«Қазақ солдаты» 2 курс

«Қазақ солдаты»                                  романындағы Қайрош бейнесі Мақсаты: а) Білімділігі: Шығарма арқылы Қайрош бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. ә) Дамытушылық: Сына тұғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету. б) Тәрбиелігі: Қайрош бейнесі арқылы адамгершілікке, жинақылыққа, отаншылыққа, достыққа қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбейелеу. Әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділ...          Сол кездегі балалар үйі                Қазіргі кездегі балалар үйі 1.     Жоқшылықтан 2.     Соғыстың салдарынан жетім қалғандар 1.     Тәрбиесіздіктен 2.     Ата – ана құқынан айырвлғандардың балалар 3.     Тастанды балалар 4.     Оралда 3 балалар үйі бар   14.           Жетімдіктен, балалар үйінен басталған өмірі, Кеңес одағының батыры, ұстаз деген атаққа дейін көтерілді. Бұл жолда ол көптеген мектептерден өтті. Қандай мектептер? 1.     Адамтану мектебі 2.     Өміртану мектебі 3.     Өсу мектебі 15.           Қайырғали сияқты Батыс Қазақстан Обылысында Кеңес Одағының батыры атағын алған кімдерді айтар едіңіздер? 1.     Есен Орақбаев (Жанғала) 2.     Ахмедияр Құсайынов (Жалпақтал) 3.     Мәншүк Маметова (Орда) 4.     С.Есқалиев (Шыңғырлау) 5.   ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақ солдаты»

романындағы Қайрош бейнесі

Мақсаты:

а) Білімділігі: Шығарма арқылы Қайрош бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.

ә) Дамытушылық: Сына тұғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.

б) Тәрбиелігі: Қайрош бейнесі арқылы адамгершілікке, жинақылыққа, отаншылыққа, достыққа қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбейелеу.

Әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру.

Түрі: Танымды сабақ.

Көнекілігі: Тірек сызбалар, үнтаспа, көрме, компьютер.

Пән аралық байланыс: Тарих, география, информатика.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Батыр боп,

Жаудың бетін қайырып ең,

Ұстаз боп,

Бейбіт күнде жайқалып ең,

Қазақтың тұңғыш туған батыры деп,

Қашанда

Мақтанышпен айтамын мен, - бүгінгі сабақта Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері Қайрош бейнесін, роман - мазмұнына сүйене отырып талдаймыз.

Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен тақырыпты жазып алайық.

Біздер өткен сабақта «Қазақ солдаты» романының шығу тарихымен және мазмұнымен таныстық. Олай болса бәріңізге ортақ сұрақ:

  1. «Қазақ солдаты» романы алғашқыда неге «Қазақ батыры» деп аталды?

Бұл туралы өз ойдарыңыз қалай?

  1. Майталман жазушы, сөз заңгері Ғ.Мүсіреповтің қазақ әдебиетін өрнектеуге сіңірген еңбегі үшін алған өандай атақ дәрежелері бар?

  2. «Қазақ солдаты» романы жазғандағы жетістігі қандай?

  3. «Қазақ солдаты» романы ұлттық әдебиетімізде көп тараған және шет елге ауларылған шығармашылардың бірі дейміз. Роман қай тілдерде аударылған?

  4. Көркем әдебиетте Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған тағы кімдердің шығармаларын білесіз?

  5. «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері өмірде болған адам, ол туралы қандай өмірлік деректемелер келтіруге болады? (Компьютерге назар аударайық)

  6. «Қазақ солдаты» романы кімнің атынан баяндалады?

  7. Шығарма қалай басталады, автордың идьясы, мақсаты қандай?

  8. Қайырғалиды қалаға итермелеген не нәрсе, бұл оның қандай қасиеттерін көрсетеді?

  9. Қайырғалидың бойында қандай қасиеттер бар?

  10. Қандай жек көретін қасиеттері бар?

  11. Кітаптан үзінді оқиық «Қайырғалидың ана алдындағы ішкі сезімі қалай суреттеледі».

  12. Қайырғалидың романда өсу және есею көрсеткәшә назар аударайық.

Қандай матылардан өткен кім түсіндіреді.

Жетім балалар үйі

Сол кездегі балалар үйі

Қазіргі кездегі балалар үйі

  1. Жоқшылықтан

  2. Соғыстың салдарынан жетім қалғандар

  1. Тәрбиесіздіктен

  2. Ата - ана құқынан айырвлғандардың балалар

  3. Тастанды балалар

  4. Оралда 3 балалар үйі бар



  1. Жетімдіктен, балалар үйінен басталған өмірі, Кеңес одағының батыры, ұстаз деген атаққа дейін көтерілді. Бұл жолда ол көптеген мектептерден өтті. Қандай мектептер?

  1. Адамтану мектебі

  2. Өміртану мектебі

  3. Өсу мектебі

  1. Қайырғали сияқты Батыс Қазақстан Обылысында Кеңес Одағының батыры атағын алған кімдерді айтар едіңіздер?

  1. Есен Орақбаев (Жанғала)

  2. Ахмедияр Құсайынов (Жалпақтал)

  3. Мәншүк Маметова (Орда)

  4. С.Есқалиев (Шыңғырлау)

  5. Ә.Молдағұлова (Ақтөбе)

  6. Г.Науман (Орал)

  7. Т.Трасенко (Терект)

  8. М.Абдолов (Бітік)

  9. Е.Нетқалиев (Жәнібек)

«Біз соғысты көрген жоөпыз» тақырыбында ой толғау жазып келу үйге берілген болатын, кім оқиды?

Бекіту сұрақтары:

  1. «Қазақ солдаты» романының өзіндік ерекшелігі қандай?

  2. Шығарма кейіпкерлері сізге қалай әсер етті, қай кейіпкер ұнады?

  3. Қайырғалидың бойындағы қандай қасиеттері ұнады?

Үйге тапсырма: «Қайрош» образын жинақтап, «Ерлік мәңгі жасады» тақырыбына ой - толғау жазу.


© 2010-2022