Қазақ тілінен сабақ 7 - сынып Әдеби тілдің лексикалық нормасы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормасы

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік:6-сыныпта алған білімдерімен сабақтастыра меңгерту;

2. Дамытушылық: қазақ тілі заңдылықтарының жасанды еместігін, тілдің өз табиғатынан туып отырғаныны жеткізе отырып, ана тілдің сұлулығын, байлығын, әуезділігін оқушы бойына сіңіру арқылы қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: адамгершілікке, сауаттылыққа баулу.

Сабақтың әдісі: қозғау салу,сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы, сөз өнері жайында слайдтар.

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ІІІ. Жаңа сабақ.

Тілдегі сөздердің жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тіліндегі сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, біразы қолданылудан шығып қалады не сирек қолданылады.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер:

Диалектизмдер

Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер

Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздердің орысша атауларын қолдану

нормасы емес

нормасы

Шаттауық

Бойлай Рәуішті

Шібіш

Әммасы

жаңғақ

ылғи

тәрізді

балапан

барлығы

Көкмойын, шорт-морт,шурум-бурым, нені,нетіп,сілімтік,маскүнем,жезөкше,жексұрын,боғауыз сөздер және жаңағы сөзін бірнеше рет қайталап қолдану.

Строй (құрылыс), учебник (оқулық), состав (құрам), агитатор (үгітші), герой (кейіпкер, қаһарман, ер,батыр), план (жоспар)

4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер. Әдеби тілдің нормасына жататынын, жатпайтынын дәлелдеңдер.

Әдеби тілдің нормасына жататын сөздер

Әдеби тілдің нормасына жатпайтын сөздер

5-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Олар әдеби тілдің лексикалық нормасына жата ма?

Үлгі: жаны жақсы- адамгершілігі мол, бауырмал, қайырымды, ақылды, еңбекқор.

Етегін баспа-

Жолын қу-

Бетін қақпа-

Белін бу-

Нанға тар-

Өмірдің-

Арқауы-

Ой қозғау. -Екпін дегеніміз не? (сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы)

- Сөз екпіні дегеніміз не?

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтіру.

6-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің ауыспалы мағынасын тура мағынасымен салыстырып көріңдер.

Қай мағынасы көбірек қолданылады? Сөз екпінін дұрыс қойып оқыңдар.

Алтын да күміс балық, күміс қазан, тайдай тулаған, алтындай сары сазандар, алтын бидай, ақ маржандай, найза мұртты.

Шығармашылық жұмыс. «Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау.

Сабықты қорытындылау. -Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?

  • Қандай сөздер әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайды? Мысал келтір.

Үйге тапсырма. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар тауып жазып келу.

Бағалау. Тексерілді:__________ Досманова.И.


© 2010-2022