Самоанализ открытого урока в 10 классе

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 сыныпта өткізілген АӘД пәні бойынша

сабаққа өзіндік талдау.


Мектеп: «Ново-Тимофеевка орта мектебі»КММ

Мұғалім: Калиев Толеген Жайлауович

Күні: 23.12.2015 ж

Сынып:10а

Оқушы саны: 6

Сабаққа қатысқаны: 6

Пән: АӘД

Тақырыбы: Автоматтың жалпы құрылысы мен атқаратын міндеттері. Автоматты жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау

Сабақтың тақырыбы. Берілген сабақтың тақырыбының бөлім, курс ішіндегі алатын орны ерекше. «Атыс дайындығы» тарауында бұл тақырып тараудың негізгі сабағы деп санаймын, өйткені қару-жарақтың құрылысының негізгі білімін береді. Бұл сабақта Калашников автоматының міндеті, құрылысы, ұрыстық қасиеттері толық емес бөлшектеу мен жинастырудың реті түсіндіріліп, меңгерілді, сабақта оқытудың ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдана отырып, көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым.

II.Сабақ кезінде нақты іске асырылатын әрекеттер. Сабақты бастамас бұрын Ұйымдастыру кезеңіне назар аудардым: сыныпты сапқа тұрғызып, рапорт қабылдап, саптық бұрылыс элементтерін қайталадық. Бұл шаралар оқушыларды әскери тәртіпті сақтауға тартады. Оқушылардың сабаққа жалпы және психологиялық дайындығын және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарды таныстырдым, бүгінгі сабақтың өту барысымен таныстырдым.

III.Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік, т.б, мақсаттары.

Cабақ барысында оқушыларды автоматтың құрылысымен, автоматты бөлшектеп және жинақтау ретімен таныстырдым және ойлау қабілеттері мен логикалық-абстракциясын дамытуға көңіл бөлдім. Сабақтың таңдап алынған құрылымы көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдалана отырып сабақтың мақсат, міндеттерімен сәйкестендірдім. Осы мақсат-міндеттердің орындалуы барысында оқушылардың сезім мүшелері арқылы қабылдауы жоғары болды, әсіресе көру каналының маңызы ерекше болды және компьютерлік технология үйлесімді пайдаланылды.

IV.Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:

1.Сабақтың түрі. Сабақта жаңа тақырыпты меңгерту түрін пайдаландым. Сабақта жаңа тақырыпты меңгерту түрі бойынша оқушыларға өзіндік тапсырмалар мен оларды орындауға нұсқаулар бердім. Мұнда теориялық білім практикамен ұштастырылды.

2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақтың жаңа тақырыпты меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Сабаққа дайындаған құралдарды тиімді пайдаландым және сабақта білім беруді ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым. Оқушыларға автоматты бөлшектеп, жинақтау әрекеттердің орындалуын сипаттайтын алгоритмді иллюстрация түрде көрсетіп, оқушыларға жеке жаттығулар бердім. Оқушылар өз беттерімен компьютерде берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындады.

3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті, сұрақ-жауап әдісін, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, интерактивті әдісті пайдаландым. Үй жұмысын тексеруде «Кубизм әдісі», практикалық кезеңде әскери шен бойынша берілген деңгейлік тапсырмалар ұтымды пайдаланылды деп ойлаймын. Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны - проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым.

Сабақ беру әдіс-тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды (интерактивті тақта, компьютерлер, электрондық оқулықтар) тиімді пайдаландым.

4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды, кітаптағы материалдарды және компьютердегі материалдарды өз жаттығуларында дұрыс қолдана білді. Сабақ барысында оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып тәжірибе жүзінде шешті. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ жақсы деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.
5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі. Оқушыларға үйге тапсырманы сыныпта орындалған жұмыстарына байланысты қайталау, дамыту мақсатында бердім. Үй тапсырмасында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына да мән бердім.

V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Таңдалып алынған көрнекілік құралдар проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді. Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді нақтылай түсуім қажет.

© 2010-2022