Фонетика бөлімі бойынша әдістемелік құрал

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:






































Қазақстан жалпы орта білім беретін мектебі











Фонетика бөлімі бойынша әдістемелік құрал




Фонетика бөлімі бойынша әдістемелік құрал
















Бастауыш және негізгі сатыларда фонетика бөліміне арналған әдістемелік құрал

Құрастырған: Павлодар облысы, Май ауданы, Қазақстан жалпы орта білім беретін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бейсенбина Анар Ерболатовна



























Түсінік хат


Бұл ұсынылып отырған әдістемелік құрал фонетика бөліміне арналып, жас мұғалімдерге көмекші құрал ретінде беріліп отыр.

Фонетика саласы туралы теориялық білім беру бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың ( А.Байтұрсынов, І.Кеңесбаев, Сапархан Мырзабеков, Құдайберген Жұбанов) пікірлері, олардың зерттеулері берілген.

Мемлекеттік білім стандарты бойынша оқушылардың фонетика бөлімінен білім, біліктілігі көрсетілген. Фонетика бөлімдері бойынша дауысты дыбыстардың жіктелуі,жасалу жолдары, буын , екпін түрлері, тасымалдың , ықпал заңдары, транскрипция заңдылықтары туралы толық сипаттама берілген. Оқушыларға фонетикалық талдау жұмысын жүргізу, оның түрлерін меңгерту үлгілері берілген. Дыбыстық талдауда ғалым Нұрша Оразахынованың талдауын негізге ала отырып жасалынды.



















Мемекеттік білім стандартында фонетика бөлімі бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар

Бастауыш саты

Білімі:

  • әріп дыбыстың таңбасы екенін білу;

  • дауысты және дауыссыз, дауыссыз болып бөлінетінін білу;

  • дауысты дыбыстар, оның жуан, жіңішке түрлерін білу;

  • дауыссыз дыбыстар, оның қатаң, ұяң, үнді түрлерін және олардың емлесін білу;

  • буын мен тасымалды білу.


Біліктілігі:

-дыбыс түрлерін айыра алу;

- буынға бөле алу және тасымалдай алу;

- дыбыстық талдау жасай алу.


Негізгі саты:

Білімі:

  • фонетикалық ұғымдардың мәнін білу;

  • сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін және олардың әрі қарай іштей жіктелуін білу;

  • буынның, екпіннің түрлерін білу;

  • қазақ әліпбиінің құрамын, ретін жатқа білу;

  • сөзге, сөйлемге тиісті екпіндерді дұрыс түсіріп интонациясын сақтап айта білу;

  • орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істей білу.

Біліктілігі:

-тіл дыбыстарын классификациялай алу;

- тіл дыбыстарының жасалу жолын дәлелдей алу;

-жазба тілде орфографиялық заңдылықтарды сақтай алу;

- ауызша тілде орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлей алу;

- орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істей білу.





Б) Ерін мен езудің қатысына қарай үш дауысты дыбыстың екеуі (а,ы) езулік дауысты дыбыстар, себебі, айтқанда ерін жиырылып, езу екі жаққа тартылады.

2□ (а,ы) езулік

3□= -----

1 □ (о)еріндік

∆ дыбыстардың жіктелуі:


А) Үн мен салдырдың қатысына қарай алты дауыссыз дыбыстың екеуі ұяң дыбыс, себебі, бұл дыбыстарда үннен гөрі салдыр басым; үшеуі қатаң дауыссыз дыбыстар, себебі тек салдырдан тұрады;

бір үнді дыбыс бар.


3∆ (с,т,қ) қатаң, 2∆(б, д) ұяң

6∆ = ---------

1 ∆(н) үнді


















Математикалық талдау жасаудың толық үлгісі.

Қорлықта жүрген халқыма

Бостандық алып берем деп,

Ауыр әскер қол ертіп…

(М.Өтемісұлы)


Берілгені: Бостандық сөзінде қанша дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін анықтаймыз.

Шешуі: Бұл сөзде 9дыбыс бар, оның үшеуі дауысты дыбыстар, себебі дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады; алтауы дауыссыз дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден щыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

3  (о,а,ы) дауысты дыбыс

9 О = ------

6 ∆(б,с,т,н,д,қ) дауыссыз дыбыс

 дыбыстардың жіктелуі:

А) тілдің қатысына қарай үш дауысты дыбыстың үшеуі де тіл арты немесе жуан дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы кейін қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді, тіл алды немесе жіңішке дауыстылар жоқ;

3□ (о,а,ы) жуан

3□= -----

□ Ø жіңішке



ә) Жақтың қатысына қарай үш дауысты дыбыстың екеуі (о,а) ашық дауыстылар, себебі, айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.

Бір дыбыс (ы) қысаң дауысты, себебі, айтқанда жақ тар ашылады.

2□ (о,а)ашық

3□= -----

1□ (ы)қысаң

Тілдің дыбыстық жүйесі

Лингвистиканың үлкен тарауының бірі-фонетика. Фонетика тіл дыбыстарын, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді.

Фонетика-тіл дыбыстарын, яғни фонемалар туралы,тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар, процестер, сәйкестіктер туралы ілім.

Тіл дыбыстары-күрделі құбылыс. Өйткені әр дыбысқа тән басты-басты үш ерекшелік болады: бірі-дыбыстық акустикалық, яғни физикалық ерекшелігі; екіншісі-дыбыстың физиологиялық, яғни биологиялық ерекшелігі; үшіншісі-дыбыстың қоғамдық, яғни әлеуметтік ерекшелігі. Бұл үш ерекшелік-әр дыбысқа тән, әр дыбысқа бірдей, әр дыбысты айтқанда, қолданғанда, бір мезетте болатын қасиеттер. Сондықтан тіл дыбыстарын сипаттағанда, оған физик, әрі физиолог, әрі лингвист тұрғысынан қарауға тура келеді.

Зерттеу,баяндау,сипаттау тәсілдеріне қарай фонетиканы төрт салаға-төрт типке бөлуге болады: статикалық немесе сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика, жалпы фонетика, эксперименталды фонетика.

1

Статикалық,сипат

тамалы фонетика

бір тілдің дыбыстық жүйесінің ќазіргі, бүгінгі қалпын синхрондық тұрғыдан сипаттап, баяндайды.

2

Тарихи фонетика

Бір тілдің немесе туыстас тілдердің дыбыстық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын зерттеп, ортақ белгілерін, өзгерістерін айқындайды.

3

Жалпы фонетика

Фонетиканың теориялық бөлімі. Тіл атаулыға тән дыбыстық ерекшеліктер; тіл-тілдің дыбыстық жүйесіндегі ортақ белгілер жөнінде ғылыми қорытындылар жасайды.

4

Эксперименталды фонетика.

Тілдің дыбыстық жақтарын инструменталды әдістер арқылы зерттеу жиынтығы; тіл дыбыстарын техникалық құралдар арқылы анатомия-физиологиялық, акустикалық және әлеуметтік қызметтері тұрғысынан тексереді.


Фонетика бөлімі бойынша әдістемелік құралФонетика бөлімі бойынша әдістемелік құралФонетика

Дыбыс Әріп

Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері айтылып, естілетін тілдік құбылысФонетика бөлімі бойынша әдістемелік құралФонетика бөлімі бойынша әдістемелік құрал


Дыбысты таңбалау үшін алынған белгі





Әліпби

Әріптердің рет-ретімен тізілген жиын





42 әріп -5әріп: я(й+а), ь-(жіњішкелік белгі)

ю(й+у), ъ-(жуандыќ белгі)

ё(й+о).

37 дыбыс

12 25 (26)

Дауысты дыбыс Дауыссыз дыбыс


Тілдің қатысына қарай


Үн мен салдырдың қатысына қарай

Жуан: а,о,ұ,ы,у

5

Алмұрт

Жіңішке:ә,ө,ү,і,е,э,и

7

Көжек

Үнді: л,м,н,ң,р,й,у

7

Өнер

Жақтың қатысына қарай

Ашық:а,ә,о,ө,е,э

6

Көркем

Ұяң:б,в,г,ғ,д,ж,з,ћ

8

Жаз

қысаң: ы,і,ұ,ү,и,у

6

құрық

Еріннің қатысына қарай

Қатаң:к,қ,п,с,т,ф,х,ш,щ,ч,ц

11

кітап

Еріндік:о,ө,ұ,ү,у

5

ұлу

Езулік:а,ә,е,э,ы,і,и

7

батыр



Математикалық дыбыстық талдау

ШФонетика бөлімі бойынша әдістемелік құрал

Сөйлеу тілінде дыбстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс

артты белгілері:


Берілгені: СӨЗ

Табу керек: О =?,  -?, ∆ -?

Шешуі:  дауысты дыбыс

О = ------

∆ дауыссыз дыбыс

□ дыбыстардың жіктелуі

а). тілдің қатысына қарай - жуан, жіңішке

□ жуан

□= -----

□ жіңішке

ә). Жақтың қатысына қарай - ашық, қысаң

□ ашық

□= ------

□ қысаң

б). Еріннің қатысына қарай - еріндік, езулік

□ езулік

□= ------

□ еріндік

∆ дыбыстардың жіктелуі

Үн мен салдырдың қатысына қарай - қатаң, ұяң, үнді.

∆ қатаң, ∆ ұяң

а). ∆ = ------

∆ үнді


Дыбыстық талдау жасаудың толық үлгісі.

Тегімді менің сұрасаң,

Қалың найман нуынан.

(Д. Бабатайұлы)

  1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай- жіңішке буынды сөз.

  2. Бұл сөз те-гім-ді болып үш буынға бөлінеді. -те, -ді буындары ашық буындар, себебі, буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауысты дыбыстарға аяқталып тұр.-гім буыны бітеу буын, себебі, дауыссыз дыбысқа басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

  3. Бұл сөз те-гімді, тегім-ді болып 2 жағдайда тасымалдауға болады.

  4. Тегімді сөзінде екпін соңғы і дауысты дыбысына түсіп тұр.

  5. Сөзде буын үндестігі бар. Түбірдің соңғы буыны (-гім) жіңішке болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да жіңішке (-ді).

  6. Сөзде дыбыс үндестігі,түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Түбірдің соңғы дыбысы -м үнді болғандықтан оған жалғанатын қосымша не үнді, не ұяң болу керек, -ді ұяң дауыссыз дыбыстан басталып тұр.

Дауыстылар: -е, і, і

Тілдің қатысына қарай - жуан: Ø

жіңішке: е, і, і

Жақтың қатасына қарай - ашық: е

қысаң: і, і

Еріннің қатысына қарай - еріндік: Ø

езулік: е, і, і

Дауыссыздар: т,г,м,д

Үн мен салдырдың қатысына қарай:

- қатаң: т,

- ұяң: г, д

- үнді: м







Қазақ тілі дыбыстарының құрамы .


Тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз болып 2 топқа бөлініп айтылуы үн мен салдырдың қатысына қарай байланысты. Мұны бір сөзбен дауыстың қатысына қарай десе де болады. Тілдегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың мынадай белгілері бар:

  1. Дауыстылар тек үннен жасалады, ал дауыссыздар салдырдың қатысы болады.Үннің болуы да (м,н,р т.б), болмауы да (б,қ,т т.б) мүмкін. Дауыссыздар дыбыстар салдырдан да, үннен де тұрады.

  2. Дауыстылар буын құрайды, ал дауыссыздар буын құрауға көмектеседі.

  3. Дауыстылар екпінді тартады, дауыссыздар мұндай қасиет жоқ

  4. Дауыстыларды айтқанда бірнеше дыбыстау мүшелері қатысады. (тіл, ерін, жақ)Ал дауыссыздарда бір ғана дыбыстау мүшесі қатысады. (ерін)

  5. Дауыстылар созылып, әрі қатаң дауыссыздарды ұяңдатып түратын қасиетке ие.










Дауыссыз дыбыстар

Үн мен салдырдың қатысына қарай:

  1. Үн мен салдырдың қатысына қарай, тек салдырдан жасалған дауыссызды қатаң дауыссыз деп атайды.

  2. Үн мен салдырдың қатысуымен жасалған және салдыры басым болып келген дауыссыздарды ұяң дауыссыздар деп атайды.

  3. Ал салдырдан үні басым болып келетін дауыссыздар үнді дауыссыздары деп аталады.

Айтылу жолына қарай:

  1. Шұғыл дауыссыздар. Ауыз қуысындағы 2 түрлі дыбыстау мүшелерінің біріне-бірі тиіп, жымдасуынан немесе тиіп барып ажырасуынан пайда болатын дыбыстарды атайды.

(п,б, т,д, к,г,қ, ц,ч)

  1. Ызың дауыссыздар. Ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуықтап, өкпеден келген фонациялық ауа, екі мүшенің ортасынан сүзіліп шығатын дыбыстарды атайды.

(в, ф, с,ш, ж,з, х,һ)

Үнді дауыссыздар ауыз жолды мұрын жолды болып 2-ге бөлінеді.

Мұрын жолды: н,ң,м

Ауыз жолды: л,р,й,у

Жасалу орнына қарай:

А) ерін дыбыстары - п,б,м,у

ә) тіс дыбыстары- т,д,с,з,ц

б) тіс пен ерін - ф,в

в) тіл ұшы- н,л,ч

г) тіл алды- р,ш,ж,й

д) тіл ортасы - к,г

е) тіл арты - қ,ғ,ң,х

ж) көмей - һ






Негізі саты мен жоғары сатыда дыбыстық талдау үлгісі

Фонологиялық талдау

СӨЗ
  1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: жуан,

жіңішке, аралас буынды сөз.

  1. Буын: ашық, тұйық, бітеу буын.

  2. Екпін.

  3. Тасымал.

  4. Буын үндестігі .

  5. Дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал


Сөзге дыбыстық талдау жасау

Дауыстылар: (сөздегі дауыстыларды жазу)

Тілдің қатысына қарай - жуан:

жіңішке:

Жақтың қатасына қарай - ашық:

қысаң:

Еріннің қатысына қарай - еріндік:

езулік:

Дауыссыздар(сөздегі дауыссыздар жазу)

Үн мен салдырдың қатысына қарай:

- қатаң:

- ұяң:

- үнді:




Бастауыш сатыда дыбыстық талдау үлгісі

  1. Жуан буынды сөз,

Жіңішке буынды сөз

Аралас буынды сөз.

  1. Буын. Неше буын бар.Түрі

  2. Екпін.

  3. Тасымал. Неше тасымал бар

  4. Буын үндестігі .

  5. Дыбыс үндестігі.

  6. Сөзге дыбыстық талдау жасау


Үлгі: Болашақ. 7 әріп, 7 дыбыс

  1. Жуан буынды сөз

  2. Буын. 3 буын Бо- ашық, ла-ашық, лақ-бітеу

  3. Болашақ

  4. Тасымал: 2 тасымал Бо-лашақ, бола-шақ

  5. Буын үндестігі бар

  6. Дыбыс үндестігі

Б-дауыссыз, ұяң

О- дауысты, жуан

Л-дауыссыз, үнді

А-дауысты, жуан

Ш-дауыссыз, қатаң

А-дауысты, жуан

Қ-дауыссыз, қатаң







Транскрипция

Транскрипция-тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланатын шарты мағына. Оның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.

Тіл-тілде транскрипцияның 2 түрі болады.

  1. Фонемалық транскрипция-сөздің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермейді. Қазіргі ше айтқанда орфография заңдылықтарына сүйеніп берілді.

  2. Фонетикалық транскрипция-тілдегі сөздің айтылуындағы дыбысталу дәлме-дәл көрсетіледі. Қазіргі ше орфоэпия заңдылықтарына сай келеді.

Фонетикалық транскрипция бойынша қазақ тілі дыбыстары мынадай өзгерісте болады.

  1. Сөз басындағы о,ө әріптерінің алдынан у әрпі, сөз басындағы е әрібінің алдынан й әрпі келеді.

  2. У, и дыбыстары қай орнында қолданылса да, былайша белгіленеді.

У- ұу, үу, (у-дауыссыз болса, жалғыз жазылады.) И-ый, ій.

  1. Ю,я,ё әріптерінің жазылуы

Ю-йу, Я-йа, Ё-йо

Дауыссыз дыбысқа тән де осындай ерекшеліктер бар.

  1. Сөз басындағы ж және сөз ортасындағы щ дыбыстары қосарланып жұмсалады.

  2. Ч, ц дыбыстары

Ч-тш, Ц-тс

Транскрипцияда айрықша белгілері болады.

А) сөз екпіні '

ә) тіркес екпін U

б) сөйлем ішіндегі пауза /

в) сөйлем жігін білдіретін //

г) жіңішкелік белгі «'»

Фонематикалық транскрипция

Жетісу- кеудең асқар, аяғын көл.

Фонетикалық транскрипция

Жжетісүу/ геудең аскар // айағың гөл


Буын, оның түрлері

Буын фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырамуының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.

Буынға тән сипаттар:

  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  2. Буында мағына болмайды.Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе, грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Буында мағына болуы міндетті емес.Буын мен мағынаның үндесуі кездейсоқ сәйкестік.

  3. Бас буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.

Буынның түрлері (І.Кеңесбаев жіктеуі бойынша)


  1. Жеке дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітетін буынды ашық буын дейміз.

  2. Дауыстыдан басталып дауыссызға аяқталған буында тұйық буын дейміз.

  3. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталып, ортасында дауысты дыбыс болатын буында бітеу буын дейміз.

Қазақ тіліндегі буынның түрін ғалым Құдайберген Жұбанов алтыға бөледі. Аталған 3 буынға жалаң буын (а -та), ауыр тұйық буын (өрт, ант), ауыр бітеу буын (қант, тарс) деп қосады.

Сапархан Мырзабеков екіге бөледі. Ашық буын (о-қы, ү-кі, ба-ла-сы), тұйық буын-соңы дауыссызға аяқталатын буын. (ат, акт, қарт, пунк, спорт, штрих т.б)

Буынның бөлуінде Қ.Жұбанов көрсетеді: «Буын жігін оңай табу үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан шоламыз. Әрбір дауыстының алдынан бір дауыссыз дыбыс тастап бөле береміз»

Бір кез/де а/лыс/тан а/рыс/тан/ның а/қыр/ған дау/сы ес/тіл/ді.


дыбысына айналып естіледі, жазылуда бұл ескерілмейді. Бозжан-Божжан, Боз жорға-Бож жорға т.б

в) Біріккен сөздің сыңарларының арасында немесе қатар айтылған сөздердің аралығында екі дауысты қатар келгенде, бірі түсіріліп айтылады, жазылуда ескерілмейді. Торы ала ат-Торалат, Сарыарқа-Сарарқа т.б


Үндестік заңы.

Басқа түркі тілдері секілді қазақ тілінің дыбыстары да сөзбен-сөздің, сөз бен қосымшаның, қосымша мен қосымшаның аралығында біріне-бірі айтылуы жағынан үйлесіп отырады. Дыбыстардың осындай үйлесуін үндестік заңы деп атайды.

Үндестік заңы 2 түрі болып келеді.

1.Буын үндестігі дегеніміз-дауысты дыбыстардың үндесуі, үйлесуі.

Буын үндестігі 2-ге бөлінеді.

А) Тіл үндестігі- сөз ішіндегі, сөз бен қосымшадағы дуыстылардың бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке айтылуы айтады.

  1. Буыны аралас сөздерде (кітап, мұғалім) қосымша соңғы буынның ерекшелігіне қарай жалғанады.

  2. Басқа тілден енген , соңында жіңішкелік белгісі (ь) бар бір буынды сөздер және рь дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады.

  3. Соңғы буында ә, я дыбыстары бар сөздерге және х дыбысына аяқталған сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: цехта, кінәлау, поляқтар т.б

  4. Соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне қосымша жіңішке жалғанады.Мысалы: паркте, полюске, хирургке т.б

Ә) Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып үндесіп келуін ерін үндестігі дейді.

Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында немесе ортаңғы буынында еріндік дауысты дыбыс болса, қалғандары еріндік дауысты болып түзетіледі. Бірақ, бұл заң қазақ тілінде аутылуында болмаса, жазылуында сақталмайды. Мысалы: түлкілер- түлкүлөр,көзүлдүрүк.

Жалпы қазақ тілінде ерін үндестігі кезінде осы дыбыстан кейінгі екінші буынға анық сақталған, одан кейінгі буындарда ерін үндестігінің сақталуы әлсіз. ( С.Кеңесбаев пікірінше)

Егер сөздің бірінші буынында еріндік дауысты дыбыстар болса, екінші буындарындағы қысаң ы, і, дыбыстары, жартылай е дыбысы еріннің сүйірлену айтылуына икемделіп кетеді.

Бұл заңға екінші буынның құрамында а, ә, дыбыстары бар болса бағынбайды. Мысалы: құдық-құдұқ, құлақ-құлақ

Тіл үндестігі мен ерін үндестігіне талдау үлгісі

Ержан кешегі соғыс кезіндегі Мұратты ұмытып кетіп еді.

Тілі үндестігі: а) аралас буынды сөз: Ержан

ә) бағынбайтын қосымшалы сөз: жоқ

Ерін үндестігіне бағынатын: соғұс, ұмұтып

Ерін үндестігіне бағынбайтын сөз: Мұратты

2. Дыбыс үндестігі дегеніміз-сөз бен сөз аралығында морфемалық жігіне көрші келген дыбыстардың айтылу жағынан бір-біріне ұқсауы, бейімделуі.

Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үшке бөлініп қарастырылады.

1. Ілгерінді ықпал- сөз ішіндегі немесе сөздер арасында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етуі.

Ілгерінді ықпал сөз жазылуын мынадай жерлерінде кездеседі.

А) сөздің соңғы дыбысы дауысты , үнді немесе ұяң болса, жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы үнді не ұяң болады.


ә) сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша қатаңнан басталады.

Ілгерінді ықпалда өзгешелік бар.

А) б,в,г,д дыбыстарына аяқталған сөздердің айтылуы ескеріліп, қосымша оларға қатаңнан басталады.клубтан,

ә) түбір ш дыбысынан қосымша с дыбысынан басталса, ол с-ш болып айтылады, бірақ жазылуында сақталады. Көш+се= көшше

Б) біріккен сөздің, сөз тіркестерінің бірініші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екіншісі сыңары б дыбысынан басталса, айтылуында б-п дыбысы болып естіледі. Жазылуында бұл ескерілмейді. Алып бер-алып пер, Жүсіпбек-Жүсіппек

В) біріккен сөздің, сөз тіркестерінің бірініші сыңары дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссызға бітіп, екінші сыңары қатаң к,қ дыбыстарынан басталғанда, бұл дыбыс ұяң г,ғ болып естіледі, бірақ жазуда ескерілмейді. Ала қап-ала ғап, қаракөз-Қарагөз т.б

2. Кейінді ықпал-сөз бен қосымша, сөзбен сөз аралығында соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсері.

Кейінді ықпалды да жазудағы өзгешелік болады.

А) егер сөздің соңғы дыбысы қатаң п,к,қ болса және оған дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, бұл дыбыстар б,г,ғ болып ұяңдалады. Көмек-кемегі, доп-добы т.б

ә) Етістіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы үнді у дыбысына айналады.

Шап+у= шауып, жап+у=жауып т.б

Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі

А) Түбір дің соңғы дыбысы үнді н дыбысына бітсе, қосымша немесе сөз б,в,п,к,қ,г,ғ дыбысынан босталса, н дыбысы өзгеріп, ң немесе м болып айтылады, жазылуында сақталады.Есенбай-Есембай, Жанпейіс-Жампейіс, түнгі-түңгі, сәнқой-сәңқой т.б

ә) Түбір сөз с, з дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша ш,с дауыссыз дыбыстарынан басталса, с дыбысы өзгеріп ш дыбысына, з дыбысы өзгеріп с не ш дыбысы болып естіледі, жазылуда бұл ескерілмейді. Асшы-ашшы, қазса-қасса, көзсіз-көссізт.б

б)Біріккен сөздің немесе сөз тіркесінің бірініші сыңары з дыбысына аяқталып, екінші сыңары ж дыбысынан басталса, з дыбысы өзгеріп, ж

3. Тоғыспалы ықпал- сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығында көршілес дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді әсер етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы.

Тоғыспалы ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі

А) Алдыңғы сөз н дыбысына бітіп, кейінгі сөз к,қ қатаң дыбыстарынан басталса, нк, нқ дыбысының тіркесі ңг, ңғ дыбысына алмасады.Қан қызыл-қаңғызыл, он қабат-оңғабат т.б

ә) Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі ж дыбысынан басталса, екі дыбыс та ш дыбысынаайналады. Тас жол-ташшол, құс жақ-құш шақ т.б



Екпін.

Айтылуда сөздің буындардың біреуі басқаларға қарағанда көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.А.Байтұрсынов «Қазақ тілінде екпін буыны сөздің я аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді» дейді.

Ескерту: Екпін бір буынды сөздерде болмайды.

Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі. Дегенмен екпін түсірмейтін қосымшалар бар.

  1. Жіктік жалғаудың толық түрі. Мен оқушымын.

  2. Етістіктің қалау , тілек мәнін білдіретін жұрнақтар. Баршы, келші.

  3. Есім және етістіктің есімше түріне жалғанып, теңеу ,ұқсату мәнін үстейтін қосымшалар. Таудай, балаша, сұңқардай.

  4. Етістіктің болымсыз мағына тудыратын қосымшалар. Барма, келме, тартпа, жұлма.

  5. Көмекші сөздерге түспейді: ғой, шейін, соң арқылы т.б

Ескерту: шы, -ші, -ма, -ме,-ба,-бе,-па,-пе қосымшаларына екпіннің түсуі, түспеуі сөздің мағынасын өзгертеді.

М/ы: Қойшы келді. Кітапты қойшы. Нанды бөлме. Бөлме кең.

Қазақ тілінде екпіннің мынадай түрлері кездеседі.

1. Сөз екпіні. Екпін сөйлем ішіндегі жеке сөздерге түседі.

2.Тіркес екпін. Сөйлемдегі сөздердің әр қайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбайды. Айтылу жағынан жігі жылдасып, бір ғана екпінге ие болып тұрады.

3.Дыбыс (Эмфазалық) екпін. Көңіл-күй екпіні десе де болады. Мұнда кем дегенде екі сөзге бір ғана екпін жалғанады., бірақ ерекшелігі екпін екі сөздің алдынғысына түседі. Ол мұнадай жағдайда болады.

А) қос сөздердің күшейтпелі түрінде. М/ы қып-қызыл, тап-таза

ә) сын есімнің асырмалы шырайына түседі. Тым қызыл, аса тәтті.

Б)Көңіл-күйге байланысты белгілі сөздер ерекше екпінмен айтылады. М/ы Тамаша, қандай

4.Ой (Логикалық) екпін. Сөйлемде айрықша назар аударылып айтылатын сөздер болады. Ол басқа сөзге қарағанда ерекше әуенмен айтылады.

М/ы Ол кеше ауылдан келді. Ол ауылдан кеше келді.



Тасымал.


Сөздің бір жолға сыймай, бір немесе бірнеше буынның екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Тасымал буын жігінен дефис арқылы көшіріледі.


Мынадай жағдайда тасымалдауға болмайды.


  1. Бір буынды сөздер: ат, қант, спорт

  2. Сөздің бір әрпін не сол жолда қалдыруға не келесі жолға көшіруге болмайды.

  3. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын тасымалдауға және саннан бөліп жазуға болмайды. 10кг, 25см

  4. Қысқартылып жазылған кісі аттарын фамилиясынан бөлшектеуге болмайды. А.Құнанбаев,

  5. Бас әріптен және бас әріппен буыннан қысқарған сөздер тасмалданбайды. ТМД. ҚазМУ

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999

  2. КР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002

  3. Оразахынова Н. Сатылай комплексті талдаудың сызбалары.

  4. Хасенов А. Тіл білімі. Алматы,

  5. Ибрагимов Қ.,М.Иманбаева М., Базарғалиева Б. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест, Алматы, 2005

  6. Исаев С., Құрманғалиева С., Қыстаубаева З. Қазақ тілі 9-11, Алматы «Мектеп»1989



© 2010-2022