Оқу үдерісінде өзгеріс не үшін қажет

"Выдержка из материала: Оқу үдерісінде өзгеріс не үшін қажет?Әлем өзгеріп даму үстінде.  Әлемдік кеңістікке ену мен халықаралық деңгейде даму саясаты барысында әртүрлі салада реформалар сөзсіз дамып отырғаны белгілі, әсіресе реформаның бір ұшқыны білім саласында да өзгерістерді талап етіп отыр. Ал, осы «реформа» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, «reformo» латын сөзінен аударғанда «өзгеріс» деген сөзді білдіреді екен.  Канада да оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 3-4 жылдық...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Куанышбаева Айжамал Измагамбетовна

Республика Казахстан, город Кызылорда

Сш № 217 имени Б. Шалгинбаева

Оқу үдерісінде өзгеріс не үшін қажет?


Әлем өзгеріп даму үстінде. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесінде әртүрлі ой-пікірлер тудыратын өзгерістерді қайта қарау қажет екендігін паш етіп отыр. Әлемдік кеңістікке ену мен халықаралық деңгейде даму саясаты барысында әртүрлі салада реформалар сөзсіз дамып отырғаны белгілі, әсіресе реформаның бір ұшқыны білім саласында да өзгерістерді талап етіп отыр. Ал, осы «реформа» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, «reformo» латын сөзінен аударғанда «өзгеріс» деген сөзді білдіреді екен. «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет». Олай болатын болса, білім саласындағы реформа қалай жүргізілуде? Осы бағытта мен алдымен әлем мемлекеттерінің білім беру жүйесіне сипаттама беріп өтсем деймін.

Канада да оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 3-4 жылдық төменгі орта мектептің бір бағытында білімдерін жалғастырады. Төменгі орта мектепте оқушылар 8 сыныптан бастап, оның академиялық, жалпы (коммерциялық), тәжірибелік (кәсіптік) бағыттарының бірінде оқиды. Осы бағыттардың бірі бойынша жоғары орта мектепте де дәріс алатын болады. Бұл бағыттардың оқу жоспарлары бір-бірінен едәуір өзгеше жасалады. Академиялық бағыттың мақсаты оқушыларды университеттерге дайындау. Мұнда оқушыларды жеке бағдарламалар бойынша дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Канаданың жақсы мектептерінде оқушылар ағылшын тілі және математика пәндерінен терең білім алатын болғандықтан, Американың кейбір университеттері оларды бірден екінші курсқа қабылдайды. Байқап отырсам, бұл мемлекеттің ерекшелігі: академиялық, жалпы, тәжірибелік бағытта оқыған оқушылар жоғарғы орта мектепте де осы бағыт бойынша дәріс алып, оларды жоғарғы оқу орнына дайын етіп жібереді. Оқуға түскен оқушы бірден екінші курс студенті болып есептелінеді екен. Ал біздің мемлекетімізде мұндай мүмкіндік жоқ. Неліктен біздер де осы бағытты ерекше, жаңаша білім беру жүйесіне өзгеріс ретінде әкелуге талпынбасқа? Егер де біз шындығында да өзгеруді қаласақ, мақсатқа жету үшін қажырлы еңбек қажет сияқты. Сонда барып әлем өзгеруімен біз де өзгеретінімізге толықтай көзіміз жетеді деп ойлаймын. Тағы бір айта кететіні, бұл елдің бізге ұқсастығы ағылшын тілі, математика пәндеріне ерекше мән беріліп, терең білім алуында екен.

Нидерландыда оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін орта білім алу үшін гимназияда, реал мектепте, лицей немесе басқа да мектептердің түрлі бөлімдерінде оқуларын жалғастырады. Соның ішінде университетке дейін дайындық (6 жыл) және бағдарлы білім (5 жыл) бөлімдерін бітіргендер ғана жоғарғы оқу орындарында емтихансыз түсуге мүмкіндік алады. Бұл бөлімдерде оқитын Голландия оқушылары пәндерді емес, төрт оқу бағытының - табиғат және техника, - табиғат және денсаулық, экономика және қоғам , - мәдениет және қоғам бірін таңдайды. Оқу бағытының мазмұны жалпы білім беретін бағдарлы пәндерді, сонымен бірге оқушылар өздері таңдайтын пәндерді қамтиды. Ал біздің елімізде бұл мәселе қалай шешілген? Менің түсінуімше, бұл мемлекетте баланы мектеп қабырғасынан бастап белгілі бір кәсіпке бейімдеп, дайындап жол көрсетіп береді. Біздің мемлекетімізде мектепте оқып жатырған оқушыны белгілі бір мамандыққа алдын ала дайындамайды, тек болашақта алатын мамандығына байланысты бейімдеп бағыттайды.( Қаз. тарихы әдістемелік журнал,№7,2007)

Онан кейін мені қызықтырып отырғаны Ұлыбритания елінің білім беру жүйесі. Бұл мемлекетте, «білім беру» мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады. Одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білімдерін жалғастыруға болады. 12-13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқушылар ЖОО-на түсе алады. Ұлыбританияда екі негізгі бейіндік бағыт бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі - «академиялық» - таңдаған пәнін тереңдетіп оқу (ол жоғары оқу орнына түсуге жол ашады), екіншісі - «кәсіби» - қолданбалы және кәсіби пәндерді қысқартылған оқу жоспарына сәйкес оқытады.(rusnauka.) Олай болатын болса, Ұлыбританияның сын тұрғысынан ойлап оқытуын өзіме басшылыққа алып жұмыс жасаймын. Білім алушылар сол сыни тұрғысынан ойлап теорияны практикамен ұштастырғаннан, мысалы білім алушы білім ала отырып өндіріске араласа алады. Байқап отырсам, басқа да әлем мемлекеттері саралап оқыту әдісін қолданады екен. Ал біздің елімізде қандай әдістер қолданылуда? Осы арада неліктен біздер де сол елдің әдісін қолданбасқа? Ол үшін бізге көп күш, қажырлы еңбек керек сияқты. Сонда барып әлемнің өзгеруімен біздің де өзгеретініміз хақ. Осындай алға қойған мақсатқа жету жолында, яғни еліміздің білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуде қосар қомақты үлесіміз қандай болмақ? Осы орайда елбасымыздың мұғалімдер үшін атқарып жатқан істері құба- құптарлық. Мысалы, АҚШ, Германия елдерінің мемлекеттік саясатында мұғалімдерді қайта даярлау білімін жетілдіруі аса маңызды орын алады. Осы бірінші деңгей бағдарламасының курсы да мұғалім тәжірибесіне және кәсібилігіне, сабақ беру шеберлігіне, балалардың білімін бақылауына және өздігінен білім алуына жаңа леп әкелді. Осы орайда, менде мынадай сұрақ туындады: Европа елдеріндегі тәжірибені біздің Қазақстан мектептеріне енгізе беруіміз керек пе? Біздің мемлекетіміздің мектептерінің өзгеруіне материалдық жағдайы дайын ба? деген сұрақ туындайды. Неге өзгермеске, бәсекелестікке төтеп бере алатын биік біліміміз бен біліктілігіміз ұлтымыздың мақтанышына айналуы керек. Елбасының: «Біз білім, ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады...» деген ойын айта кеткім келеді. Шетел білім беру жүйелері оқушыларды тәуелсіз ойлай және өз бетінше жұмыс жасай алатындай дағдыландырады. Бұл әлемдегі ең бағалы қасиетті мен де құптаймын. Біздің еліміздің жоғарғы оқу орындарын да, оқу орталарын да практикамен ұштастыратын ғылыми зерттеу лабораториясына неге айналдырмасқа? Бұл енді мемлекетіміздің қадамдап жететін мақсаттарының бірі де бірегейі. Ресей басылымындарының бірінде Қазақстанның білімді жаңғырту ісіндегі табыстары бәсекеге қабілеттілік жолында нағыз серпінділік танытты деп атап көрсетті. Ал біздің еліміз аталған салада Ресейді қоса алғанда ТМД елдерінің арасында көшбасшы атанғаны мені де қуантады. Сондықтан мен де алдағы уақытта мектебіме қалай өзгеріс әкелемін? Біздің мектепте әлі де 12 жылдыққа дайындық жүріп жатыр. Пәндерді таңдау бағыттарына қарай оқытуы да бір өзгеріс түрі екені белгілі. Осыған орай, мектептерде жоғары 10-11cыныптарда әр бала өзінің болашақта таңдаған мамандығы бойынша терең білім алып, қалыптасады. Бізде, мысалы, филолог болып шыққан маман мектептегі физикадан, химиядан алған білімін өмірде толық пайдаланбасы анық. Химиялық элементтер барлық маманға өмірде қажет емес. Біздің білім бір жұмалық, бір айлық, бір жылдық уақытша білімдер болды. Оқытылады, ұмытылады. Яғни білім нәтижеге негізделмеді. Ал шетелде, керісінше. Оқушы бостан- босқа білім алмайтын болды. Мәселен, 7-сынып оқушыларына қандай аквариум сатып алған тиімді екенін анықтау жөнінде тапсырма беріледі. Осы сұраққа жауап беру үшін оқушылар аквариум көлеміне қарай керекті балық санын, олардың тиімді түрлерін, оларға берілетін қорек түрлерін және шамасын, олардың құнын, күтуге кететін шығынды және тағы басқа жағдайларды анықтап, бар шығынды есептей отырып, өз шешімдерін дәлелдеулері керек болады. Міне, осындай қарапайым тапсырманы орындау үшін олар қаншалықты ізденеді. Нәтижеге бағдарланған білім берудің қарапайым бір мысалы- осы. Барлық піндер бойынша оқушылардың білімдеріне сай осындай нақтылы тапсырмалар берілетін болса, онда олар тек қарапайым білім алушы емес, білім беру үдерісіне қатысушы объектіге айналады. Дамыған елдер қазір осындай білім беру жүйесіне көшкен. Ал біз бұрынғы жүйеде қалып қойдық. Сондықтан біздің білім көрсеткіштеріміз төменгі деңгейде болып тұр. Осы орайда мен 12 жылдық білім беру жүйесін қолдаймын. Ондағы біздің мақсатымыз- мектеп оқушысының бойында құзіреттілік қасиеттер қалыптастырып, нәтижеге бағдарланған білім беру болуы керек. 12 жылдық білім беру идеясы дұрыс. Сонымен бірге,
қаламызда Зияткерлік мектебінің ашылуы да бір жаңалық болып жатыр. Министрлік соңғы кезеңдерде «ерте жастан тәрбиелеу жүйесін» енгізгелі жатыр. Бұл да қоғамға енгізіп жатқан бір өзгеріс! Кейбір елдерде балаларды ерте жастан оқыту қарастырылған. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан- жақты дамытуға көңіл бөлінеді. АҚШ- та, Ұлыбританияда, Германияда бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Сондықтан, біз де мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мазмұнын және әдістерін қайта қарауымыз керек. Олар әр баланың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс. Жас ұрпақ біздің еліміздің болашағы. Бірақ біз өсіп келе жатқан ұрпақ болашағы кімде екенін ойлаймыз ба? Бәрі де мұғалімге, оның сабаққа дайындығына, өз жұмысына деген махаббатына байланысты. Мектеп жаңа өмір үшін күресетін азаматтарды даярлауы тиіс. Ертең Қазақстанның арқа сүйейтін азаматтары жас ұрпақ емес пе? Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білім алуы мен тәрбие мәселесі әрқашанда маңызды орын алуы тиіс, себебі, жаңа ұрпақ ортақ Отанымыздың, халқымыздың ертеңгі тағдырын шешеді, еліміздің экономикасын, мәдениетін, тілін, дінін жаңа сатыға көтереді. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін- өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек». Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХI-ші ғасырдың есігінен еркін енетін дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Осы орайда, ХХІ ғасырда нені оқыту керек деген сұрақ қазіргі таңда маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі заман мұғалімі жан- жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға. Кез келген ұстаз үшін өз мамандық аймағы негізгі болып табылады. Қазір әлемдегі ғылыми- техникалық прогресс пен ғылыми жаңалықтар қол жетімді біліммен ақпарат көлемін мейлінше арттырып жіберді. Әр оқушының алдында телегей теңіз ақпарат бар. Олар өмірде бір емес бірнеше мамандықты алмастыруға дайын болуы, үнемі өзін- өзі жетілдіріп отыруға, кәсіптік қызметі үшін қажетті ақпаратты сауатты түрде іздеуге, алуға және өңдей білуге дайын болуы тиіс. Осыған біз де мектепте оқушыларды дайындауға тиістіміз. Сондықтан менің мұғалімдік қызметім сапалық тұрғыда өзгереді. Өзгеріп жатқан өмірде оқушыға не маңызды? Менің ойымша, ең бастысы - баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту, өз ойын шығармашылық түрде, түйінді қылып тұжырымдауы, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуы керек. Қазіргі заманғы мұғалім баланың өз бетінше оқуына қарқынды түрде көмектесетін, оның сабаққа деген қызығушылығын оята алатын адам болуы тиіс. Сонда ғана бала жаңаны тануға талпынып, білімін арттыруға тырысады. Ол балалардың жақсы қасиеттерін аңғарып, әрбір жетістігі үшін марапаттап, жігерлендіріп отыруы тиіс. Сонда талпынысы үшін көзге түскен бала қуанып, келесі жолы тағы өз білімін көрсетуге даяр болады. Алдағы уақыттағы өз тәжірибемде балалардың бойынан осындай өзгерістерді байқағым келеді. Ал баланы өзгертпес бұрын мен өзім өзгеруім керек. Өзгеріс маған не үшін қажет? Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын ақпаратты беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Нағыз мұғалім оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі - ақ, оның кәсіби біліктілігін үздіксіз арттырып отыруына еріксіз жетелейді. Осы орайда айта кетер болсам, мен де мұғалім ретінде осы қоғамның бір бөлшегімін. Менің де адам мен қоғамның өзгеруіне қосар үлесім телегей теңіз. Ал, енді өзгерісті өзімнен бастамасам қоғамды қалай өзгертемін? Менен білім алып, жан-жаққа кетіп жатқан оқушыларым қазіргі қоғамның мүшесі болмай ма? Енді менің алдымдағы маңызды тапсырманың бірі - дамып бара жатқан әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны ғана емес, көшбасшы тұлғаны қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Оқытуды басқару және көшбасшылық саласындағы өзекті өзгерістерге қатысты тарауының мазмұнымен таныса отырып, қазіргі кезде «көшбасшылық» санатының мәні өзгергендігін білдім. Дәстүрлі және инновациялық көзқарастарды ой елегінен өткізе отырып, және де жіктей келе айырмашылықтарын аңғардым. Менің осыған дейінгі түсінуім бойынша, көшбасшы деп ұжымның бірінші басшылары, сондай ақ белгілі бір мәртебесі мен тиісті өкілеттігі бар харизмалы үйірімпаз тұлғалар деп санасам, қазіргі түсінуіме сәйкес көшбасшылық шынайы мәнмәтінмен үйлескен, басқаға «қызмет көрсететін» және ықпал ететін белгілі бір инновациялар мен шешім қабылдауға бастама жасайтын, барынша қолайлы және өзгеріп тұратын оқуды қамтамасыз ететін тұлға екеніне көзім жетті.(МАН,4бет) Алдағы уақытта мен өз- өзіме мынадай сұрақ қояр едім: жоғарыда айтылғандай тұлғалы көшбасшыны біз қалай жасаймыз? Мені мазалайтын сұрақтың бірі де осы болмақ. Сонымен қатар, Нұсқаулықпен таныса отырып көшбасшы біз болуымыз керек екенін де ұғындым. Ол менің өзгеру жолымдағы алғашқы қадамым болмақ. Мектептегі іс тәжірибемді атқару кезінде көшбасшылық жұмыстарымның тигізер пайдасы зор болатынына көз жеткіздім де, енді оны іс жүзіне асыруым қажет екенін түсіндім. Ал ол үшін маған көп еңбек жасауға тура келеді. Менің екінші қадамым неге өзгеруім керектігін анықтау болып табылады. Алдымен өзгеру жолындағы мұғалім қандай болу керек? Осы материалды жазып отырғанымда менің ойыма ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мұғалімге берген әдемі теңеуі есіме түсті. Яғни, ол былай дейді: «Жәй мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады». Мен мұғаліммін! Мен балаларды өз пәніме ғана оқытып қоймай мағлұматты өздігінен табуды, неғұрлым маңыздыларын іріктеп, кей сәтте тіпті қажетсіз ақпараттық ағымдарды сүзгіден өткізіп отыруды үйретуім қажет. Сондықтан мен өзгеруім қажет! Мен өзгерсем оқушыларым да өзгереді. Қазіргі уақытта Кембридж университеті бағдарламасының әдіс- тәсілдерімен сыни тұрғыда біліктілігімді арттырудамын. Білімге сыни тұрғыда қарау, талдау арқылы менің ішкі әлемім өзгеріске ұшырап жатыр. Бірінші күнгі курстағы көзқарасым бүгінгі күні мүлдем өзгерген сияқты. Мен өз пәніме және әдіс- тәсілдерге басқаша көзқараспен қарап, оны іске асыру үшін ұжымымның білім берудегі санасын жақсы жаққа өзгерте отырып, менде көп күш жігер болу керектігін және өзімнің өзгеру қажет екендігін ұғындым. Қазір оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрендім, алдағы уақытта әлі де үйренемін және болашақта әріптестеріме үйрететін боламын дей келе, бірқатар ұсыныс бергім келіп отыр. Олар: -Мектепте әріптестермен бірлесе, ынтымақтаса отырып жұмыс жасау үшін осындай деңгейлеп оқытатын курстан білім алушылардың санын көбейтсе; - Әлем елдерінің тәжірибесі сияқты, оқушыларды кәсіби бейімділікке бағыттау, біздің еліміздің мектептерінде де ерте кезден қолға алынса ; - Мектептерде тереңдетіліп оқытылатын пәндерге ерекше мән беріліп, оның болашақта оқушыларға берер жеңілдіктерін қарастырса; - Өзіңнің кәсіби деңгейіңді тоқтатпау үшін әрқашан әріптестермен желілік қоғамдастықта болу керек.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012.

  2. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал, №7, 2007

  3. rusnauka.

  4. alashainasy.kz.

  5. 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.

6


© 2010-2022