Кітапхана күн шуағы білімнің

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітапхана күн шуағы білімнің

Тақырыбы: «Кітапхана күн шуағы білімнің»
Барысы:
Жансая: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгін мектеп ішінде бәрімізге ортақ мереке, бұл мерекені атап өту мына біз оқушылар алдында парызымыз деп білеміз.
Жанат:
Бүгін мейрам, бізде үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың - рухани қазынаң
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.
Жансая:
Білесіңдер аналардың тойларын,
Кеше ғана «Ұстаз тойын» тойладың.
Ал қазанның 15 - ші жұлдызы,
«Кітапханашы күні» екенін ойлағын.
Кітапхана күн шуағы білімнің Кітапхана күн шуағы білімнің
Жансая:
Яғни біздің өзімізді, әлемді, барша ғаламды, ақын - жазушылар мен данышпандарымыздың біз үшін әзірлеген қызықтарын оқуға мүмкіндік берген кітапхана күні.
Мерекелік ән шашу:
Орындайтын Амалхан Аймекен «Ақ көгершін» әні
Жанат:
Оқушылар бізге жыл сайынғы кітаптарымызды үлестіріп, оны таза әрі жоғалтпай ұстауға үйреткен үлкен құрметт иесі мектеп ішінде ерекше ілтипатқа ие болған кітапханашы апайымыз Жаңылай апайды ортаға шақырамыз.
Жаңылай апай: Өз тілегімен және мерекемен құттықтап, кітапханамызға келген жаңа оқулықпен таныстырып өтеді.
Жансая:
Біз үшін сіздің де қызмет жолынызда барша ұстаздаздардай мәртебеңіз биік.
Кітапхана күн шуағы білімнің

Жанат:
Дұрыс айтасың Жансая, «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» - деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Құрметті Жаңылай апай өзіңізге және осы мерекеге арналған ұл - қыздарымыздың шағын өлең жолдарын қабыл алыңыз.
Нұртас:
Кітаптарды таза ұстауға үйреткен,
Жалықпайтын ғажап адам бұл неткен.
Еңбегіңіз еленері белгілі,
Үлгі болар баршамызға жол еткен.

Ақниет:
Жанашыры бір өзі оқырманның,
Көкірегіне шуақ шашар барша жанның,
Төл мереке бүгінгі құтты болсын.
Шаңырағына бақыт пен шаттық толсын.
Нұртас:
Анасындай шәкірттің мейірбансың,
Жыр арнаймыз баршаңызға жиылғансың.
Мерекеңіз бүгінгі құтты болсын,
Оқырманға әрқашан асыл жансыз.
Ақниет:
Кітапаханашылар еңбегің жана берсін,
Кітаптардың сөресі тола берсін.
Оқырманның ынтасын арттыруда,
Талай қызық іс - шара бола берсін.
Сұрақтар:
Жансая:
Апай, сіздің қызметіңіз яғни жұмысыңызға біз де қызығатын кезіміз көп, жаңа келген кітапты алдымен сіз оқисыз, ондағы мазмұны арқылы ақыл - парасаттылығыңызды танытып бала біткенге мейірімдісіз.
Жанат:
Біздің білгіміз келетін көкейімізде сұрақтарымыз бар еді.Қоюға рұхсат етіңіз.
1.Сіз мектеп кітапханасында қанша жылдан бері қызмет етіп келесіз?
2. Отбасыңызда әдеби кітапқа құмар балаларыңыз бар ма?
3. Кітапхана ішіндегі тақырыптар да сан алуан атаулармен өрнектеледі, олардың тақырыбын өзіңіз қоясыз ба?
4. Және соңғы сауалымыз біреуден сыйға кітап алған кезіңіз болды ма, қандай сезімде болдыңыз?


Жансая:
Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсіні ақ мәрмәрден құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келер ел алдына,
Бишілер ғажап еді биің қандай?
Би: «Қаражорға»7 сынып оқушылары
Жансұлу:
Ия қыздар, мектеп қабырғасында жүріп өлең жаттамау біз үшін үлкен сын, оны оқып, мұқабасын ашқаннан тұңғиық сыр мен кереметтер күткен кітптарымызға алғысымыз шексіз. Біз Аян екеумізде өз өлеңдерімізді арнағымыз келеді.

Жансұлу:
Енген оған дархандығы жерімнің,
Енген оған даналары жерімнің.
Әріп танып әліппені ашқаннан,
Кітап менің - жолшырағым, серігім.
Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы,
Әсем жырмен өрнектелген ойлары,
Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,
Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.
Аян.
Кітапхана кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жолбасшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқандай Нұрсылтандай Елбасшы.
Иа, білім анамыздай емізген,
Білім терең, мұхиттан да теңізден.
Ал, білімнің кітап нағыз бұлағы,
Қанып ішсең, сусыныңды қандырады.
Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,
Кең даламнан жұпар иісі аңқиды.
Сыршыл әуен жан дүниеңді баурайды,
Бақыт құсы көңіліңде сайрайды.

Құттықтау тілегімен қабырға газетін сыйға тарту.
«Кітап менің жолшырағым, серігім»

«Саржайлау» Мауытбаева Шынар

Жанат:
Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама - делінген кітаптар әлемінен де сыр шерттік, оқыңыздар, оқудан жалықпаңыздар, қазақ елінің астарлы да мәнді бай тілін құрметтейік, қасиетті тілімізді қадірлейік.
Осымен кешіміз аяқталды келгендеріңізге рахмет, мереке құтты болсын.


© 2010-2022