Қазақ тілі пәнінен сабақ Кел ойнайық, жаттығайық!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Қазақ тілі

Мұғалім: Ахметова З.Б.

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: "Кел,ойынайық,жаттығайық!"

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Жүйелі білім беру мақсатын көздеп,оқушыларды епттілікке,бірізділікке баулу.Сабақта өтілген ойыншық атауларын еске түсіре отырып,ойын өткізу,жаңа сөздерді еске түсіріп,қайталау,білімдерін ойыншық атаулары арқылы толықтыру;

Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын молайту, жауапкершілікті сезінуін ,қисынды ойлауын қалыптастыру .сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін зейіндерін, тілдерін ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелілік: Тапқырлыққа,жылдамдыққа,ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап,ойлану.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жаңа сөздер жазылған плакат, ойыншықтар суреттері,сандар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу;

-Оқушыларды түгендеу;

-Қандай жыл мезгілі?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта өткенді сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

Сабақтың тақырыбы: «Кел,ойнайық!» мақсаты: диалог мәтінін тыңдау, сұрақтарға дұрыс жауап беру;

Сөздікпен жұмыс.

Иә-да Ойыншық-игрушка бар-есть

неше? қанша?-сколько? жоқ - нет ойына - играй

қандай?какой? (-ая,-ое) текше-кубик

1. Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап айтады. Оқушылар тыңдап отырады.

2. Мұғаліммен бірге оқушылар қайталайды.

Ой қозғау: -Балалар,сендердің қандай ойыншықтарың бар?

-Кімде қандай ойыншықтар бар?

Кітаппен жұмыс: 1-тапсырма. Мәтінді тыңда.

1.Мұғалім дауыстап диалогті оқып шығады,аударады.

2.Оқушылар тыңдайды. Кезектесіп оқиды.

-Саша,сенде доп бар ма?

-Иә,доп бар.

2-тапсырма. Мәтінді тыңда.

1.Мұғалім дауыстыап оқиды,оқушылар тыңдайды.

2.Мәтінді аударады.Кезектесіп оқушылар оқиды.

Саша машинамен ойнады.Ленаның қуыршағы бар.Арай текшемен ойнады.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті-беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

Оқушылар сергітуді іс-қимыл арқылы көрсетіп,бірнеше рет қайталайды.

Топтық жұмыс.

1.Оқушыларды екі топқа бөлу.1-топтан бір оқушы шығады,2-топтан бір оқушы шығады.

2. 1-топтағы оқушы бұйрық береді,екінші оқушы орындайды.

3.2-топтың оқушысы бұйрықты береді,1-топтың оқушысы орындайды.

4.Егер орындаушы дұрыс орындаса ,ол топтың оқушысына «Алғыр» атағын береміз.

Басыңды көрсет. Сол қолыңды көтер.

Аузыңды аш. Оң қолыңды көтер.

Оң қолыңды көтер. Есікті аш.

3-тапсырма.Өлеңді тыңдап,жаттап ал.

Үй алдында Ваня ағай,

Велосипед майладй.

Вова шығып далаға,

Вагон сүйреп ойнады. (Е.Өтетілеуов)

IV Қорытынды кезеңі: Сыныптастарына бұйрық беріп орындат.

Тұрындар!

Қолдарыңды көтеріңдер!

Қолдарынды түсіріңдер!

Оң қолдарына кітап алыңдар!

Сол қолдарыңа қалам алыңдар!

Оларды партаға қойыңдар

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!




© 2010-2022