Карта бойынша қашықтықты өлшеу

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Карта бойынша қашықтықты өлшеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға карта бойынша қашықтықты өлшеуді үйрету.

.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, карта, курвиметр, өлшеуіш-циркуль, сызғыш.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі

  • Топографиялық карта дегеніміз не?

  • ҚР ҚК-нде топографиялық карталардың қандай масштабтары пайдаланылады?

  • Топографиялық карталардың қолданылуы туралы айтыңдар.

  • Карта масштабының шамасы неге тең?

б) Негізгі бөлім

Карта бойынша қашықтықты өлшеу тәсілдері. Карта бойынша қашықтықты өлшеудің дәлме-дәлдігі. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығын түзету коэффиценті.

Карта бойынша қашықтықты өлшеу.


Картада маршрут ұзындығын, әдетте, курвиметрмен өлшейді. Қалыпты курвиметрде карта бойынша қашықтықты өлшеу үшін 2шкала болады: бір жағынан - метрлік (0-ден 100см-ге дейін), екінші жағынан -дюймдік (0-ден - 39,4 дюймге дейін) 1дюйм = 2,54см. бұл аспаптың төменгі жағындағы айналдыру дөңгелекшесі тісті берілістер жүйесі арқылы меңзермен жалғанған. Картадағы сызық ұзындығын өлшеу үшін алдымен дөңгелекшені айналдыра отырып меңзерді шкаланың бастапқы (0) бөлінісіне қойып, дөңгелекшені өлшенетін сызық бойымен сырғанату кереке. Курвиметр шкаласы бойынша алынған санды карта масштабының шамасына көбейту керек.

Курвиметр жұмысының дұрыстығын сызықтың белгілі ұзындығын, мысалы, картадағы километрлік тор сызықтардың арақашықтығын өлшеу жолымен тексереді. 50см ұзындықты өлшеу кезінде курвиметрдің қателігі 0,25см аспайды. Маршрут сызығы өлшеуіш циркульмен де өлшене алады.

Карта бойынша өлшенген маршрут ұзындығы нақтылы ұзындықтан біршама қысқа болады, өйткені картаны, әсіресе ұсақ масштабты картаны құрастырғанда, жолдар түзуленеді. Таулы-жоталы жерлерде сонымен бірге маршруттық горизонталь жүргізу мен оның шынайы ұзындығының арасында өрлер мен еңістерге байланысты елеулі айырмашылықтар болады. Осыған байланысты карта бойынша өлшенген маршрутқа түзулер ендірген жөн. Түзету коэффиценттері жергілікті жерлердің әр түрлі типі мен карта масштабтарына бірдей емес.

Жергілікті жердің сипаты.

Карта масштабы үшін түзету коэффиценті.

1:50 000

1:100 000

1:200 000

1:500 000

Жазық

1,0

1,0

1,05

1,05

Жоталы

1,05

1,10

1,15

1,20

Таулы

1,15

1,20

1,25

1,30

Кестеде көрсетілгендей, жоталы және таулы жерлердің карта бойынша өлшенуі мен шынайы қашықтығының айырмашылығы айтарлықтай үлкен. Мысалы: 1:100 000 масштабты картада таулы аудан маршрутының ұзындығы 150км тең, ал оның нақты ұзындығы 150х1,20=180км тең.

Маршрут ұзындығын түзетуді, циркульдің «адымын» түзету коэффицентін ескере отырып, карта бойынша өлшеуіш циркульмен өлшеу кезінде тікелей енгізуге болады.

Қағаз жолағы көмегімен өлшеу үшін оның тегістеу шетін картадағы нүктелер арасындағы анықталатын қашықтықпен беттестіріп, оларға қарама-қарсы қағаз жолағында жіңішке сызықтармен белгілер жасайды. Осы белгілер арасындағы кесіндіні сызықтық масштабқа қойып, қашықтықты есептейді.

Егер сызғыш пайдаланылса, онда оның көмегімен картадағы нүктелер арасындағы қашықтықты см (мм) өлшейді, сонан соң алынған мән масштаб шамасына көбейтіледі.

Картадағы сызықты өлшеудің нақты дәлділігі (өлшеу нақтылығы, картаның қателігі, қағаздың деформациясы) 0,5 - 1мм арасында ауытқиды, ол жергілікті жердің 1:10 000 масштабы үшін 5 - 10м, 1:25 000 масштабы үшін 12 - 25м, 1:50 000 масштабы үшін 25-50 м қашықтыққа сәйкес келеді.

в) Қорытынды бөлім

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Өлшеуіш-циркуль, курвиметр, сызғыш және қолда бар құралдармен қашықтықты өлшеу тәсілдері туралы айтыңдар.

  • Курвиметр жұмысының дұрыстығы қандай тәсілдермен тексеріледі?

  • Картадағы сызықты өлшеудің нақты дәлдігін (қағаз деформациясын ескере отырып айтыңдар.

  • 1.50 000 масштабты карта бойынша есепті шешіңдер: карта бойынша өлшенген қашықтық -4,7 см. ол таулы - жоталы жерде неше метрге тең?


© 2010-2022