И, й әріптерінің жазылуы (2-сынып)

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: И,й әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Сый,тый сөздерінен тараған сөздерде ый әрпі сол қалпында жазылатынымен таныстыру, й әрпінің шетелден енген кейбір сөздерде басында жазылатыны жайында айту.

Й және и әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Алтын қақпа» ойыны, ережелер, геометриялық фигуралар, суреттер.

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Ашық болсын қос қабақ,

Бізбен бірге бар қонақ.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

-Балалар , бүгінгі сабағымызды «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады:Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа.

Әр қақпаның өз тапсырмасы бар.Үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек, алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ, бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз. Олай болса,Тас қақпаның тапсырмасын орындап көрейік.

Тас қақпаның тапсырмасы: «Миға шабуыл» Суреттерді пайдаланып , ережені сұрау .

-Келесі қақпа Күміс қақпа

Күміс қақпаның тапсырмалары. «Ой қозғау»

1-жаттығу .Мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.

Алдыңғы сабақта қандай ережемен танысып едік?

Ережені айтқызу , ілу.

Сый, сыйлық, сыйлады , тый. Тыйылды, тыйды сөздерінде ый әріптері естілген қалпында жазылады.

Мына сөздерді оқы:

сыйлық тыйылды

сыйлас тыйдыру

сый сыйласу тый тыйылту

сыйлы тыйым

сыйым тыйымсыз

Өзің қалаған сөздерден бірнеше сөйлем құрастыру

Сергіту сәті: «Топ үйрек» «Май шам»

Алтын қақпаның тапсырмасы: «Білгенің жөн»

3-жаттығу . Жаңылтпашты жатқа жаз.

Тоғайда шоғайна

Жабысар борбайға

Кей бала ондайда

Басады ойбайға.

Й әрпі бар сөздердің астын сыз.

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Ереже бойынша й әрпі қандай дыбыстан кейін жазылады ?

Есіңде сақта! Й әрпінің шетелден енген кейбір сөздерге сөздің басында жазылады.

Алтын сандықтың тапсырмасы: «Ой таным»

-Ал, балалар, енді біз Алтын сандыққа да келіп жеттік Алтын сандықты ашу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

«Сөз ойла, тез ойла» ойындары

И,Й әріптерден құралған сөздерді табу ки- ине - сиыр-жидек- тәрбие-жиналыс ; ай-сай-ойна-қайық

Дөңгелек бойында орналасқан әріптердің жүйесін тауып үш қатар бойынша геометриялық фигуралардан бүгінгі тақырыбымызға байланысты сөздерді табу және сөйлем құрау.

Алтын сандықтың тапсырмасына назар аударайық

-Балалар, Алтын қақпа ойынында барлық қақпаның тапсырмасын орындап, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, Алтын сандықты өзімізге қалдырдық.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: 5-жаттығу , ережелерді қайталау.



© 2010-2022