Сабақтың тақырыбы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы 8 класс.

Сабақтың мақсаты: Кино өнерінің алғашқы туындысы туралы мәлімет беру, киноның тәлім - тәрбиесін, маңызын түсіндіру, ой-өрістерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, отандық киноға деген көзқарастарын байқап, оған деген сүйіспеншілікке баулу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: топпен жұмыс, іздену, талдау, пікірталас
Көрнекілігі: тірек-сызба, венн диаграммасы, слайдтан актер, режиссерлердің портреттері, қазақ киносынан үзінді көрсетіледі.
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2.Тіл дамыту сұрақтары:- Бүгін айдың нешесі?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

II. Үй жұмысын тексеру:

-«Қазақфильм» киностудиясы қай жылы құрылды?

- 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына кімнің аты берілді ?

III . Жаңа сабақ .

1.Жаңа сөздермен жұмыс./сөздермен-сөз тіркестер-сөйлемдер құрастыру/

Туынды - произведение, сарбаздар - солдаты/воины/, ерлік - героизм , подвиг баяндалады - повествует қор - фонд оқиға- эпизод

2. Мәтін б/ша жұмыс«Қазақфильмнің» алғашқы туындысы .

"Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы туынды . "Ленфильм" киностудиясының туындысы болып есептелінеді. "Амангелді" - Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм. "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. Фильм қазақтың батыры Амангелді мен сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалады.Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов, қоюшы режиссеры: Мойсей Левин, операторы: Хечо Назарьянц. Фильмде қазақтың тұңғыш режиссеры Шәкен Айманов та оқиғада ойнаған .1936 жылы Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин "Амангелді" деп аталатын пьесаға сценарий жазған. Қазір бұл картина Қазақ киносының "Алтын қорына" кіреді.

3 тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастыру.

4 тапсырма. Дәптермен жұмыс:

* жазған- сөзді өткен шақта жіктеу;
* бұл - есімдікті септеу;

* "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. / синтаксистік талдау/

5 тапсырма. Ережелерді қайталау.

6 . Ереже «Есімше»

Есімше - етістіктерше де, есімдерше де түрленетін және солардың қызметін атқара алатын етістіктің бір түрі.

Причастие - самостоятельная часть речи, которая обозначает признак предмета по действию, объединяет в себе свойства прилагательного и глагола

Жұрнақтары:

1) -ған-ген,қан-кен, - алған, әкелген

2)-ар,-ер,-р , - барар,жүрер

3)атын,-етін,-йтын,-йтін, - жазатын,- келетін

4)-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек, - айтпақ,жүзбек,бармақ

*Есімше септеледі,тәуелденеді,жіктеледі,көптеледі.

ІV. Бекіту.

-Бүгін сабақта қандай тақырып өттік?

- Амангелді" фильмі қай жылы экранға шықты ?

V. Үй жұмысы: «Қазақфильмнің» алғашқы туындысы диалог/жатқа/

VІ . Бағалау.


© 2010-2022