырып, сұрақтарға жауап береді.


Сан есім


Құрылысына қарай тұлғасына қарай

Мағынасына қарай


1-жұп 2-жұп

1. Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің сұрақтарын ата.

2. Дара сан есім дегеніміз не? Күрделі сан есім дегеніміз не?

3. Есептік сан есім деген не? Реттік сан есім деген не?

4. Жинақтық сан есім деген не? Топтау сан есім деген не?

5. Болжалдық сан есім деген не? Бөлшектік сан есім деген не?

«Кім жылдам» ойыны.

Берілген сан есімдерді сан есімнің басқа түріне келтіріп жаз.

«Алғырлар»

Есептік

реттік

жинақтау

топтау

болжалдық

бөлшектік

екі


жүз


«Тапқырлар»

алты


мың


«Ішіне-сыртына» әдісі.

Ішіне-дара сан есімдерді, сыртына-күрделі сан есімдерді топтап жаз.

«Алғырлар» отыз,елу,жетпіс жеті,жүз елу,үш,алпыс-жетпіс,он сегіз,жиырма төрт, алты,төрт-бес,мың.

«Тапқырлар» тоғыз,тоқсан,екіден бір,он-оннан,миллион,екі,он екі,жиырма жеті,екі-үш,бесеу.

Полиглот.

Білекті ... жығар, .... аяқтыда бота тату,

Білімді... жығар. .... аяқтыда бажа тату

Жігітке ... өнер аз. Ел құлағы ...

... жасар бала алыстан келсе, ... жылда ел жаңа,

... қария сәлем берер. ... жылда қазан.

Сергіту сәті.Сәл демалып,тыным ал

Тақпақ тыңдап, ұғып ал

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі - дүйсенбі

Екіншісі - сейсенбі

Үшіншісі - сәрсенбі

Төртіншісі -бейсенбі

Жұма деген - бесінші ұл

Алтыншы ұл, ол сенбі

Жетіншісі - жексенбі.

Сәйкестікті тап.

Алғырлар: Бір шымшым қамыр Тапқырлар: Бір қайнатым ет

Бір жайым бұлт Бір ұрттам шай

Бір шөкім тұз Бір асым сөз

Ойла,ойлан,ойландыр.

Сан есімнің емлесін еске түсіре отырып қатені түзе.

Алғырлар: 10 нан, бес жүз - отыз бір, 20 - дәптер, 50-50 ден, 12 - желтоқсан, алтыау.

Тапқырлар: 15 мектеп, 70 ке, 5 қатар, ХХ - ғасыр, 2012 - жыл, екіеу.

«Кім көп біледі?»

-Қасиетті сандарға байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

Жетті: жеті қазына,жеті ата, жеті күн,жеті шелпек, жеті қарақшы, жеті жұт.

Үш: үш ғайып, үш арсыз, үш асыл, үш би, үш бәйтерек, үш байлық т.б

Тоғыз: тоғыз құмалақ, тоғыз жасау.

Сабақты бекіту.

Сатылай комплексті талдау.Екі жұпқа екі сөз беріледі.

Үйге тапсырма . Сан есім қатысқан мақал-мәтелдер жазып келу.

Бағалау. Бағалау парағына қойылған бағалары бойынша қорытындысын шығарып,алға шыққан жұпты анықтау.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінң мұғалімі:

Ибраимова Р.Қ

Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп



© 2010-2022