ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Майгүл Ережепбекова Семей қаласы №42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп

ЕСІМШЕ

Сабақтың мақсаты:білімділік-есімше, оның жасалуы мен

түрленуі, ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі туралы түсі-

нік беру,оқушылардың алған білімдерін тексеру,кеңейту;

дамытушылық- оқушылардың өз бетінше ойланып қоры-

тынды жасай білуге төсілдіру, тілдік қорын молайту,қиял

мен сезімнің ұшқырлығы сияқты қабілет -қасиеттерді дарыту,қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту; тәрбиелік:-шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сүйіс-

пеншілікке, әдеби тілді мәдениетті түрде сөйлеуге,оқу-

шыларды білімге үндеу,эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі:талдау,сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: сызба, интерактивті тақта, кесте.

Пәнаралық байланысм: әдебиет , әдеп.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру а)амандасу;

б) оқушылардың назарын аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:а) жаттығу жұмысы.

б) өткен сабақты пысықтау.

1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістіктің қандай түрлері бар?

3.Етіс дегеніміз не? 4..Етістер етістіктерден қалай жасалады, мысал келтір.

5.Етістің қандай түрлері бар? 6..Өздік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.

7.Өзгелік,ырықсыз, ортақ етістер нені білдіреді,қандай

жұрнақтар арқылы жасалады, мысалдар келтір.

8.Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады?

Жаңа сабақ

ЕСіМШЕ

Ақыл-тозбайтын тон, таусылмайтын кен.

Жиналғандарға бөлме тарлық етті.

Қайрат ауылға жиі баратын.

Осы сөйлемдерден есімшені тапқызып,ережені оқушылар

ға шығарту.

Оқушы: Мысалдардан көргеніміздей есімше- етістіктің

ерекше түрі.Түбірі етістіктен болған,бірде етістіктер, бір

есімдер қызыметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп

аталады.

ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

-қан,--кен,-ған,-ген- өткен шақ есімше жасалады

-ар,-ер,-р және болымсыз етістіктен кейін-с жұрна-

ғы қосылу арқылы келер шақ жасалады

-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек- мақсатты келер шақ.

-атын,-етін,-йтын,-йтін-өткен шақ жасалады.

ЕСІМШЕНІҢ ТҮРЛЕНУІ

Септелуі

Тәуелденуі

Жіктелуі

Көпт-

телуі

А.Баратын

І.Баратынның

Б.Баратынға

Т.Баратынды

Ж.Баратында

Ш.Баратыннан

К.Баратынмен

І.Берерім Береріміз

ІІ.Берерің Берерлерің

Береріңіз Берерлеріңіз

ІІІ.Берері Берерлері

І.Келермін Келерміз

ІІ.Келерсің Келерсіңдер

Келерсіз Келерсіздер

ІІІ.Келер Келер

ЕСІМШЕНІҢ ҚЫЗЫМЕТІ

-------------------------------------------------------------------------

Бастауыш Толықтауыш Анықтауыш Пысықтауыш Баяндауыш

Оқыған білімді болады. Бастауыш

Сен тыңдайтынға айт . Толықтауыш

Болатын бала бесігінде бұлқынады. Анықтауыш

Мен оны көргенде таң қалдым. Пысықтауыш

Мен қалаға кеше барғанмын. Баяндауыш

Жаттығулармен жұмыс.

І деңгей

Біз бүгін деңгейлік тапсырмалар арқылы есімшенің жұр-

нақтарын ажыратып, қандай мәнде жұмсалып тұрғанын

айтамыз.

1.Тапсырма Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана тыңдай тын. Әндеткен топ жақындай түсті. Айтқандарға құлақ асу керек. Өмірді білмеген адам жазушы бола алмайды.

2. Тапсырма Етістіктен есімше жасап сөйлем құра.

Бол,көш,оқы,өс.

Бол- Ерінбеген еткші болар.

Көш-Көшкен ауылды іздеп табайық.

Оқы-Оқыған ұтады.

Өс- Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді.

ІІ деңгей

1Тапсырма Берілген етістікті есімшеге айналдыр.

1.Қоңырау соғылды . Соғылған қоңырау.

2.Тас қаланды Қаланатын тас.

3.Шам сөнді Сөнетін шам.

4.Ақша төленді Төленер ақша.5

5.Мәдениет дамыды Дамыған мәдениет.

6.Ән шырқалды Шырқалған ән.

7.Тілек орындалды. Орындалған тілек.

2.Тапсырма.Есімше қандай шақта тұрғанын айт.

Мақсатым-тіл ұстартып,өнер шашпақ. Мақсат кел шақ

Ерболдың үш баласы да үйленген. Өткен шақ Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер. Болж кел шақ

Оқуға баруға ниет етпекпін. Мақсат кел шақ

ІІІ деңгей

1.Тапсырма.Берілген етістікті түрлендіріп есімше жаса.

Жаз, кел, айт, оқы.

Жаз-жазған, жазар, жазбақ, жазбас, жазатын.

Кел-келген,келер, келмек,келмес,келетін.

Айт-айтқан,айтар, айтпақ, айтпас айтатын.

Оқы-оқыған,оқыр, оқымақоқымас,оқитын.

2. Тапсырма. Есімшенің жұрнағын ажыратып,сөйлем мү-

шесіне талда .

Туған үйдің түтіні жылы. Баяндауыш

Омар жазғандарын әкесіне көрсетті. Толықтауыш

Естіген құлақта жазық жоқ. Анықтауыш

Оның қорыққаннан үні шықпай қалды. Пысықтауыш Келгендер 6-сынып оқушылары екен. Бастауыш

Бекіту сұрақтары.

  1. Есімше дегеніміз не?

  2. .Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері неде?

  3. Есімше қандай жұрнақ арқылы жасалады?

  4. Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады№

5.Есімше қанша шақта айтылады?

Бағалау.

Үйге тапсырма.

І деңгей: 215-жаттығу.

ІІ деңгей: мақал-мәтелдерден есімшені табу.

ІІІ деңгей: «Қыс кереметі» атты шығарма жазу.

© 2010-2022