Поурочный план по казахскому языку 3 класс на тему Светофор

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бағдаршам № 102. 3 тоқсан № 38.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеуді жалғастыру. Оқушыларға сапалы білім беруді жалғастыру.

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа, қонақта тәртіп сақтауға баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, суреттер, тақта, кітап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындау: *1-тапсырма, 111-бет.Мәтінді оқы.

Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы - үлкен қала. Көшелері кең. Қалада алаңдар, ескерткіштер, кинотеатрлар, саябақтар бар. Біз қаламызды жақсы көреміз.

5. Жаңа сабақ: Бағдаршам.

6. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздер:

Қала, үлкен, көше.

Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.

2-тапсырма, 111-бет.Сөздерді орыс тіліне аударыңдар.

Алаң, ескерткіш, көше, саябақ, тұрамыз, бар, көреміз, оқимыз, жазамыз.

3-тапсырма, 111-бет. Жазбаша орындап, орыс тіліне ауызша аудар.

Керекті сөздер: бар, қала, кең, таза, әдемі.

Алматы - үлкен .... . Қалада көшелер, мектептер, алаңдар, театрлар .... . Қаланың көшелері ..., .., . Алматы - ... қала.

4-тапсырма, 111-бет. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Жұмбақ.

Қызылы тұр дейді,

Сарысы күт дейді,

Жасылы жүр дейді.

Ол не? /бағдаршам/.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

8. Сабақты қорытындылау:

5-тапсырма, 111-бет. Көмекші есімдерден сөз тіркесін құра.

Үстінде, ішінде, жанында, алдында, артында, астында.

Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 112-бет. Жұмбақты оқып, шешуін тап және жаттап ал.

Жұмбақ.

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасаң,

Үш түсті нұр шашады. /бағдаршам/.

Оқушылардың білімін бағалау.

































© 2010-2022