Урок - Жасыл шырша жанында

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок - Жасыл шырша жанындаЖасыл шырша жанында

Ән: «Жаңа жыл» ( оқушылар әнмен ішке кіріп, шыршаны айналып билейді)

Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар, бақытты балғын балалар! Бүгінгі Жаңа жыл кеші баршаңызға құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт, шаттық әкелсін! Ал, балалар, бүгін қандай мереке? Оқушылар: Жаңа жыл! Жүргізуші: Бүгін біздер жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Ендеше қол ұстасып, «Аппақ, аппақ жапалақтап» әнін бірге айтайық. (музыка) Жүргізуші: Балалар, біздің Жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді? Оқушылар: Аяз Ата мен Ақшақар! Жүргізуші: Кәне, ендеші Аяз Атаны шақырайық. Оқушылар: Аяз Ата кел, Аяз Ата кел! Музыка, ортаға Қар адамы дөңгеленіп, айналып шығады. Қар адамы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің кім екенімді білесіңдер ме? Оқушылар: Қар адамы! Қар адамы: Дұрыс айтасындар, балалар! Мен сендерге жұмбақ ала келдім. Жауабын айтып көріңдерші! 1. Түнде әйнекке қонады, Әсем ою ояды. (Аяз) 2. Жалт-жұлт етеді, Ұстасаң еріп кетеді. (Қар) Жарайсыңдар балалар, № 7 мектептің балалары білімді екен. Тағы да «дыбыс» естіледі. Ортаға «Шырша» мен «қорқақ қоян» келеді. «Шырша»: Мәссаған біздер қайда келіп қалдық, а! Мына жер қандай әдемі, қандай көңілді. Қорқақ қоян: Балалар, қасқырдан қашып журген қоянмын, сендермен бірге болсам бола ма? Оқушылар: Болады. Қорқақ қоян: Рахмет! «Шырша»: Балалар, сендермен бір ойын ойнайықшы. Ортаға 4 оқушы шығады, көздерін байлап «Сәбізді кім көп жинайды» . (музыка орындалады, кішкене шелектер алу.)

Ортаға сылаңдап, бұралып қу түлкі шығады. Түлкі: Барлық аңдар осында жиналып жатыр дегесін келіп едік....

Мен түлкімін, түлкімін, Ашық ауыз аңқауды күлкіменен арбаймын.

Жүргізуші: Түлкі, жолда Аяз Ата мен Ақшақарды көрмедің бе?

Түлкі: Жоқ, жоқ өзім де асығып әрең жеттім. Осы сәтте сылдырмағын сылдырлатып клоундар келеді. Клоундар: Балалар, жолда Аяз Ата мен Ақшақарды көрдік. Оқушылар: Аяз Ата кел, Аяз Ата кел! Жүгіріп ортаға Қасқыр келеді. Қасқыр: Ух, мен қайда келіп қалдым? Қояндарды көрдіңдер ме? Ә, әп бәлем сендер мұнда екенсіңдер ғой ! Ұста , ұста қояндарды. Қояндар қаша жөнеледі. ( жүгіріп шырша артына, ата-аналарға тығылады.) Қасқыр ойын ұйымдастырады «Ұстап ал» (музыка) Жүргізуші: Бір дыбыс естіледі ғой, тағы кім келеді екен? Ортаға Аяз Ата мен Ақшақар келеді. Аяз Ата: Балаларым, балғыным, Өмір гүлім, шалғыным. Тілегенім жыл бойы Сендердің денсаулығың! Сәлем берем жұртыма! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлемет пе , қонақтар ! (Иіліп, сәлем береді. ) Ән: «Шырша жыры» (минусовка) Аяз Ата: Жаңа жылдарың құтты болсын. Мені немен қуантасыңдар?! Жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз Ата! Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан. Деміңізді алыңыз, балалардың ән-биін тыңдаңыз.

Балалар Аяз Атаға арналған тақпақтарын айтады.

Жүргізуші: Аяз Ата біздің биші қызымыздың биін тамашалаңыз. Ортаға «Би думан» атты аудандық конкурсына қатысып жүлделі орынға ие болған Дүзжасар Нұрдана «Ұйғыр» биін билеп береді.

Жүргізуші: Жаңа жылды тойлаңдар, Қол соғындар, күліңдер, тамсаныңдар. Өнерін көрсетуге келді міне Ортамызға «Ұлпақарлар» тобы Қарсы алыңдар! «Ұлпақарлар» биі (музыка)

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар Ескі жылдай аға бар. Оны ортаға алайық Қош айтысып қалайық! «Жылқы» жылы келіп бас иеді. Жылқы: Сау болыңдар балалар, Ашық болсын аспаның, Аман болсын жас-кәрің! Сау болыңыздар! Шыршада ілулі тұрған кілтті алып Жаңа 2015 жылға тапсырады. Жаңа жыл қасына Ғибрат «Қой» жылын алып: Уа, халайық келдім мен де төріңе, Қарсы алғайсың мені құтты көңілмен! Жақсылыққа бағытталған Боламын мен Жаңа жыл!

Жүргізуші: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл, Саған әзір жаңа жыр, Елге табыс, жақсылық Ала келші, Жаңа жыл! Төрлетіңіз бізбен бірге болыңыз! Барлығы Клоун, Қар адам, Қоян, Қасқыр, Шырша, Түлкі «Новогодние игрушки» биін билейді.

Жүргізуші: Осымен жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін!

Урок - Жасыл шырша жанында

Ембі қалалық интернат жанындағы №7 мектеп







Өткізген: Н.С.Мұхиева

25.12.2014жыл

© 2010-2022