Тәрбие сағаты «Сиқырлы күз»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Чапаев негізгі мектебі»ММ









Тәрбие сағаты






Тақырыбы: «Сиқырлы күз»

Орындаған: Казиханова Г.А








2015-2016 оқу жылы

«Шағын орта» тобына арналған тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Сиқырлы күз»

Мақсаты: Балалардың табиғаттағы мезгілдік өзгерістер туралы түсінімін нақтылау.Күздегі өсімдік өмірі туралы білімін қалыптастыру,қадағалаушылығын ,салыстырма және сараптай білуін арттыру.Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер, жақын маңайдағы өсімдіктер туралы нақты түсінігін қалыптастыру.Күз өнім жинау,қысқа көкөніс дайындау екендігі түсінімін бекіту. Өзара әрекеттестігі,баланың дүниеге эстетикалық көзқарасы.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар!

Міне күз де келді жаңбырын төгіп, жапырақтарды алтын түске бояп.

Көп күткен бүгін бізде «Алтын Күз» мереке!

Кәнеки бәріміз қол шапалақтап ортаға «Шағын орта» тобының балаларын шақырайық!
Көңілді әннің ырғағымен залға балалар билеп кіреді

Жүргізуші: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Ендеше, балалар ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Залға билеп Алтын Күз кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Балалар амандасады)
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз? Төрлет.

Алтын күз:

Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз!

Алтын күз! Мен сендерге бос келген жоқпын, ойын алып келдім.

(Ойын «Кім тез қарбызды жинайды?»).
( Ойын «Түстерді ажырат»)

Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Гүл туралы тақпақ:

Біз гүлдерше өсеміз

Тағы қандай өнерлерің бар? Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалған.

Ән «Топ-топ балақай» әні
Тақпақтар:

Балзия: Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Дияр: Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Гульназ:Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Нұрай:Алтын сары,қызыл,көк...

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Дильназ:Армысыз,асыл

күн!

Армысыз, асыл жер!

Армысыз,алтын күз!

Армысыздар,апайлар!

Армысыздар,балалар!

Мадияр:Асханадан шықпаймын,

Атым -пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Абдуазиз:Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.

Айлана: Тал шыбығым бұрылып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен-қызанақ, Күнге қарап ұялып. (қызанақ)


Сергіту сәті

Арман: Көптен ерте шырмалып, Ансар: Атым-қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суарып (қияр) Өсемін мен бүр жарып

(қарбыз)

Бағлан:Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз (картоп)

Би «Күзгі валс»

Алан: Зонтик, зонтик мой крутись!

Поскорее очутись

Прямо на опушке,

Где живут лягушки!

Аделина:

Целый день сегодня

Вся летят,летят


Видно,тоже в Африку

Улетет хотят.

Даяна:Лист качается узорный

В синей луже на воде.

Ходит грач сграчихой черной

В огороде по гряде.

Мансур: Осыпаясь,пожелтели

Солнца редкие лучи.

Улетают,улетели,

Улетели и грачи.

Дарина:Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Арон:Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Тақпақ Тақпақ

Нан қиқымын шашпаңдар, Күзімау! Күзімау!

Жерде жатса баспаңдар, Мінезің бұзық ау,

Теріп алып қастерлеп, Ыпыстық сыпсуық

Торғайларға тастаңдар. Әр күнің қызық ау.

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге не айтамыз?
Балалар: Рахмет!
Алтын күз: Сендерге рахмет. Кездескенше, сау болыңдар, балалар! - деп, кетеді.
Жүргізуші: Алтын күзге арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды

Келесі кездескенше, құрметті қонақтар, ата-аналар, қош сау болыңыздар!

Тәрбие сағаты «Сиқырлы күз»Тәрбие сағаты «Сиқырлы күз» Тәрбие сағаты «Сиқырлы күз»Тәрбие сағаты «Сиқырлы күз»



© 2010-2022