Коучинг на тему Диалогтік оқыту - оқытудың жаңа әдіс-тәсілі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Диалогтік оқыту - оқытудың жаңа әдіс-тәсілі» тақырыбы бойынша ІІ деңгей тыңдаушысы Н.С Наганованың қысқа мерзімді коучинг жоспары

(70 минут болады)білу үшін

Сабақ тақырыбы:

« Диалогтік оқыту - оқытудың жаңа әдіс-тәсілі»

Жалпы мақсат:

Екінші деңгей бағдарламасының мазмұнын құрылымдау негіздері, соның ішінде жұмыс әдісі жайлы түсінік беру, іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау;тыңдаушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуге ықпалдастық ету.

Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау негізінде түрлі амал-тәсілдерді пайдалануды үйрету;

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 98-103 б

Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі

Диалогтік оқыту жұмыс тәсілін күрделенірек пайдалана алады, іс-тәжірибесіне енгізуді үйренеді;тыңдаушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізеді.

Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау барысында түрлі амал-тәсілдерді пайдаланады;

Түйінді идеялар:

Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 3 парақтары,стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары.

Оқыту әдістері:

Оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар:

Ролдік ойындар алақан арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.98-103 беттер









Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


(2 мин)

«Өрмекші торы» сәттілік тілеу

Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, бүгінгі күн сәтті өту үшін бір-біріне сәттілік тілейді және қиындықтан бірге топ шығу әдісін үйренеді.


(3 мин)



«Тәтті шырын» әдісі бойынша шағын 3 топқа бөлу.

Тәтті шырынды ішу арқылы, күлегештермен бөлу түрі бойынша шағын 3 топқа бөлінеді.

(5 мин)

Мұғалімдерге бағдарлама мазмұны, жұмыс әдісі, жұмыс құралдары жөнінде түсінік беру (презентация)

Мұғалімдер жаңа бағдарлама жөнінде түсінік алады.

(10 мин)

Мұғалімдердің диалогтік оқыту жұмыс әдісін дұрыс пайдалану үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу

Бейнеролик «Егіз балалардың әңгімесі»

Әр топ бейнероликтегі кейіпкерлерді сомдайды,тиімді жақтарын түсініп, жан-жақты талқылайды.

(5мин)

Психологиялық тренинг

Мұғалімдерге презентация арқылы әртүрлі пішіді кеспелер беріледі.

Мұғалімдер сол кеспелерді таңдау арқылы өз психологиялық суреттеулерімен танысады.

(20 мин)

Бағдарлама мазмұнын түсіне отыра, оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.

Топтық жұмыс

І топ Автобустағы оқиға

ІІ топ Жарнама

ІІІ топ Сот отырысы

Мұғалімдер топтық жұмысты орындайды.

(5 мин)

Диалогтік оқыту-әңгіменің 3 түрін талдау

Мұғалімдерге әңгіменің 3 түрі жазылған презентация ұсынылады.

Мұғалімдер орындаған топтық жұмыстарына қарай қай әңгіме түріне жататындығын талқылайды.

(5 мин)

Сергіту сәті

«Жер тоқаш» ойыны

Мұғалімдер шеңберге тұрып, «жер тоқаш» ойынын ойнайды

Қорытындылау

(5 мин)

Бағалаушы және бақылаушы топқа сөз беріледі.

Бағалаушы және бақылаушы топ қ жалпы коучинг барысы жөнінде сөз қозғап, қорытындылайды.

Кері байланыс

(7 мин)

«Алақан»

Бас бармақ Не ұнады?

Балан үйрек Жаңа не білдім?

Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?

Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?

Кішкентай бөбек Не білгім келеді?


Толтырады

Бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.

(3 мин)

Сәттілік серті

Мұғалімдерге презентация арқылы сәттілік тілеу

«Бір озған, бір жыққан үнемі озып, жығып жүрмейді» сәттілік серті презентациясын көрсетумен коучингті аяқтау





© 2010-2022